- лан/-лен тұлғалы етістіктерге де, бұлардың үстіне үстемеленген –
дыр/-дір, -тыр/-тір тұлғалы етістіктерге де жалғанады. Мысалы:
бөлшектену, ғарыштану, жарықтану; жарықтандыру, түрлендіру
т.б. [15].
61
А. Байтұрсынов терминологияға қатысты біраз мақала жазып, пән
атауларын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосты.
Соымен қоса, А. Байтұрсынов қос сөздерді, біріккен сөздерді де
қарастырған. Ол оларға ерекше мән берген: есен-аман, қой-қозы, жүн-
жұрқа, бақа-шаян, жүк-аяқ, қайын ата, қайын бике, алтыбақан,
соқыр теке, бас құр, түндік-бау, ақ-сүйек, атбақыл, үлтабар, т.б. тліш
туынды сөздердің бойында болатын негізгі өзгешелікті, ең бастысы,
сөздердегі мағынаның өзгеретінін тілге тиек етеді. Зерттеуші «қос сөз»
деген терминге біріккен сөздерді де, тіркесті, біріккен сөздерді де
жатқызып, бұл терминді кең тыныста қолданған. Мәселен, «қос сөзде
екі сөз біріңғай болса я жіңішке болатын болса, онд екеуі айрылмай
бірге жасызалады (басқұр, қолқап, желкесер, айбалта, т.б.)» дей келе
әрі қарай «қос сөзде екі сөз біріңғай болмаса, бірі жуан, бірі жіңішке
болса, онда араларына сызықшамен айрылып жазылады (жел-бау,
төсек-ағаш, жүк-аяқ, т.б.) – дейді [15]. Қос сөз деген терминді жалпы
«күрделі сөз» деген мағынада қолданғанын көреміз. Бұл жерде келісуге
болмайтын пікір қайшылығы бар: ол – бірге жазу мен дефис арқылы
жазу. Әрине, бірге жазылу емлесі сөздердегі дыбыстардың жуан не
жңішкелігіне байланысты еместігі бүгінгі лингвистикалық тәжірибеде
белгілі қағида.
Профессор Қ.Жұбанов қазақ тілінің ғылыми негізін қалаған. Ол
қазақ термин жасамындағы қосымшалардың маңызды рөлін көрсетіп,
қысқарған сөздер туралы былай дейді: «қиюлы сөз жасау амалы – қазақ
тілінің октябрден бері тапқан олжасы. Сондықтан, бұл сөздер қазақ
тілінде өзінің лайықты орның тауып келе жатыр» [16].
Қ. Жұбановтың еңбектерінде күрделі сөздер бірінші рет ғылыми
тұрғыдан қарастырылған. Ғалым сөзқосым тәсіліне келесі анықтама
берген «сөзқосым жаңа сөзді екі немесе көбірек сөздерді бір сөзге қосу
арқылы жасау тәсілі болып табылады», -деп тұжырымдаған [16,91].
Қ.Жұбанов күрделі сөздердің мәселесін көтергенде, қосымдар
(сложение) және қосар сөздер [16] терминдерін қолданған. Қосымдар
деген терминнің лингвистикадағы анықтамасы: «Екі не одан да көп
негіздердің (основ) бір бүтін боп бірігуінен жасалған жаңа сөздер» [16].
Тілші қосымдар деген терминді осы мағынада алдығын берген
анықтамасы мен келтірілген мысалдары айғақтайды [16]. Зерттеуші
қазақ тіліндегі қосымдарды алты түрге саралайды: 1) зат есім+зат есім;
2) сын есім+зат есім; 3) зат есім+қимыл есім; 4) сан есімдер (он бір
санына бастап); 5) жалқы есімдер; 6) жаңа жасалымдар – қысқарымдар.
Келесі бір зерттелімінде қазақ тіліндегі күрделі сөзді екі түбірдің
кірігуі, қиюлы кіріккен, (қиюлы кіріккен сөздер деген терминді
қысқарған сөздердің орнына қолданған). Соынмен қатар тілші туынды
сөздерді жасауда сөздерді қосақтап та жаңа сөз жасауға болатындығын
айтады. Ғылым қос сөздер деген терминнің орнына қосар сөз дегенді
62
қолданады. Қазақ тіліндеігі терминдерді сараласақ, мағыналық
жағынан да, тұлғалық жағынан да қосарлы сөздер деген ұтымды.
М. Балақаев күрделі сөздердің жасалу тәсілін аналитикалық, яғни
синтаксистік тәсіл деп атады. Ғалымның пайымдауынша, осы тәсіл
типонимика саласында белсенді түрде жүзеге асырылады. Синтаксистік
тәсіл барлық сөз таптарының сөзжасамдық мүмкіншілігін арттырады.
Солардың ішінде зат есімдерінің сөзжасамдық пәрменділігі
басымдырақ. Күрделі зат есімдер Ι және ΙΙ типтік изаореттік
конструкциялар арқылы жасалынады, қараңыз: жолаяқ (жол-аяқ) -
Достарыңызбен бөлісу: |