Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы



бет40/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46
Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы
Семсерлесу шапшаңдықпен, қысқа уақытта орындалатын ациклді ауыспалы қуатты жаттығулардан тұрады. Спортшының қимыл-қозғалысы қарсыласына тәуелді болғандықтан қимылдар ситуациялы сипатты болады. Спортшыға шапшандық және күрделі қимыл бағдары қажет. Соның нәтижесінде нақтылы шаншу жүзеге асады, бұл үшін жүйке процестерінің қозғалмалылығы жоғары болуы қажет. Көру талдағыштарына көп ауыртпалық түседі. Көру арқылы келіп түскен ақпарат тез талдануы керек.
Спортшының бұлшық еттері негізінен динамикалық жұмыс орындайды, бірақ арасында тұлга, аяқ-қол бұлшық еттері көпшілік жағдай да статикалық күштенуге мәжбүр болады. Бұлшық еттер көбіне анаэробты жағдайда жұмыс атқарады.
Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы
Ауыр атлетика ациклді сипатты, стереотипті өзіндік-күшті жаттығуларға жатады. Бұл кезде бұлшық еттердің изометрлік жиырылуы байқалады. Күштің өте жоғары деңгейде айқындалуы бірнеше секундтердің ішінде жүзеге асады. Олай болса, өзіндік-күшті жаттығулардың орындалуы кезінде спорттық нәтиже салмақтың артуы есебінен жүзеге асады. Бұл кезде удеу өзгермейді, ал шапшаңдықты-күшті жаттығуларды орындау кезінде керісінше нәтиже үдеудің есебінен жүзеге асады. Олай болса, ауыр атлетикада қимылдар атап айтқанда жұлқи тарту арқылы орындалатын өзіндік-күшті қимылдар болып табылады. Спортшының дәрежесі тұлганың жазылу күйімен, иықтың, қол қарының балтыр және сан бұлшық еттерінің қызметі арқылы жүзеге асады. Бұл спортта апаның барлық жүйелері жетіледі, әсіресе бұлшық еттер жүйесі жетіледі. Штангінің салмағы штангішінің салмағына байланысты, сондықтан бұл спортта салмақтық дәреже есепке алынады.
Студенттердің сабаққа дайындалу бойынша ұсыныс
Студент практикалық сабаққа дайын болуы қажет. Практикалық сабаққа лекция конспектісімен, оқулықпен және оқу құралымен дайындалуы қажет.
Практикалық сабақта жекпе-жек спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасын білуі қажет.
Үй тапсырмасын практикалық сабақтың тақырыбына сай орындалу керек. Әрбір практикалық сабақтың үй тапсырмасын келесі сабақта оқытушыға тапсыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет