Жұмысқа қажетті заттар: Қоректік заттардың химиялық құрамы мен олардың қуаттылығы көрсетілген кесте.
Жұмыстың орындалуы. Тағам рационын құру алдында, тағам рационы анықталатын адамның қандай кәсіптік топқа жататынын және осы топтың физиологиялық тамақтану нормалары мен энергетикалық шығынын анықтау қажет.
Дәптерге кестені мына үлгіде сызады: 1-ас мәзірі, 2-тағамның аттары, 3-грамм бойынша тағамның мөлшері, 4-тағамның құрамы, 5-қуаттылығы.
Алынған көрсеткіштерді қалыпты жағдайдағы нормалармен салыстыру;
Қажет жағдайда түзетулер енгізу.
Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері. 7 жасқа дейінгі бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына түсетін негзгі энергия алмасуының көрсеткіштері. Балалардың негізгі энергия алмасу ерекшеліктері:
Жоғары қарқынды түрде өтуі - бала организмінде өтетін энергия шығыны ересек адаммен салыстырғанда басқа жолдарға жұмсалады. Негізгі энергияның 15%-ы баланың өсу үрдістері мен органикалық және бейорганикалық заттардың қорын жинауға жұмсалады.
Баланың бұлшық етінің жұмысына бөлінетін энергия шығыны ересек адамдікінен аз болады.
Бала мен ересек адамның дене салмағы мен дене бетінің ауданына шаққанда энергия шығыны әртүрлі болады: ересек адамда тәуліктік энергия шығыны 23-24 ккал/кг және 900 ккал/м2; ал жаңа туған нәрестеде бұл көрсеткіштер 42 ккал/кг және 600-700 ккал/м2. 1 ж. балада энергия шығыны 56-60 ккал/кг. Осы көрсеткіштер жаңа туған нәресте мен 1 жастағы баланың энергия шығынының қарқынды өсуін көрсетеді, ересек адамдікінен екі есе көп болады. 2,5-3 жастан кейін энергия алмасуы біртіндеп төмендейді. 12-14 жаста 32 ккал жетеді.
3 кесте
Бала мен ересек адамның 1 кг дене салмағына келетін негізгі энергия алмасу көрсеткіштері (Ю.С. Вельтшев, 1979 ж.)
Алмасу үрдістерінің жоғары қарқынды өту себебінен, бала организміне тұрақты және жеткілікті жоғары деңгейде энергиялық және қоректік заттар үнемі тағам құрамында түсіп тұруы керек.
1 жасқа дейінгі балалар мен ересек адамның зат алмасуының ерекшеліктері. Балаларда белок синтезі жоғары, сондықтан азоттық баланс оң болады. Балаларда энергиялық пластикалық заттардың мөлшері жеткілікті болуы керек, олар тамақпен түседі. Балалардың дені сау болуының басты негізі -тамақтанудың тиімді болуы. Тиімді теңестірілген тамақтану балалардың денсаулығын сақтаумен қатар организмнің өсуін, дамуын қамтамасыз етеді. Жас балалардың тамақтануында белок-май-көмірсу қатынасы 1:1:3, оқушыларда (жоғарғы сыныптағы) 1:1:4 болуы керек. Қоректік заттардың ішінде жануар текті өнімдер жеткілікті болуы тиіс. Ересек адамдарда белок-май-көмірсу қатынасы 1:1:4.