Эмпирикалық білім, табиғаттағы, қоғамдағы табиғи процестерді бақылау барысында арнайы ғылымдарда жазылған сезімдік және эксперименттік тәжірибе негізінде қалыптасқан білім.
Теориялық білімсубъектінің ұғымдар, белгілер, формулалар арқылы объектіден қашықтауының нәтижесінде қалыптасады, тек қана тәжірибеде емес білімнің өзін де ұғынып, мағына береді. Теориялық білім ғылымды ғана дамытпай, сонымен қатар идеологияны, философияны, әлеуметтік және діни ілімдерді дамытуға шешуші ықпалын тигізеді.
Экзотериялық білім— мистика туралы білімді кенейтетін ерекше нұсқа. Арнайы білімді қажет етпей барлығына арналған.
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі. Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; – мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай – ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; – мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады.
Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы жүйеге бөлінеді: – ғылыми, тиімділігі жоғары, теориялық сана; – әдеттегі, жүйесіз, қас-қағым сәттік сана, онда көңіл-күй сәттерінің, нанымның ролі орасан зор.
Мәдениет жеке-дара емес. Ол әрқашанда басқа мәдениеттер мен байланыса отырып тіршілік етеді. Әрі соның нәтижесінде жетістіктерге де жетеді. Осы орайда Э.Гуссерльдің “Философия және еуропалық адамзаттың дағдарысындағы” мынандай жолдары еске түседі. “Мәдениеттің мазмұны адамзат өмір сүруінің бірлескен тәжірибесімен анықталады”. Расында, мәдениет дегеніміз адаммен қатарласа өмір сүру мүмкішілігінің табиғи тәсілі. Әрбір мәдениет басқа мәдениет тәжірибесін өзіне пара-пар, лайықты деп қана қарастырмай, өзіндік болмысты кеңейту, ұлғайту мүмкіншілігі деп теқарастырғаны жөн. Мәдениеттер сұхбаты мәдениеттерді байытады, өйткені “Басқа-менің шегім емес, менің басқа мүмкішілігім” мұндай қоғамда қағида болмасын, мәдени-әлеуметтік өзімшілдікке жол бермейді. Олай болатын болса, бүгінгі таңда өркениет аралық, халықаралық, ұлтаралық және т.б. шиеленістерді тежеудің бірден-бір пәрменді құралы мәдениеттер сұхбаты болып отыр. Мәдениет шынайы адамдық құбылыс, адам бар да мәдениет бар. Адам о, баста өз-өзімен ғана шектеле алмайды, қашанда өзінің нақты болмасынан құбылысының мәнін ашуға көмектеседі. Ал мәдениеттің мәні оның болмыстық сұхбаттылығында, әмбебаптылығында. “Мәдениет жеке адам ретінде тұлғаландырылғанда, ал мәдениеттер қарым-қатынасы жеке тұлғалар қарым-қатынасы ретінде қарасытырылғанда ғана мәдениет шынайы мәдениет болып есептеледі.
Мәдениет ұғымын теориялық жағынан зерттеген ғалымдар көп. Солардың бірі, Э.Б. Тайлор:мәдениет пен өркениет бір, олар синанимдер деген.
О.Шенглер, Л. Уайт, : өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кірілік шағы, руханилықтың антиподы деген.
А. Тойнби, С. Хантингтон:өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі.
К. Леви-Стросс: мәдениет –болашаққа бой сермейтін прогрес, қоғамның парасаттылық деңгейі.
Л. Гумилев, П. Сорокин:мәдениет – тағылық пен варварлықтан жоғарғы деңгей.