К. М. Абишева, С. К. Омарова


Сөздердің бірігуі арқылы жасалуы



Pdf көрінісі
бет48/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Сөздердің бірігуі арқылы жасалуы. 
 Біріккен сөздердің өзіндік ерекшеліктері 
 
Күрделі  сөздердің  табиғатын  анықтауда,  әсіресе  олардың 
сараптамасын жасауда бірауыздылық жоқ. Сондықтан күрделі сөздерді 
атауда бірталай терминдер қолданылып жүр: «күрделі біріккен сөздер», 
«кіріккен  сөздер»,  «біріге-біріккен  сөздер»,  «құранды  және  құрама 
сөздер»,  «күрделі  қысқарған  сөздер»  т.б.  мұның  осылайша  атауы 
күрделі  сөздерді  ажыратуда  қиындықтардың  кездесуі,  олардың 
компоненттері  ара-қатынастарының  табиғаты  өте  күрделі  тілдік 
құбылыс болуынан болып отыр.  
Күрделі  сөздердің  бір  тобын  біріккен,  кіріккен  сөздер  деп  бөлу 
олардың  компоненттерінің  ара-қатынас  ерекшеліктері  айтылған. 
А.Ысқақов  «Біріккен  сөз  деп,  компоненттері  мағына  жағынан  да, 
форма  жағынан  да  елеулі  өзгерістерге  ұшырамай-ақ,  өзара  бірігіп, 
жинақталған  біртұтас  лексикалық  семантикалық  мағына  білдіретін 
күрделі  сөзді»  айтамыз  десе    [19],  К.Аханов  «семантикалық 
тұтастығымен  де  сипатталатын  ...  көртышқан,  әрқашан,  басқұр  т.б. 
тәріздес сөздерді айтамыз» [20, 86] дейді.  


81 
 
Ш.М.Мажитаева,  Ш.Ш.Жалмаханов,  Т.Т.Пірімбетов,  Б.А.Қалиев 
пікірінше,  «біріккен  сөз  күрделі  сөздер  қатарына  жатуы  үшін  кемінде 
екі  шартты  орындауы  керек:  1)  кемінде  екі,  үш  сөздің  бірігуінен 
жасалуы  шарт:  тасбақа,  қосаяқ.  Бұл  сөздер  семантикалық  бірлікте 
болып, атауыштық қызметте жұмсалған. 2) екі сыңарының мағынасы да 
бар,  әрі  фонетикалық  өзгеріске  түспеген,  бір  екпінде  тұрған,  бірақ 
сөйлем  мүшесі  әрі  бір  сөз  табы  ретінде  пайдаланады»  [48,  58].  Осы 
белгілер  негізінде  «біріккен  сөздер  күрделі  сөздер  тобына  жатып, 
«біріккен»  сөздер  ретінде  басқа  топтардан  ажыратылады,  мәселен, 
әркім, әлдекім болса сөйлем құрамында не тұрлаулы, не тұрлаусыз, ал 
сөз табында есімдіктер».  
Біріккен  сөздердің  қос  сөздерден  айырмашылығы  бар.  Олардың  
өзгешелігін   №1 кестеде көрсетуге болады: 
 
Қос сөздер  
Біріккен сөздер  
1. 
Салаласа 
байланысады 
2. 
Екі  сөздің  арасы 
алшақ  
3. 
Екі 
сөздің 
қосарлануынан 
құрамындағы 
сөздердің 
мағыналары  мүлдем  өзгеріп 
жаңа 
мағына 
пайда 
болмайды,  сөз  мағынасы 
түрленеді: тау-тау, өзді-өзі, 
кемпір-шал.  
4. 
Екі 
сөздің 
арасында  тұлғалық  үйлесімі 
болады: 
жоғары-төмен, 
оңды-солды, 
алды-арты, 
қарай-қарай 
1. 
Сабақтаса 
байланысады 
2. 
Екі 
сөз 
қиюласып, 
біртұтас 
ритмикалық 
әуенмен 
айтылады.  
3. 
Екі 
сөздің 
бірігуінен 
оның 
құрамындағы 
сөздердің 
мағыналары солғындап жаңа 
сөз,  жаңа  атау  жасалады: 
шекара, 
бесжылдық, 
бірталай т.б. 
4. 
Екі 
сөз 
де 
көбінесе  атау-түбір  тұлғалы 
болады.  Тұлғалық  үйлесімі 
болуы шарт емес.  
 
Біріккен  сөздерді  түйдекті  тіркестерден  ажырата  да  білу  керек, 
себебі  олар  сөз  тіркестерге  ұқсас.  Бірақ  біріккен  сөздердің  өз 
ерекшеліктері бар:  
1) 
кейбір қос сөздердің сыңарларының қазіргі тілде дербестігі 
болмай, олардың қатысымен жаңа сөз  жасалуы мүмкін: талан-тараж, 
астан-кестен,  бала-шаға,  емін-еркін.  Сөз  тіркестердің  компоненттері 
лексикалық  қасиетін  жойып  тұтасып  бір  сөзге  айналмайды:  бірі 
екіншісінің мағынасын толықтырады не көмекші болады, мысалы:  қос 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет