Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары



бет59/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

Ас қорыту физиологиясы тақырыбы бойынша тест сұрақтары
1. Адамның ас қорыту жүйесінің функцияларын зерттеудегі қолданылатын әдістер мен олардың қызметін зерттейтін тәсілдер арасындағы сәйкестікті табыңыз
А. Сілекей бездерінің сөлін жинау
Б. Қарын сөлін алу
В. Қарынның биопотенциалдарын тіркеу

  1. электрогастрография

  2. зонд жұту арқылы

  3. Лешли-Красногорский капсуласы арқылы

2. Ас қорытуға қатысатын ағзалар мен олардың қызметін тексеруге арналған фистулалық операциялардың арасындағы сәйкестікті табыңыз


А. Сілекей бездері.
Б. Қарын сөлін жинау.
В. Аш ішек қызметі.

  1. Жалған тамақтандыру тәжірибесі.

  2. Тири-Велла фистуласы.

  3. Өзегін сыртқа шығару.

  4. Экка-Павлов фистуласы.

3. Ас қорыту сөлдері құрамындағы ферменттер мен олардың әсерінен қоректік заттардың арасындағы сәйкестікті анықтаңыз


А. Амилаза.
Б. Пепсин.
В.Липаза.

  1. Майлар.

  2. Көмірсулар.

  3. Сахароза.

  4. Белоктар.

4. Сілекей бездерінің эфференттік жүйкелері мен олардың тітіркенуінен бөлінетін сілекей құрамы арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.


А. Симпатикалық жүйке.
Б. Парасимпатикалық жүйке.

  1. Көп мөлшерде, құрамында органикалық заттары аз, бейорганикалық заттары көп, сұйық сілекей.

  2. Аз мөлшерде, құрамында органикалық заттары көп, қою сілекей.

  3. Көп мөлшерде, құрамында органикалық заттары көп, қою сілекей.

  4. Аз мөлшерде, құрамында бейорганикалық заттары көп сілекей.

5. Қарын бездері клеткаларының түрлері мен олардан бөлінетін заттардың арасындағы сәйкестігін анықтаңыз


А. Негізгі.
Б. Париеталды.
В. Қосымша.

  1. Шырышты зат (муцин).

  2. HCl.

  3. Пепсиноген.

  4. Фосфолипидтер.

6. Ас қорыту бездерінен тамақтың түріне, иісіне сөл шығару кезеңі:



  1. Шартсыз рефлекстік кезең.

  2. Ішек кезеңі.

  3. Гуморалдық кезең.

  4. Шартты рефлекстік.

  5. Нейрогуморалдық.

7. Сілекей құрамындағы крахмалдың ыдырауын бастайтын фермент:



  1. Пепсин.

  2. Гастриксин.

  3. альфа Амилаза.

  4. Трипсин.

  5. Химотрипсин.

8. Қарын сөлі құрамындағы пепсин "А" ферменті қызметінің оптималды рН-ы:



  1. 1,5-2,0

  2. 3,8-5,5

  3. 6,0-7,5

  4. 7,5-8,4

  5. 8,5-9,0

9. Жүйкелік әсерлерден бөлінетін қарын сөлінің кезеңі:



  1. Гуморалдық.

  2. Қарын кезеңі.

  3. Ішек кезеңі.

  4. Шартты рефлектік кезең.

  5. Химиялық кезең.

10. Сілекей құрамына кіретін заттар мен олардың атқаратын функциялары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:
А. Лизоцим.
Б. Амилаза.
В. Кининдер.

  1. Қан ұюына қатысады.

  2. Көмірсуларды гидролиздейді.

  3. Қорғаныс-бактериоцидтік әсер көрсетеді.

  4. Белокты қорытады.

11. Көмірсуларды ыдырататын аш ішек сөлінде ғана кездесетін фермент:



  1. РНК-аза.

  2. Муцин.

  3. Лизоцим.

  4. Сахароза.

  5. Энтерокиназа.

12. Ішек қимылын күшейтетін гуморалдық химиялық зат:



  1. Адреналин.

  2. Ацетилхолин.

  3. Гамма-амин май қышқылы.

  4. Гастриксин.

  5. Пепсин.

13. Ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттердің түрлері мен олардың он екі елі ішекте әсер ететін заттардың арасындағы сәйкестікті табыңыз.


А. Амилаза.
Б. Липаза.
В. Трипсин.
Г. Энтерокиназа.

  1. Белоктарға.

  2. Көмірсуларға.

  3. Өтке.

  4. Майларға.

  5. Трипсиногенге.

14. Ұйқы безі сөліндегі трипсинногенді активті трипсин түріне айналдыратын фермент:



  1. + энтерокиназа

  2. фосфатаза

C.амилаза
D.липаза
E.фосфолипаза

15. Ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормондар:



  1. адреналин, серотонин

  2. соматостатин, паратгормон

  3. + секретин, холецистокинин-панкреозимин

  4. глюкагон, кальцитонин

  5. ҚСТП, ТРТП

16. Өт түзілетін ағза:



  1. ащы ішек

  2. он екі елі ішек

  3. + бауыр

  4. қарын

  5. ұйқы безі

17. Тоқ ішекте клетчатканы ыдыратады:



  1. липаза

  2. пептидаза

  3. нуклеаза

  4. сахараза

  5. + микроорганизмдердің ферменттері

18. Эмульсияланған майлар ненің әсерінен жүреді:



  1. липаза

  2. амилаза

  3. трипсин

  4. +өт қышқылдары

  5. фосфолипаза

19. Өттің маңызы:



  1. ұйқы безі сөлінің сөлінуінің бөлінуіне ықпалын тигізеді

  2. қарын сөлі бөлінуін реттейді

  3. + майларды эмулсиялайды

  4. белоктарды ісіндіреді

  5. көмірсулардың сіңіруіне қатысады

20. Сiлекейдiң бактерицидтi қасиетi байланысты:

  1. муцинге;

  2. суға;

  3. амилазаға;

  4. + лизоцимға;

  5. мальтазаға;

21. Ас қорыту жүйесінің эндокриндік қызметі мына гормондардың бөлінуіне байланысты:



  1. Кортикостерон.

  2. Либериндер.

  3. Трииодтиронин.

  4. Простагландиндер.

  5. + Гастроинтестиналдық гармондар.

22. Биологиялық мембраналардың заттарды бір бағытта өтуін анықтайтын тәсіл:



  1. + Вертгеймер тәжірибесі

  2. «жалған тамақтандыру» тәжірибесі

  3. Гейденгайн әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы

  4. Павлов әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы

  5. Экка-Павлов фистула тәжірибесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет