Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


ЖҚЗ оптикалық-электрондық әдістері



бет36/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75

34. ЖҚЗ оптикалық-электрондық әдістері


ЖҚЗ оптикалық-электрондық әдісінің маңыздылығы сәулелену энергиясын қамтуда және оптикалық жүйе мен түсірілетін беттіктің бейнесін құруда және оны электромагниттік ауытқулардың ультракүлгін, көрінетін, жақын инфрақызыл (ИҚ), жылу инфрақұрылым спектрлеріне сезімтал сәулеленудің электрондық қабылдағыштары арқылы тіркеуде.
Зондтау оптикалық сигналды қабылдауға, оны электр сигналына айналдыруға және сигналда кездесетін сәулелену көздері туралы ақпаратты өңдеуге арналған оптикалық, электрондық, механикалық және басқа да элементтер мен тораптардың жиынтығы түсінілетін арнайы оптикалық-электрондық жүйемен (камерамен, аспаптармен) жүргізіледі.
Өте көп жағдайларда, оптикалық-электрондық зондтау пассивті әдіске жатады және түсіріс объектісінде сәулеленетін немесе шағылыстыратын сигналды қабылдап, тіркейді.
Оптикалық-электрондық зондтаудың белсенді әдістеріне оптика электрондық жүйелермен (ОЭЖ) жүргізілетін түсірістерге жатады, оларда зондтайтын сигналдың сапасы ретінде лазерлік сәуле (оптикалық локатор – лидар) қолданылады.
ЖҚЗ оптика-электрондық әдісінің бірқатар артықшылықтары бар, олар шешілетін табиғи ресурстық міндеттер санын күрт кеңейтуді қамтамасыз етті және ЖӨЗ-ның осы әдісіне басты жағдайға орналасуына мүмкіндік берді. Оларға мыналар жатады:
1. Ультракүлгіннен бастап жылулық ИҚ дейінгі түсірістер спектрін кеңейту;
2. Нақты уақыт режимінде зондтау нәтижелерін оларды радиоарналар бойынша жердегі қабылдау станцияларына беру арқылы алу;
3. Цифрлық нысанда ақпаратты, жазбаларды беру және қабылдау станцияларының жету шегінен тыс орналасқан аумақтарда түсіріс кезінде оны магниттік-оптикалық құралдарда жинақтау, артынша оларды радиоарналар бойынша беру мүмкіндігі;
4. Цифрлық нысанда алынған қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерін өңдеу мен тапсырудың компьютерлік технологиясын пайдалану мүмкіндігі;
5. Әртүрлі айналымдағы бір учаскені қайта бақылау мүмкіндігі;
6. ЖЖС қызметінің ұзақ мерзімі.
ЖҚЗ пассивті әдістеріне тән негізгі кемшілік ауа-райы жағдайларына тәуелділік болып табылады. Сәулелену қабылдағыштарын салқындатуды қамтамасыз ету, механикалық қорғалу, түсіру ауқымының қабілетін арттыру, стереобейнелеуді алу бойынша техникалық проблемаларға байланысты кемшіліктер ЖҚЗ ОЭЖ дамуының қазіргі кезеңінде табысты шешілуде, бұл оларды зондтаудың басқа құралдарының арасында келешегіне жол ашады.
ОЭЖ жүктеу бірқатар белгілер бойынша жүргізіледі. Осындай белгілердің бірі спектрдің жұмыс диапазоны болып табылады. Осы белгісі бойынша ОЭЖ ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін болып бөлінеді.
ОЭЖ функционалдық мақсаты бойынша зерттелетін объктілердің жарық құрылымы туралы ақпаратты жинауға, өңдеу мен шығаруға арналған ақпараттық; сәулеленетін объектілердің жекелеген параметрлері мен сипаттамаларын өлшеуге арналған өлшегіш; сәулеленудің қандай-да бір параметрлерін автоматты бақылауға арналған қадағалаушы болып бөлінеді.
ЖҚЗ қолданылу саласында ОЭЖ метеорологиялық, океанографиялық, картографиялық және т.б. болып жіктеледі.
ОЭЖ жіктелетін және әдетте аспап атауында кездесетін негізгі белгі, бұл олардың жұмысының физикалық принципі, яғни табиғи объектілердің оптикалық сәулеленуінің өлшенетін немесе бақыланатын параметрлері мен сипаттамалары бойынша жіктеу. Осы белгісі бойынша ОЭЖ үш топқа жіктеледі:
а) радиометрлер, объектілер жасайтын немесе шағылысатын сәулелену санының берілген дәлдігімен өлшеу үшін қызмет етеді;
б) спектрорадиометрлер, оптикалық спектр бойынша (толқын ұзындығы, жиілігі бойынша) сәулеленудің таралуын өлшейтін, яғни спектрде зерттелетін оптикалық сәулеленудің шашырауын, осы спектрді жекелеген монохроматикалық құрайтындарға тиесілі сәулеленудің сапалық бағалануын жүзеге асыратын аспаптар;
в) тепловизиялық және телевизиялық ОЭЖ, температуралық және жарықтық алаңдарды мөлшерлеуге арналған.
Сонымен қатар ОЭЖ қолданылатын сәулелену қабылдағыштарының түрі бойынша жіктеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет