ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы), БАҚ (Бұқаралық ақпарат
құралдары), АҚШ (Америка құрама штаттары), БҰҰ (Біріккен ұлттар
ұйымы) т.б.
2.
Буындық я бөлімдік қысқарымдардан жасалған зат есімдер.
Қалатком, кеңшар (кеңестік, шаруашылық), Оноком т.б.
3.
Дыбыстық, әріптік және буындық қысқарымдардан
жасалған зат ісімдер. ҚазМУ, ҚазААГ (қазақтың ақпарат агенттігі).
4.
Буындық я бөліктік қысқарым мен тұтас сөз бірікпесінен
жасалған зат есімдер. Мемтерминком, ҚазАқпарат, Қазақтелеком,
Мембаспаком, ҚазМұнайГаз, Еуразия (Европа – Азия), Меммүлік, т.б.
[30].
Қысқартудың бұл түрін аралас қысқартулар деп те атайды.
70
Калькалау. Урекенова Р.А. сөзжасам тәсілдеріне калькалау тәсілін
де жатқызады. Калькалау тәсілі арқылы қазақ тілінің сөздік қорына
мыңдаған жаңа сөздер қосылады. Калькалау үдерісінің мәні келесіде:
Калькалауда шетелдік сөздік ішкі тұлғасы мен сөзжасамдық құрамы
алынып, сөзжасамдық материал қазақ тілінің өзінен пайдаланылады
[31].
К.М. Молдабеков та өзінің калькаларға берген анықтамасында
калькалар мен кірме сөздердің бір топқа жатпайтынына назар
аударады, қараңыз: «Калькалар – жаңа сөздер немесе сөз тіркестер.
Калькалау негізінде шетел сөзінің мағынасы мен құрылымы ғана
қабылданып, сөзжасамдық элементтер (түбір, жұрнақ, жалғау) өз
тілінен алынады» [32].
Калькалар аударма сөз де емес. Калькалау тәсілі аудармадан
ерекшеленеді. Ш.Құрманбайұлының пайымдауынша, «калькалаудың
аудармадан ерекшелігі – қабылдаушы тілде жаңа сөз пайда болып, ол
сөздің мағынасы сол жаңа сөздің жасалуына негіз болған тілдегі сөздің
мағынасымен сәйкес келеді» [33].
А.В. Суперанская, Н.В. Подольская, Н.В. Васильеваның
пайымдауынша, калькалау – терминдену, терминжасам және
терминалмасым сынды негізгі үш тәсілдің бірігуінен (қиылысуымен
өзара әсерінен) тұрады [34, 219].
Калькалауда алдыңғы екі түрлі сипаттың болуын жоққа шығаруға
болмайды. Дегенмен, үшінші тұжырымның негізі берік деуге болады.
Калькалау барысында өзге тілдегі сөздің мағынасының, құрылымының
пайдаланылатыны рас. Өнімділігіне қарай кальканы жеке тәсіл ретінде
танып,
өзге
тілден
сөз
алынбай
ұлт
тілінің
өз
сөзін
пайдаланылатындықтан оны «жасырын сөзалмасым» немесе «жабық
сөзалмасым» деп атайды. Калькалау барысында бір тілден екінші тілге
сөз мағынасы да, сөздің құрылымы да алмасумен қатар нәтижесінде
қабылдаушы тілде жаңа термин жасалады. Яғни мұнда тіларалық
терминдену мен терминжасамдық сипат бар. Сол себепті калькалауды
үш тәсілдің бірлігінен тұратын, терминжасамның құранды тәсілі
ретінде қарастырудың негізі бар.
Г.К. Абдирасилова де сөзжасамдық тәсілдерді зерттеуге өз үлесін
қосты. Ғалым аналитикалық тәсілді жан-жақты зерттеп, осы тәсілді
синтаксистік тәсіл деп сипаттады. «Аналитикалық тәсіл сөздердің
бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы. Мағына тудыру жолы, сондықтан
да бұл тәсілді, екінші сөзбен айтқанда, синтаксистік тәсіл деп те
атайды» - дейді [2,837].
Г. Сыздыкова топонимдерді сөзжасамдық тұрғыда зерттеу
барысында олардың көбінің аналитико – синтетикалық тәсіл арқылы
жасалғанын дәлелдеді. Бұл тәсілге ғалым келесі анықтама берді:
Жыңғылдыторғай, Бақтыарал, Киелітас, Нұрлыжол т.б. Бұл атаулар
құрамында сөз тудырушы жұрнақ екі түбірдің арасында келіп, белгілі
71
бір заттың, құбылыстың көптігін, молдығын бар екенін білдіріп тұр.
Мұндай жағдайда тек синтетикалық тәсілмен ғана емес, аналитикалық
тәсілмен де байланысты қарастыруға болады» [35,141].
Аналитикалық – семантикалық тәсіл де екі тәсілді қосарлап
қолдану негізінде құрастырылған. Бұл жағдайда аналитикалық тәсіл
арқылы жасалған сөздің мағынасы өзгеереді. А. Салқынбай аналитика–
семантикалық сөзжасамның ерекшелігін көрсетеді. Осы тәсілдің тіл
дамуындағы өз жасау қабілетінің маңыздығын және молдығын атай
келе «аналитика – семантикалық сөзжасамда тілде бар бірліктерді
парадигмалық және синтагмалық жүйе негізінде біріктіру қосарлау,
тіркестіру арқылы жасалады»,- дейді [11]. Ғалым бұл тәсілдің ежелгі
замандардан қолданылып келе жатқандығын айтады. Яғни күрделі
сөздердің (қос сөз, біріккен сөз) құрамында сыңарлардың кейбірінің
ежелгі мағынасы мүлде өшкен не көнерген тұлғалар қолданыла береді
дей келіп, оған көрші – қолаң, жігіт – желең т.б. деректерді келтіреді.
Сөзжасам 1980 жылдардан бастап, қазақ білімінде арнайы зерттеу
объектісіне айналды. Сөзжасамды зерттеу барысында отандық
ғалымдар көрнекті үлес қосты. Олар сөзжасамның негізгі тәсілдерін
жан – жақты қарастырып, қазақ тіл білімінде негізгі бес тәсілдің
қолданылатынын анықтады. Синтетикалық немесе морфологиялық
тәсіл, аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл, лексикалық немесе
лексика – семантикалық, аналитика – семантикалық, қараңыз келесі
нобайда:
ппппппп
Синтетикалық
немесе
морфологиялық
тәсіл (қосымшалар
арқылы)
Аналитикалық
немесе
синтаксистік
(тіркесу, қосарлану,
бірігу, кірігу
арқылы)
Лексикалық немесе
лексика – семантикалық
(сыртқы сөздің түрін
өзгертпей-ақ, жаңа
мағыналарға ие болуы)
Семантика-
синтетикалық немесе
семантика-
синтетикалық тәсілдер
Аналитикалық-
морфологиялық
тәсілдер
72
Сурет 1 – Жаңа сөз жасаудың негізгі тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |