ISSN 2520-2634, eISSN 2520-2650 Педагогикалық ғылымдар сериясы. №4 (69) 2021 https://bulletin-pedagogic-sc.kaznu.kz
© 2021 Al-Farabi
Kazakh National University
72
ҒТАМР 14.25.09 https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.07
Б.Б. Динаева
1
*
, И.У. Сагиндиков
2
, Г.Ж. Убайдуллаева
2
1
Astana
IT University, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
2
Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
*e-mail: dbb-31.05.kz@inbox.ru
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН
КВАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ
Ғылыми мақалада авторлар тәуелсіз мемлекетіміздің бәсекеге
қабілетті білімді ұрпағына
сапалы білім берудің бірден-бір айқын жолын анықтауды мақсат ете отырып, қазіргі педагогика-
ның квалиметрия бағытындағы жаңа ойларын ортаға салады. Мақаланың педагогикалық
квалиметрия мәселелеріне арналуы оның ғылыми маңыздылығын, білім
алушылардың қазақ тілін
меңгеру деңгейін жіктеу тәсілі арқылы бағалау өлшемшарттарын анықтауға арналуы практикалық
маңыздылығын аңдатады. Квалиметрия ұғымының пайда болуынан бастап педагогика саласында
қолданылуы, педагогикалық квалиметрия ғылымының дамып қалыптасуы, басқа ғылым
салаларымен
байланысы, құрамдас бөліктері туралы баяндайды. Орта білім жүйесінде қазақ
тілін білу, меңгеру, қолдану деңгейін анықтайтын, жетілдірілген тәсілдер мен әдістер бойынша
дайындалған шынайы бағалап сертификаттау жүйесі осыған дейін болмағанына тоқтала келіп,
еліміздің педагогика және филология ғылымында алғаш әзірленген
бағалаудың квалиметриялық
өлшемшарттарын ұсынады. Тілді меңгеру деңгейін бағалаудың халықаралық стандарттарға
сәйкес оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша бағалауда міндетті түрде
көңіл бөлінуі тиіс өлшемшарттар жіктеледі және айтылым әрекетін «сөйлесім әрекеті» деп
атау себебі дәйектеледі. Өндірісте нәтижелі жетістіктерге әкелген сапа сертификатының
халықаралық әдістерін білім сапасын бағалауға қолдану арқылы педагогика саласына тың
талдаулар ұсынады. Тұлғаның тілді меңгеру деңгейін анықтауда
оқытылатын тілдің өзіндік
ерекшеліктері ескеріледі. Авторлар мақалада тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін бағалау
үшін қазақ тілінің табиғатын жіті назарда ұстап, бағалау критерийлерін анықтауы ғылымға қосқан
құнды үлес болып табылады.
Түйін сөздер:
педагогикалық квалиметрия, коммуникативтік құзыреттілік, дағды, бағалау,
өлшемшарт.
B.B. Dinayeva
1
*, I.U. Sagindikov
2
, G.Zh. Ubaydullayeva
2
1
Astana IT University, Kazakhstan,
Nur-Sultan
2
National Academy of Education named after Y. Altynsarin, Kazakhstan, Nur-Sultan
*e-mail: dbb-31.05.kz@inbox.ru
Достарыңызбен бөлісу: