Орталық Азия елдерінен келген шетелдік студент-түлектерге Қытайдағы білімнің әсері туралы сапалы зерттеу Қытай «Бір белдеу, бір жол» бағдары бойынша елдерге әртүрлі шәкіртақы бағдарламаларын
ұсынады. Осыған байланысты Орталық Азия, сондай-ақ басқа да дамыған елдерден Қытайда
білім алуға ниет білдіргендер саны жылдан-жылға артуда. Орталық Азия елдерінің жас
мамандарын дайындаудың мұндай қарқыны Қытайда мынадай сұрақ туғызады: Қытай ЖОО-да
оқу кезінде жинақталған тәжірибе Орталық Азия елдері түлектерінің өмірі мен қызметіне қалай
әсер етеді? Біздің зерттеудің мақсаты қытайлық жоғары мектептің Орталық Азия елдерінің жас
мамандарын даярлаудағы рөлін танып-білуге әсерін тигізеді.
Аталған жұмыста сұраққа жауап алу үшін сапалы зерттеу негізгі әдіс ретінде қолданылды.
Онлайн тәртібінде сұхбат алу әдісі пайдаланылды. Осы зерттеуге Орталық Азия елдерінен 16
түлек қатысты, атап айтқанда, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан. Зерттеудің талдау кезеңінде
Страусс Корбиннің негізделген теория әдісі (Grounded theory) қолданылды. Зерттеу нәтижесінде
Қытайдағы жоғары оқу орындарында білім алған Орталық Азия елдері түлектерінің өмірі мен
қызметіне әсер еткенін көрсететін төрт бағыт анықталды: (1) Мәдениетаралық ықпалдастық; (2)
Халықаралық ортада өзін-өзі тану және өзін-өзі қалыптастыру; (3) Тілдік мүмкіндіктер: қытай
тілімен бірге басқа тілдерді оқып үйренуде тілдік деректердің артуы; (4) Жұмысқа орналасуға
ықпалы. Орталық Азия елдерінің түлектеріне Қытай білімінің ықпалы – бұл халықаралық ортада
немесе бизнесте жұмысқа тұруға аса жақсы мүмкіндік. Басқа жағынан алғанда, кросс-мәдени
ынтымақтастық тәжірибесі бар интеграцияланған көшбасшыларды дайындауға көмектеседі.
Зерттеу Гуандун провинциясының халықаралық жас талантты постдокторлық бағдарламасы мен
Гуанчжоу университетінің білім беру институтының қолдауымен жүзеге асырылды.
Түйін сөздер: Қытайдағы білім, түлектер, Орталық Азия елдері, халықаралық білім, ықпал.