Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
кесіріңнен айналамдағы адамдарға сенуден қалдым! Үнемі бір кілтипан 
іздеймін де тұрамын. Достарым да жоқ. 
Сенің кесіріңнен өз-өзіме ашуланамын, жиі өкінемін. Өзімді жайбарақат 
сезіне алмаймын. Сенің орынсыз килігуіңнен адамдармен жиі дауласамын. 
Мен сені жек көремін. Сенен арылғым келеді. Айналамнан жамандықты 
емес, жақсылықты көргім келеді, сенуді үйренгім келеді. 
Себебі мен өмір бойы күмәнмен өмір сүргім келмейді. Шынымды айтсам, 
сенсіз өмір сүрудің қандай екенін білмеймін. Мен еркіндік сезімін әлдеқашан 
ұмытып кеткенмін. Саған кәдімгідей тәуелдімін. 
Қысқасы, қымбатты менің күмәнім, енді мен сенен арыламын. Сенен 
қорықпайтын боламын. Қалағаныңды жаса, бірақ біздің жолымыз енді екіге 
айырылады. 
Сау бол!
«Менің ашуым» 
Менің бір жаман қасиетім бар. Тез ашуланамын. Сол ашуымның 
кесірінен көп адамның көңіліне тиемін. Үнемі ашуым ақылымнан бұрын 
жетеді. Тежей алмай қаламын. Ашу үстінде ауыр сөздер айтып, 
жақындарымның жүрегін жаралаймын. Ашуым тез келеді де, не істеп, не 
қойғанымды білмей қаламын. Бойымды кернеген ашуды шығару үшін 
айналамдағы заттарды лақтырып, қиратуым да мүмкін. Бірақ тез қайтамын. 
Сосын өкінемін. Өзімнің бұл жағымсыз эмоциямды басқарып үйренгім келеді. 
Себебі оның кесірі өзімнен бұрын өзгелерге көбірек тиюде. 
Осы хатты жазып отырып, бірінші рет неге ашуланатынымды 
ойланып отырмын. Көбінесе, қалағаным болмаған жағдайда және 
сабырсыздығымнан ашуланады екенмін. Тағы бір себебі – сын айтылғанда. 


135 
Мен сын көтере алмайды екенмін. Маған біреу сын айтса, бірден ашуланып 
шығамын. 
Орынсыз ашудың жаман екенін түсінемін. Соның кесірінен 
жақындарыммен ара-қатынасым қиындай түседі. Себебі олардың мені 
ашуландырудан қорқып, көп нәрселерді айтпай, жасырып қалатынын біліп 
жүрмін.
Бұдан былай қатты ашуланбауға немесе ашуымды алдымен басуға 
үйренгім келеді. Өйткені соның кесірінен айналамдағы адамдарға қолайсыздық 
тудырып, зиян шектіріп жүрмін. Алдымен мәселенің мән-жайын ұғынып, 
сабырлылық танытуға үйренгім келеді. 
Хаттар осындай түрлі сезімдер мен эмоцияларға және, көбінесе, ата-
аналарына бағытталған. Студенттер хат жазу барысында эмотивті лексиканы 
орынды пайдаланған. 
Эксперименттің нәтижелері 17-кесте мен 12-суретте берілді. 
 
Кесте 17 – Оқытудың жаттығу деңгейін қамтитын рефлексивті хат 
экспериментінің нәтижелері 
 
Деңгейлік 
көрсеткіштер 
1-топ 
2-топ 
100% 
22 адам 
100% 
20 адам 
Жоғары
73 
16 
61 
12 
Орта 
18 

25 

Төмен


14 

 
Сурет 12 – Оқытудың жаттығу деңгейін қамтитын рефлексивті хат 
экспериментінің көрсеткіштері 
1-топ
2-топ
Барлығы
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
Төмен
Орта
Жоғары
1-топ
2-топ
Барлығы


136 
Эксперимент соңында мынадай тұжырымдар жасалды: 
– рефлексия тәжірибе негізінде үйренуді мақсат ететін таным үдерісі 
ретінде анықталады; 
– рефлексия бастапқы және алынған білім арасында жаңа қатынастар 
құруға көмектеседі әрі оқу тиімділігін арттырады; 
– рефлексивті хат – білім алушылардың өз сезімдері мен эмоциялары 
туралы ойланып, жеке рефлексиясын қосып, шынайы немесе қиялындағы 
көріністі, оқиғаны, қарым-қатынасты, форманы, т.б. суреттеуге арналған 
ұтымды әдіс; 
– рефлексивті хат эксперименті білім алушылардың сабақ беру кезінде 
немесе өмірде кездесетін түрлі жағдайларға эмоционалды реакциясы туралы 
көбірек білуге, оқиғалардың туу себебін табуға және бақылау аясында зерттеуге 
үйретеді; 
– рефлекстивті хат – білім алушыларды эмоцияларын атауға, сипаттауға 
және білдіруге дағдыландыратын тиімді әдіс; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет