Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы



бет88/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   354
1917 ж. «Алаш» партиясының қызметі

Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған А.п-ның өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экон., саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті. «Алаш идея¬сы» – қа¬зақтың мемлекеттік, елдің ұлт¬тық идеясы. Өйткені Алаш — халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.

Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.

Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия¬лы¬лар¬дың Алаш атауын таңдауы да жай¬дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма¬ғы¬мыз¬дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай¬да болуымен тұңғыш ұлт¬тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор¬ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.

Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Алаш қозғалысының, Алашорда жетек¬шілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Рес¬публикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қа¬луында Алаш қайраткерлерінің орасан зор ең¬бе¬гі бар. Олардың кеңес үкіметінің басшы¬ларымен келіссөздері, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлы¬ның осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлт¬тық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идея¬сын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсы¬лар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі да¬ла ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасыр¬дың ба¬сындағы қазақ қоғамында зиялы қа¬у¬ым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» дейді.

Қазақтың елдігі мен тұтас¬ты¬ғын аңсаған Алаш қайрат¬кер¬лерінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Олардың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де жасампаз ниет¬тері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қорыта келгенде, Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш- Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет