69
сөздерді жаңа сөздермен байланыстырып, тіркесе жұмсалуында жаңа
мағыналарға, семантикалық өзгеріске түсуінде», - деген қорытынды
жасаса [28, 280-281], Ө.А.Жұмагулованың айтуынша, «Тіл ғылымында
конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру тілдегі сөз таптарының бір-
біріне ауысуымен түсіндіріледі. Тілдің даму барысындағы белгілі бір
сөз таптарындағы сөздер өзінің бастапқы лексика-грамматикалық
категориясынан қол үзіп, екінші бір лексика-грамматикалық
категорияға ауысады. Бірақ олар өздерінің бастапқы мағынасы мен
грамматикалық ерекшеліктерін жоғалтқанымен, тұлғалық қалпын
сақтап қалады. Соның нәтижесінде тілдің грамматкиалық жүйесінде
тұлғалануы бірдей болғанымен, категориальді мәні мен грамматикалық
сипаты әртүрлі сөз табына қатысты болып келетін лексика-
грамматикалық омонимдер пайда болады» [29].
Мысалы:
Асатаяқ. 1.
Асатаяқ зат. – ұзын таяқ, аса.
Есікке келген қолында шылдырмақты биік асатаяғы бар диуана
екен (М.Әуезов).
2. Асатаяқ зат. Муз.Дыбысты сілкінтіп шығаратын қазақтың
көне музыка аспабы. Болат Сарыбаевтың зерттеуі нәтижесінде
шертер, сыбызғы, асатаяқ, көне қылқобыз, жетіген, Шаңқобыз,
дауылпаз үлгілері табылды (Қазақ әдебиеті).
Қысқарту немесе қысқарым (аббревиация) тәсілі. Тілдегі
ықшамдау заңдылығына байланысты сөздерді қысқартып алу қазақ
тілінде ертеден бар тәсіл. Тілші ғалымдар кеңес дәуіріне дейін кісі
аттары
Бекмұхамбет – Беке, Сәрсенғали – Сәке, Айнагүл – Айнаш т.б.
қысқартылып алынғанын атап көрсетіп жүр. Ал кеңес дәуірінде
көбінесе мекеме атаулары қысқартылып қалған.
Әблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е., «Қазақ тіліндегі сөз
тіркестерінің дамуы мен лексикалану процессі» еңбегінде қысқарған
сөздердің жасалу жорлдарын сипаттайды:
Қысқарған сөздердің барлығы да сөз табы ретінде тек зат есімге
жатады. Қысқарған сөздер жасалу жолына қарай 4 топқа бөлініп жүр.
1.
Дыбыстық
я әріптік қысқарымдардан жасалған зат есімдер.
Достарыңызбен бөлісу: