Жоғары оқу орнында ұлттық тәрбие беру негіздері



Pdf көрінісі
бет39/70
Дата07.01.2022
өлшемі2,3 Mb.
#19752
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

Шешендік – қазақ сөз өнері салаларының халықтық көркемдік ойлау 
денгейін танытатын байырғы үлгілерінің бірі. Қазақ халқының қалыптасуы 
мен дамуы кезеңдерінде тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастардың аса 
маңызды мәселелерін, жеке адамдар мен халықтың тағдырын шешетін сын 
сәттерінде би-шешендердің шешімдері негізгі ықпалды құқықтық, тәлім - 
тәрбиелік қызмет атқарған. 
Би-шешендердің  қызметі  қазақ  халқының  барлық  әлеуметтік 
топтарының  адамгершілік-имандылық  мінез-құлық  дағдыларының  ата-
бабалық қалыптасқан жүйемен жүріп отыруын қадағалаған, елді басқарып 
отырған хандарды да,  қол бастаған батырларды да,  мыңғырған малы  бар 
байларды да, дәулеті жоқ кедей шаруаларды да, ел ісіне араласа бастаған 
бозбалаларды  да  –  барлық  жастағы  адамдарды  халықтық  адамгершілік 
ұлағатымен 
тәрбиелеген. 
Қазіргі 
заманғы 
ғылыми-зерттеулер 
нәтижелеріне  негізделген  анықтамалар  бойынша  би-шешендердің 
әлеуметтік қызмет салалары сан алуан дәстүрлерді қамтыған. 
Шешендердің  сөздерін  «Шешен  сөз»  деп  атап,  онда  айтушы 
мақсатының  түсіндірілетінін,  пікіріне  нандыратынын,  сендіретінін, 
ұйытатынын,  бұйытатынын,  иман  келтіретінін  бағалайды.  Шешен 
сөздердің бес түрі жүйеленген: 
а) мемлекет ісіне … сөйлегенде саясат шен сөзі; 
б) сот билігіне әсер ету үшін айтқан билік шешен сөзі; 
в)  біреудің … еңбегін,  қызметін  қошеметтеп сөйлеген … қошемет 
шешен сөз; 
г)  білімділердің,  ғалымдардың  пән  мазмұнды  сөйлегені  –  білімір 
шешен сөзі; 
ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар, … молдалар сөзі – уағыз. 
Қазақ  би-шешендерінің  елді  басқарушылығы,  қазылық-төрешілік 
батагөйлігі,  халықтарды  біріктіруші-бітімгершілігі,  т.б.  сан  салалы 
әлеуметтік  қызметі  арқылы  сөз  өнерінің  мемлекеттік  қолданысы 
қалыптасқан. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебеде  қолданылуының  Қазақ 
хандығы дәуіріндегі нығаюы да осы би-шешендер қызметінің мемлекеттік-
құқықтық мәртебеде қолданылуымен, әсіресе, Әз-Тәуке ханның тұсындағы 
би-шешендерге  мемлекеттік  билік  берген  тұста  айрықша  нығайды.  Би-
шешендердің  сөздері  –  халықтық  тәлім-тәрбие  құралы.  Қазақ  халқының 
отбасылық ортасынан бастап, ауыл-аймақпен, байтақ атамекендегі ағайын-
туыстармен, көпшілікпен қарым-қатынас жасау мәдениетінің адамгершілік 
асыл қасиеттер аясында  қалыптасуында би-шешендер сөздерінің ықпалы 
зор  болды.  Ата-ананы,  аға-ініні,  бірге  туысқан  үлкенді-кішілі  қыздарды, 
жеңгені, келінді, нағашыны, жиенді, қайын жұртты, көршіні, ауылы аралас 


ағайынды,  қандас  халықтарды,  бүкіл  адамзатты  –  бәрін  де  құрметтеу 
мәселелері би-шешендер сөздерінде қамтылған. 
Мәдениет, өнер, этнология. Мәдениет - адамдардың өмірі мен іс-әрекетін 
ұйымдастыру  тәсілімен,  сондай-ақ  олардың  материалдық  және  рухани 
байлықгы  жасауынан  көрінетін  қоғам  мен  адамның  белгілі  тарихи  даму 
дәрежесі.  Анықтама мазмұнына қарағанда мәдениет  -  халқымыздың даму 
тарихымен  байланысты  мағынасы  кең  ұғым.  Ол  -  халықтың  бүкіл  өмірін 
қамтитын тұтас құбылыс. Мәдениет тұтас орта, белгілі кеңістікте орналасқан 
қарапайым  адамдарды  ұлт  етіп  қалыптастырады.  Ұлттық  тәрбие  берудің 
мазмұнында қолданылатын ұлттық деректер көзі этнологияны құрайды. 
Қазақ  кеңес  энциклопедиясында:  этнология  -  қазіргі  халықтарды 
және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық 
құрылымын,  қонысын,  олардың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  бәріне  бірдей 
ортақ  жайларды,  тарихи  және  мәдени  қарым-қатынастарын,  күнделікті 
тұрмысын,  кәсібін,  қоғамдық  және  отбасылық  қарым-қатынастарын, 
рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді [277]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет