Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Бокстың физиологиялык сипаттамасы



бет39/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Бокстың физиологиялык сипаттамасы.
Боксшының қимыл белсенділігі ауыспалы қуатты, шапшандықты-күшті, динамикалық жұмысқа жатады. Боксшының қимылы ациклді және қарсыласының қимыл қозғалысына байланысты. Жоғары жүйке жүйесінің түрі бойынша боксшы көбіне холерик болып келеді. Жүйке процестері жоғары қозғалмалы болады және мұнда экстраполяцияның маңызы жоғары болады. Жоғары дәрежелі спортшының көп соққыға ұшырайтын дене бөлімлерінің ауырсыну және жанасу сезімталдығы төмендейді. Жоғары нәтижеге жету проприорецепторлардан және көз рецепторларынан келіп түсетін ақпараттың маңызы үлкен. Сондай-ақ, қимылды дұрыс орындау үшін тепе-теңдік аппаратының маңызы үлкен. Жекпе-жек кезінде боксшының тыныс алуы терең болады, бірақ соққы берген мезетте тыныс шығару кідірісі байқалады. Боксшыларда ӨТС орта есеппен 4500-5000 мл болады. Тыныс алудың минуттық көлемі ойын кезінде 80- 100 д/мин-ке жетеді де, оттектік борыш қалыптасады. ОМҚ орташа есеппен 4,1 л/мин (немесе 60 мл/мин). Ауыр салмақты боксшыларда ОМҚ 6,5 л/мин-ке жетеді . 3 раунд ішінде 200-250 ккал қуат жұмсалады. Бір тәулікте жұмсалатын қуаттың мөлшері салмақтық категорияға байланысты 3700- 6000 ккал аралығында болады. Жүректің көлемі 950см3 (615-1440 см3), ойын кезінде ЖСЖ жұмыстың қарқынына байланысты болады да,l80-200 соғу/мин-ка жетеді, ал тыныштық күйде 55-60 соғу/мин (брадикардия) болады. Ойын кезінде қан жүйесінде лейкоцитоз байқалады. Ойыннан кейін сүт қышқылының мөлшері артып, қанның рН реакциясы төмендеп, қышқылды жаққа ығысады.
Күрестің физиологиялық сипаттамасы
Күресшінің қимылдары ауыспалы қуатты болады. Динамикалық, шапшаңдықты-күшті жұмыс өзіндік-күшті және статиклық жұмыспен алмасып отырады. Күресте ең алдымен күш, одан соң шапшаңдық, арнайы төзімділік және ептілік қажет.
Бұл спорт түрінің ерекшелігі - спортшының қимыл әрекеті кезекті талас-тартыс, шиеленіс жағдайында өтеді. Кеңістікті бағдарланудың өзі өзгеріп отырады. Тактикалық жағдайлар нақты болмайды. Уақыт және кеністік бойынша шектеу болады, осындай жағдайда спортшы өзінің бар мүмкіндігін жүзеге асыруы қажет. Сондықтан, бұл кездегі бұлшық ет жұмысының қарқыны, күші, жиырылу ұзақтығы өзгеріп отырады. Күрестің әр түрінде бұлшық еттердің динамикалық және статикалық жұмыстарының арасындағы ара қатынас әрқалай болады. Проприорецепторлардың маңызы үлкен, жоғары дәрежелі күресшілерде олар тірек-қимыл аппаратың барлық бөлімдерінде жақсы жетілген болады. Күресшілердің бұлшық еттері көпшілік жағдайда гипертрофияға ұшырайды және көбіне анаэробты жағдайда жұмыс атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет