К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет45/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

темірқазық  (шоқжұлдыз),темір  қазық  (тіркес),  ақсақал  (қария),  ақ 
сақал (тіркес), алақоржын (тышқан), ала қоржын (тіркес), т.б. 
Шындығында,  негізгі  пікірталас  индоевропа  тілдерінде  сөзқосым 
ба  деген  мәселе,  тек  термин  жағынан  ғана  емес,осы  екі  терминнің 
біреуін  таңдау  –  нақтылы  тұжырымдаманы  (концепцияны)  анықтауды 
міндеттейді және ол бір жағдайда – сөзқосым, екіншісінде, негізқосым 
болу  да  мүмкін  деп  дәлелдейді  белгілі  ғалым  К.А.  Левковская  [39]. 
А.М.  Смирницкий  герман  тілдеріндегі  күрделі  зат  есімдердің 
құрыдымына талдау жасай келе, күрделі зат есімдердің бірінші сыңары 
«тұтас  тұлғаланбай»  сөз  болмайды  деген  көзқарасты  ұсынады. 
Сонымен  қатар,  А.И.  Смирницкий  күрделі  сөздің  екінші  сыңары  көп 
жағдайда морфологиялық дербестігін сақтағанмен, ол жеке сөз ретінде 
қаралуы  тиісті  емес  дейді.  Сөйтіп,  ғалымның  ұстаған  бағыты  күрделі 
сөздерді сөзқосым емес, негізқосым деп тануға меңзейтін сияқты. Оны 
мына  тұжырымнан  анық  көруге  болады:  барлық  күрделі  сөзді 
негіздердің қосымы демей қарастыратын болды [40]. 
Бірақ біраз ғалымдар тарапынан бұл пікір сынға түсті де, көпшілік 
тілшілер  «сөзқосым»  терминін  қуаттады.  Осы  мәселе  жөнінде                    
М.Д.  Степанова  ортақ  келісімге,  пікірге  әрекет  жасайды.  Ғалым  өзінің 
докторлық 
диссертациясында 
күрделі 
сөзді 
айырудың 
екі 
морфологиялық  белгісін  ұсынады.  Ғалымның  пайымдауынша:  1)  тек 
негіздерден жасалған күрделі сөздер (мысалы, адамзат айбалта,  т.б.); 
сыңарлы  аффиксоидтардың  қатысуымен  қалыптасқан  күрделі  сөздер 
(мысалы,  елтану,  емхана,  т.б.)  [41].  Әрине,  күрделі  сөздердің 
құрылымын  былай  талдау,  сөзқосыммен  жасалған  біріккен  сөздердің 
өзін  бөлшектеп,  оның  екі  типі  бар  деген  ұғымды  ұсынғанын  көреміз. 
Бұл  жерде  аффиксоидтармен  жасалған  сөздер  бүгінгі  таңда  күрделі 
сөзге жатар ма екен, оны қазір лингвистика сөзжасамның синтетикалық 
тәсіліне  жатқызып  жүр.  Тілде  аффиксоидтардың  жалпылық  мән  алып, 
жұрнақтардың дәрежесіне көшкен сөздер. 
Түркітануда  күрделі  сөздерге  байланысты  терминдерді  қолдануда 
мағыналық  ерекшелік  бар.  «Күрделі  сөз»  бен  «құрама  сөз»  деген 
терминдер  (біраз  тілдерде  мураккаб  сузлар)  бірінің  орынына  бірі 
қолданылатын  деректер  де  дер  баршылық.  Түркі  тілдерінде  тіркесті 
күрделі  сөздерді  әр  түрлі  айтады:  ұйғыр  тілінде:  қошма  сөзлар 
(тіркесті), өзбек тілінде: қушма сузлар (біріккен), әзірбайжан тілінде де 
осыдай 
қолданылады. 
Тілде 
терминді 
әр 
түрлі 
мағынада 


76 
 
қолданғандықтан, шатастыру, қайшылық келіп шығады. Күрделі сөздің 
тегі  мен  түрін нақты  анықтайтын  терминнің  қажетігі,  оның  табиғатын 
ашуға  мүмкіндік  береді.  Ұйғыр  тілінің  соңғы  шыққан  «Ұйғыр  тілінің 
құрылымы» 
[42] 
атты 
грамматикасында 
күрделі 
сөздердің 
қалыптасуында 
жазылу 
ерекшелігі 
шешуші 
фактор 
болып 
саналмайтынын  айтады.  Ұйғыр  тілінде  күрделі  сөздерді  қалыптасқан 
орфографиялық  ереже  бойынша  бөлек  жазуды  негізгі  меже-қағида 
қылып ұстайды. Оны мына тұжырымнан анық көреміз: күрделі сөздер 
тұтастықты  сақтаған  (бириккен  сөзлар)  және  тұтастықты  сақтамаған 
(бөлек  рәсімделген),  (қошма  сөзлар)  бола  алады.  Олардың 
айырмашылығы жоқ. 
Ұйғыр  тілінде  тіркесті  күрделі  сөздерді  «қошма  сөзләр»  деген 
терминмен  атайды.  Бұл  термин  қазақ  қазақ  тіліндегі  тілші  А.Ысқақов 
қолданған «құрама сөздер» деген терминмен пара-пара. Сөйтіп, «бөлек 
тұлғалану» 
түркітануда 
күрделі 
сөздің 
жалпы 
мазмұнына, 
қалыптасуына  нұқсан  келтірмейді.  Мысалы,  боз  торғай  «жаворонов», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет