58
Байқаймыз, сөз тудыру немесе сөзжасам проблемасынан гөрі
жеке сөз табын жасау, яғни грамматикалық топтар тудыру проблемасы
болып, соның негізінде лексика-семантикалық сипаттан гөрі, яғни
тілдің лексикалық байлығын арттырып, сөздік құрамын жаңа
туындылармен толтыратын тілдік процесс, семантикалық құбылыс деп
танудан гөрі, грамматикалық сипат алып, грамматикалық топтарды (сөз
таптарын) байытып, қатарын көбейтетін грамматикалық құбылыстың
шеңберінде қалып отыр.
Соның нәтижесінде оқулықтар мен ғылыми грамматикаларда да,
тіпті арнайы зерттеулерде де, әсіресе, қосымшалар арқылы
(синтетикалық тәсілмен) сөз жасау амалы жекелеген сөз табының
құрамында ғана, яғни сөзжасам грамматикалық топ жасау, сөз
таптарын жасау, сөйтіп, лексика-семантикалық құбылыс емес,
грамматикалық, немесе грамматика-семантикалық құбылыс ретінде
қаралып келді. Тіпті қосымшалардың өзі мектеп оқулықтарында да,
ғылыми еңбектерде де сөз табына және оның түріне қарай жіктеліп
отырады. Мысалы, есім сөздерден зат есім тудыратын жұрнақтар
немесе зат есімнен (сын есімнен, сан есімнен т.б.) зат есім тудыратын
жұрнақтар, етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар, сондай-ақ есім
сөздерден сын есім (үстеу) тудыратын немесе етістіктен сын есім
(үстеу) тудыратын жұрнақтар және есім сөздерден (зат есім, сын есім,
т.б.) етістік тудыратын жұрнақтар т.т. [1, 203].
Қорыта айтқанда, сөзжасам дербес ғылым. Оның мақсат-міндеті
бөлек, жеке зерттеу объектісі бар, тілдің өзгеше қабаты болғандықтан,
оның тілдің негізгі бір саласы ретіне қарастырылуы – заңдылық [1,
201].
Сөйтіп, сөзжасам – қазақ тіл білімінің жеке ғылым саласы ретінде
дамып келеді, бірақ, өкінішке орай, терминологиялық ақпараты,
сөзжасам тәсілдері әлі толық зерттелінбеген.
Достарыңызбен бөлісу: