К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

алагеуім,  көзілдірік,  атжалман,  өмілдірік,  сексен,  тоқсан,  ашудас
бірқатарының 
құрамындағы 
сөздердің 
бұрынғы 
мағыналары 
күңгірттеніп  жұмсалады,  мысалы:  адалбақан,  өнеркәсіп,  жарғанат, 
қараөрік.  
Ал,  біріккен  сөздің  көпшілігінің  құрамына  талдау  жасасаң,  олар 
қазірдің  өзінде  айдан  анық  сөздер  болып  шығады.  (Мысалы: 
қараторғай, шекара, жермай, балықкөз, итаяқ, алтыатар, қырықаяқ, 
бұзаубас, бесжыл). Бірақ олар сондай бөлшектенген мағыналық оқшау 
қалпында  емес,  толық  мағыналы  сөздердің  тұтасуынан  пайда  болған 
жаңа сөздер болып ұғынылады.  
Осылардың  бәрінің  сөз  жасау  тәсілі  морфологиялық  емес, 
синтаксистік  және  семантикалық.  Біріккен  сөз  жасалуының  заңдығын 
алдымен  синтаксистік  құрамның  заңдылығынан  іздеу  керек:  күрделі 
сөздер  құрамы  шашыраңқы  сөздер  болғанымен,  бәрі  де  белгілі 
синтаксистік  байланыста,  белгілі  синтаксистік  қатынаста  жұмсалған  о 
бастағы  сөз  тіркестерінен  пайда  болады.  Өздеріне  тән  еркешеліктері 
бар  тілдегі  екі  сөздің  бірі  екіншісінің  мағыналық  үйлесімі  негізінде 
толығып  тұтастануы  олардың  қарым-қатынасын,  тығыз  байланыста 
болғандығын  көрсетсе,  сонымен  қатар,  тілге  тән  ішкі  заңдылықтан 
алшақ кетпегенін де көрсетеді.  
Сөзден  сөз  тіркесі  құралатыны  белгілі,  олардың  біразының 
мағыналық 
тұтастығы 
күшті 
болады 
да, 
лексикаланады. 
Алдыңғыларды  сөздердің  тіркесімі  негізінде  пайда  болатын  валенттік 
деп танысақ, ал тіркескен сөздерден сөз жасалуын валенттік номинация 
деп танимыз. Біріккен сөз тек номинатив емес, екінші рет пайда болған 
(вторичная) номинация. Егер біріккен сөзден морфологиялық тұлғалар 
арқылы, әдеттегідей, туынды сөз жасалса, ондай болуды шартты түрде, 
үш  есе  ұласқан  номинация  дейміз.  Мысалы:  (1)  екіжүзді  -  (2) 
екіжүзділік,  -  (1)  абжылан  –  (2)  абжыландай,  (1)  шекара  –  (2) 
шекарашы,  (1)  кәсіподақ  –  (2)  кәсіподақтық.  Осындайлардың 
алдыңғыларын, мысалы шекара бір дәрежелі, соңғыларын екі дәрежелі 


90 
 
деп  белгілейміз.  Сонда,  әдеттегі  туынды  сөзден  жаңа  сөз 
жасалғанындай,  туынды  біріккен  сөз  бір  дәрежелі  біріккендерден 
жасалады.  Кейде  2  дәрежелердің  номинациялық  тұтастығы  берік 
болатындықтан,  1  дәрежелі  болып  құралмаған  тіркескен  топты  ішіне 
алып,  тікелей  күрделі  туынды  сөздер  де  жасала  береді,  мысалы:  бес 
жыл  –  бесжылдық,  темір  жол  –  теміржолшы,  еңбек  сүю  – 
еңбексүйгіштік,  бет  бұру  –  бетбұрыс,  бүкіл  халық  –  бүкілхалықтық, 
аудан  ара  –  ауданаралық,  кішіпейіл  –  кішіпейілділік,  бүлік  салу  – 
бүліксалушылық, көркем өнер – көркемөнерпаздар.  
Мерзімді  баспасөзде  жиі  қолданылатын  осындай  2  дәрежелі 
туынды  біріккендер  тек  орысшаның  калькалік  баламасы  болғанында 
емес,  абстракциялы  тұтастығында  үлкен  мән  бар:  сондай  күрделі 
сөздердің  жасалуында  әрі  морфологиялық,  әрі  синтаксистік  тәсілдің 
басы  түйіскен  жерде  күрделінің  құрамындағы  сөздердің,  тіпті  фраза 
болса да, дербестігі солғындап барып бітеліп, сомдала, тұтастығы арта 
түседі.  Сондықтан  болар,  мерзімді  баспасөзде  ғана  емес,  бүкіл  әдеби 
тілде  біріккен,  бірікпегендігі  күмәнды  деген  тіркестерге  жұрнақтар 
жалғанғанда,  олар  тұтасып,  бірігіп  жазылатыны  содан,  мысалы: 
томағайтұйықтық, 
желсөзділік, 
бойкүйездік, 
көнетоздау, 
еңбексүйгіштік(газеттен).  Ілияс  Есенберлиннің  «Алтын  орда» 
романынан 
алынған 
мынадай 
мысалдарға 
көңіл 
бөлейік: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет