Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар жар 
ау» (жар жар). Өмірде қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде 
қалыңдыққа  сәукеле  кигізудің  орны  бір  бөлек.  Себебі  сәукеле  әйел 
киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі 
кезінің естен кетпес ыстық  сәті.  Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және  ақ 
босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса 
келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда құдағилар 
шақырылады.  Шашу  шашылады.  Ақ  бата  арналады.  Сәукеле 
байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да 
базарлы  көрінеді.  Оны  жұрттың  бәрі  көруге  ынтық.  Оның  көрімдігі  де 
соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық, көңілді 
күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді. 
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле келіншек киімі. Ол бас киім ғана 
емес  қазақ  сән  салтанатының,  салт  дәстүрінің  мәдениеі  мен  шеберліктің 
озық  үлгісі,  өнер  туындысы.  «Алтынмен  апталып,  күміспен  күптеліп» 
дегендей,  ол  інжу  маржан,  гауһар,  лағыл,  жақұт  сияқты  асыл  тастар 
тізбегімен  әрленіп,  әшекейленеді.  Негізі  мақпал,  барқыт  сияқты  қымбат 
маталардан  тігіліп,  бұлғын,  құндыз  терілерімен  жиектеліп,  оқамен 
оюланып,  түрлі  түсті  моншақтармен  шашақталып,  көркем  жіптермен 
кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, 
күміс  теңгелермен  безендіріледі,  төбесіне  үкі  тағылады.  Көрсе  көздің 
жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен 
құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы 
жартысында  өмір  сүрген  Кіші  жүздің  Байсақал  атты  байының  қызының 
сәукелесін  Кенесары  ханның  ағасы  Саржан  төре  бес  жүз  байталға 
бағалаған. 
Салауат  айту.  Ол  –  Аллаһты,  пайғамбарды  мадақтап  айтылатын 
дұға. Оны намаздың соңында зор ынта-ықыласпен оқиды. 
Сауға сұрау. Бұрындары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге 
бұйырылғанында  өте  беделді  кісілер  барып  оның  жазасын  жеңілдетуді, 
кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың 


өтінішін орындаған. Мұны сауға сұрау деп атайды. Сауғаға жазасы сұрап 
алынған  адам  да  жолынан  жығылмай  құн,  шығын  төлеген,  екі  жақты 
бітістіруге күш салған. 
Сауын  айту.  Бір  ауылда,  елде  үлкен  ас,  үлкен  той  болатын  болса, 
алдын-ала  (бірнеше  ай,  бір  жыл  бұрын)  жан-жаққа  хабар  жіберіліп, 
адамдарды соған шақырады. Бұл сауын айту. Яғни, әр жүз, әр ру мұндай 
асқа қымызын, малын ала келіп, батыр, балуан, ақын, әнші, күйшілерімен 
өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың, тойдың жақсы өтуіне 
жан-жақты  қолдау  көрсетеді.  Жиынға  қымыз  әкелгендердің  ыдысына 
сойылған  малдың  жіліктерін  салып  жібереді.  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай 
жолы»  кітабында:  «Мырза  өз  әкесі  Өсекеңе  ас  берем  деп,  Көкшетауға 
сауын айтып, елді жиды ғой» деген сөздер бар. 
Сүйінші  сұрау.  Өте  қуанышты  хабарды  жеткізуші  адам  ол  үйге 
«Сүйінші,  сүйінші!»,  -  деп  кіреді.  Бұл  сөз  тосынан  естілсе  де  үй 
ішіндегілерді  шошындырмай,  қайта  қуантады.  Сол  кезде  үй  иесі: 
«Қалағаныңызды  алыңыз»  дейді  немесе  ол  риза  болатындай  бір  жақсы 
сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ. 
Сүйек жаңғырту. Бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан 
қыз  алысып,  қыз  берісіп  құдалықты  одан  әрі  жалғастырса,  оны  сүйек 
жаңғырту  дейді.  Бұл  салт  қыз  бен  жігіттің  келісімімен  қазір  де  жасалып 
жүр. 
Сыйыну (діни ұғым). «Сүйендім абақтының шарбағына, сыйындым 
атам Қазыбек аруағына». Әруаққа, тәңірге, пірге және басқа күш пен сенім 
иесіне сыйыну түркі халықтарының ежелгі дәстүрі. Мұнда ер адам жауға 
шапқанда, қиын сапар жолында, дертке ұшырағанда, жараланғанда немесе 
жайшылық,  тыныш  өмірде  де  үлкен  күшке  сыйына  береді.  Әсіресе, 
палуандар,  мергендер  мен  аңшылар,  қарт  адамдар,  тағы  басқа  әр  іске 
талапкерлердің көбінесе аруаққа сыйынатын әдеттері бар. 
Малдың  да,  жанның  да  сыйынатын  пірлері  бар.  Мысалы,  аурулар 
дерт иесі Лұқпанға, әйелдер Бибі Фатима анасына, жас батырлар Қабанбай, 
Бөгенбай  аруағына  сыйынады.  Малшылар  төрт  түлік  пірлері  жылқыда  – 
Қамбар атаға, түйеде – Ойсыл қараға, сиырда – Зеңгі бабаға, қойда – шопан 
ата,  ешкіде  –  Шекшек  атаға  сыйынып,  жұмысына  кіріседі.  Сыйыну 
адамның сенім күшін, іске қабілетін арттыратын құпия құбылыс. Әулие  - 
әнбиеге  сыйынғанда  оның  басына  түнеп,  мал  сойып  денсаулық,  бала 
тілейтін әдет бар. 
Қазақтың қасиетті жерінде Қожа Ахмет Иассауи, баба түкті шашты 
Әзиз,  Бекет  ата,  Райымбек  батыр,  Марал  ишан,  Оспан  қожа,  Жанқожа 
батыр  сияқты  аруақты,  киелі  әулиелердің  орындары  көп.  Міне,  осы 
кісілерге  сыйыну,  басына  тәу  етуден  біздің  абыройымыз  арта  түспесе 


кемімейді.  Мұны  жас  ұрпақтар  жадына  да  енгізуге  ата  –  ана,  ұстаздар, 
тәрбиешілер міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет