Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет83/181
Дата21.10.2023
өлшемі3,54 Mb.
#120331
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   181
Байланысты:
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

5-сурет – 
Сөйлесім әрекеті


80
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
Сөйлесім фонологиямен тығыз байланысты. 
Фонология дыбысты зерттейтін болғандықтан, 
дауысты (жуан-жіңішке; ашық-қысаң; еріндік-
езулік), дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді) дыбыс 
түрлерін және интонацияны (екпін, кідіріс, ырғақ, 
тембр, рифма) қамтиды. Сөйлеу әрекеті кезінде 
осы тілдік бірліктерді нормаға сай қолданудың 
айтайын деген ойды жеткізуге тікелей қатысты 
өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілі сөздерінің 
айтылуы мен жазылуы әр уақытта бірдей бола 
бермейді. Сөздердің айтылуы мен жазылуында 
бірлестік болуы мүмкін де емес. Осымен бай
-
ланысты сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі 
бірдей бола бермейді, яғни сөз қалай таңбаланса, 
сол таңбаларды ғана сақтап айту әрдайым шарт 
та емес, мүмкін де емес. Сол себепті жоғарыдағы 
кестедегі таңба (Т) әрі қарай декомпозициялан
-
байды. Керісінше, жазылым әрекетін баяндаған 
кезде таңбаға (Т) тереңірек тоқталамыз. 
Сөйлесімге берілген анықтамаларға шолу 
жасай отырып, СӨЙЛЕСІМНІҢ функционалдық 
қызметін толық ашпайтынын байқап, 
«Сөйлеу 
мәнері»
деген сөз тіркесін арнайы қолданамыз, 
себебі сөйлеу мәнері:
1) дыбысты айту мәнері;
2) сөзді айту мәнері;
3) сөз тіркесін айту мәнері;
4) сөйлемді айту мәнері
деп бөлінеді. 
Сөйлеуші өзінің айтайын деген ойына 
қатысты аталған тілдік бірліктердің әрқайсысын 
лингвистикалық ережелерге сай қолданады. 
Бұл туралы тілші ғалым Р. Сыздықтың түйген 
ойының қай-қайсысы болсын, тіл үйренушіге де, 
үйретушіге де пайдалы. «Тілдік нормалар оның 
барлық қатпарында, сөздік саласында (лексика
-
сында), грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, 
стильдік көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. 
Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде 
де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету 
барысында да орын алуы қажет. Сондықтан 
ана тіліміздің жазба түрімен қатар ауызша 
түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі 
заңды» (Сыздық, 2014: 8) [20] Сондықтан сөйлеу 
мәнерінің өзін әрі қарай төмендегі кестедегідей 
декомпозициялап көрсете аламыз. Бұл сөйлеу 
мәнерін бағалаудың өлшемі, яғни оқушының 
сөйлеу мәнерін осы көрсетілген өлшемдер 
арқылы бағалаймыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет