Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Шаңырақ  көтеру  (салт).  Жас  отаудың  алғаш  рет  шаңырағын 
көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны қазақ салт 
дәстүрін  жетік  білетін  белгілі  этнограф  жазушы  Ахмет  Жүнісұлы  былай 
деп жазған: «....қазақта отаудың шаңырағын албаты адам көтермейді. Бұған 
баласы көп, кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы 
жер  болып,  отау  өте  үлкен  болса  кәрі  күйеу  шаңырақты  аттың  үстінде 
тұрып  көтереді.  Бұл  еңбегіне  ол  не  ат  мінеді,  не  түйе  жетектейді.  Бұған 
малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін»). 
Әдетте киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың 
шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде үлкен мән, ырым бар. Өйткені  «жасы 
үлкен  күйеу»  қашанда  елге  сыйлы  және  тілектес  адам.  Және  күйеу 
қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан 
әлі  айрылған  жоқ.  Кәрі  күйеу  келсе,  ауылдың  үлкен  кішісі,  еркек  әйелі 


онымен бір қағыспай, қажаспай қалмайды.  Оның шаңырақ көтеруінде де 
осындай терең сыйластық бар. 
Шілдехана  өткеннен  кейін  баланың  әке-шешесі  бесік  тойын 
жасайды.  Ағаштан  жасалған  бесікті  баланың  нағашылары  немесе  жасы 
үлкен  қадірлі  аналардың  бірі  әкеліп,  сыйға  береді.  Ең  алдымен  бесікке 
салушы  әйел  бесіктің  өзін  жын-шайтандарды  қуу  үшін,  түрлі  иістерден 
арылту  үшін  отпен  аластап  шығады.  Содан  кейін  көрпешелер  мен 
жастықшаларды  баптап  салады.  Баланы  жатқызып,  бөлейді.  Қолбау, 
белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып 
бесіктің үстіне  алдымен көрпе  жабады.  Бала  халықшыл болсын деп  тон, 
шапан жабады,ат жалын тартып мінсін  деп қамшы  іледі,көз  тимесін деп 
тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. 
Тойбастар.  Үйлену  тойында  тойбастарды  халық  көп  жиналған 
жерде  жолы  бойынша  белгілі  бір  рудың  немесе  атаның  ақыны  айтады. 
Тойбастар айтуға ие болу – ақын үшін үлкен құрмет. Әдетте, той бастаған 
ақынға  келіннің  ата-анасы  өздерінің  байлығы  мен  даңқына  сай  және 
жырдың  мазмұнына  байланысты  ат,  жібек  шапан  немесе  ақшалай  сый 
береді. 
Үйлену,  той  жырларының  келесі  түрі  –  беташар.  Ұзатылған  беті 
жабулы қыз күйеу жігіттің үйіне келгеннен кейін той үстінде беті ашылады, 
келін  жиналғандармен,  жиналғандар  келінмен  арнайы  өлең  арқылы 
таныстырылады.  Бұл  жырларда  негізінен  келінге  қатысты  әдептілік 
ережелері  және  қайын  атаға,  қайын  енеге,  күйеу  жігіттің  өзге  де 
туыстарына мінездеме (кейде күлдіру үшін, әзіл-қалжыңға сүйей) беріледі. 
Қоштасу  жырлары  ата-анадан,  достарынан,  сүйгенінен,  қоғамдық 
мәні  бар  құрметті  адамдарынан,  ата  жұртынан,  туған-туысынан,  сүйікті 
малынан,  тіпті  қадірлі  затынан  айырылып,  жоғалтқанда  жырланалы. 
Қоштасу өлеңдерін тудыруға себепші болатын мынадай жағдайлар: болмай 
қоймайтын  өлім,  ұзатылған  қыздың  айырылысуы,  басқа  ру,  басқа  жерге 
кету, жер аударылу, ұзаққа сапар шегу (қажыға бару, оқуға кету, т.б.) ата 
қонысты ауыстыру. 
Ау  жар  (салт,  айтыс).  Ұзатылып  бара  жатқан  қыздың  «сыңсуы», 
«қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, туған ел 
жұрттан бөліну, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де 
тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай 
білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, 
қимастық  сәтінің  де  белгісі.  Дегенмен  қыз  ауылының  қыздары  мен 
жігіттерінің  де  қимастық  көңілдері  де  көрінбей  қалмайды.  Олар  «жар 
жардан» кейін де өлең жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау жарды» 
тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт 
жолында  жақсы  ниет  көрінеді.  Оның  сөзі  де,  әні  де  көркем,  ойнақы 


айтылады. Ол біресе «ау жар», біресе «ай ау», біресе, «бике ау», біресе «үкі 
ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар: 
Буынғаным беліме кісен бе еді, ау жар ау, 
Бекем бусам белімнен түсер ме еді, ау жар ау, 
Әкең барып шешеңді ап келмесе, ау жар ау, 
Мұндай азап басыңа түсер ме еді, ау жар ау! 
Мінген де атың боз ғана, бике ау, 
Күйеуің сенің боз бала, бике ау. 
Өксігің сенің басылмас, бике ау, 
Әлдилеп бала сүйгенше, бике ау. 
Мінген де атым жиренше, үкі ау, 
Тықыршып тұрар мінгенше, үкі ау, 
Қыз көңілі басылмас, үкі ау, 
Әлдилеп бөпе сүйгенше, үкі ау! 
Кеттің, кеттің деуші едің, кеттім, апа ай ау, 
Ерттеп қойған атыңа жеттім, апа ай ау, 
Шымылдығын желпе сал, көрсін апам, ай ау, 
Көзінің жасын қойнына, төксін апам, ай ау! 
Бұл  жырдың  бәрінде  де  әдеп,  өнеге,  тәлім  тәрбие,  халықтық  салт 
сана мектебінің тамаша үлгісі жатыр. 
Сыңсу  (салт).  «Халқымызда  тұрмыс  салт  жырларының  ең  көп 
тарағандарының  бірі  сыңсу».  Ұзатылған  қыз  өз  босағасынан  аттанр 
алдында  ағайын  туғандарын  аралайды.  Былайша  айтқанда  қоштасады 
(Бірақ  бұл  дәстүрлі  қоштасу  емес).  Жеңгесін  ертіп  ағайындарын  аралап 
жүрген  қыз  жәй  жүрмейді.  Ол  өзінің  балалық  дәуренінің,  оң  жақта 
бұлғақтап  өскен  бақытты  күндерінің  өткендігін,  аяулы  ата  анасының, 
туысқандарының  өзін  мәпелеп  өсірудегі  еңбегін  өлеңмен  айта  жүріп 
өксиді. Ондай өлең жырды сыңсу дейді. 
Базардан келген құйысқан 
Тарамай шашым ұйысқан. 
Келіп кетіп жүріңдер, 
Сағындырмай туысқан - деп өзінің өтінішін де айта жүреді. 
Қыздың сыңсуы жарасымды әрі тәрбиелік мәні бар салтанатты салт. 
Бұл  адамгершілік,  әдептілік  жағынан  алғанда  да  өте  орынды  дәстүр. 
Өйткені балалық күндерден ағайын ортасынан бөлініп кету оңай іс емес. 
Ал  қазақтың  қазіргі  қыздары  бұл  дәстүрдің  алтын  арқауын  үзді  десе  де 
болады. Өйткені ауыл, үй аралап сыңсу, жылау түгілі, оң жақтан аттанарда 
күліп,  қуанып  жүргендерін  де  көз  көрді.  Бұл  ұлттық  тәрбие  мен  ұлттық 
мәдениеттің ұмытылғандығынан деп танимыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет