Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі



бет61/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

V. Ақпараттық-дидактикалық бірлестігі.


1-жұмыс. Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау


Жұмыстың мақсаты: Негізгі алмасуды оксиспирография әдісімен анықтау.
Жұмысқа қажетті заттар: оксиспирограф, резеңке стерилді еріндік, спирт, мақта.
Оксиспирограф – адам денесінде газ алмасуын зерттеуге, яғни белгілі бір мерзім ішінде сіңірілген оттегі мөлшерін анықтауға арналған аспап. Ол тұйық тыныс жүйесінен, яғни оттегіге толған резеңке сильфоннан, көмір қышқыл газын құрғақ сіңіргіш және клапанды қораптан тұрады. Аспаптағы ауа өкпеге, өкпеден (аспапқа) қайтып оралған кезде оттегі азаяды да, оның мөлшері теңестірілген сильфонға әсер етеді. Дем шығарған кезде ауа көмір қышқылды газ сіңіргіштен сильфонға оралады. Біртіндеп оттегі азаюына байланысты сильфонның қақпағы жылжып төмен түседі де, осы сәтте таспаның қаламына тиіп, оны жылжытады. Таспа минутына 50 мм жылжиды.
Жұмысты орындау: Зерттелуші адам еріндікті аузына салып мұрынын қысқышпен қысады. Демін ішіне тартады да кранды "аспап" деген қалыпқа қояды, сөйтіп өзін-өзі тұйық тыныс жүйесіне қосады. Нәтижесі таспа қағазында қисық сызық - оксиспирограмма жазыла бастайды. Бұл қисық негізгі алмасуды есептеу үшін қажет болып табылады.


Оксиспирограмманы талдау және негізгі алмасу деңгейін шығару
Хаттамаға негізгі алмасуды есептеп шығару үшін зерттеу барысында барометрлік ауа қысымы мен газ қоспасының температурасы белгіленеді.
Оксиспирограмманың еңісі бойынша 1 минуттағы оттегіні қолдану мөлшері анықталады. Бір литр оттегі жұмсалса, сильфонның қақпағы 25 мм төмендейді, демек спирограммада әрбір 5 мм 200 мл оттегіне тең, 15 секундта таспа 10 мм жылжиды. Түзету коэффициентін пайдалана отырып, (6 кесте) жұмсалған оттегі мөлшері қалыпты жағдайға көтеріледі (Т – 0о, Р – 760 мм сынап бағанасы бойынша).
Адам әртүрлі тағамдар қоспасымен тамақтанса, тыныс коэффициенті 0,85-ке тең болады. Сонда 1 л оттегінің жылу эквиваленті 4,863 ккал-ға тең. Мынадай пропорция құрылады:
1000 мл О2 – 4,863 ккал
Y О2 – X ккал, мұнда
Y О2 – оттегінің табылған көлемі
X = 4,863 * YО
1000
- бұл минутына жұмсалған қуат (энергия) алмасуы. Демек тәулік ішіндегі негізгі зат алмасуы (жұмсалған қуат) = Х * 1440 мин. тең болады.
Спирограмманың айқын жазылған жері екі жағынан тік сызықтармен қоршалады. Екі тік сызық арасындағы спирограмма бөлігі диагоналынан қарағанда тік бұрышты үшбұрыш құрады. Осындай үш бұрыш құру үшін екінші тік сызықтың бойынан спирограмма бөлігінің ең төменгі нүктесі белгіленеді де, бірінші тік сызыққа қарай перпендикуляр тартылады. Тік бұрышты үшбұрыштың кіші катетінің (АО) биіктігі (h) – мм-мен өлшенеді де, денеге сіңген (жұмсалған) оттегінің мөлшері есептеп шығарылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет