есікашар (ырым), долаңкесер, жолашар, желқағар, жатыпішер,
жатыпатар, жанкүйер, күнбағар, қанішер, қаптесер, құстонар(өс),
нақсүйер, орынбасар, оққағар, соғысқұмар, тілашар, тұсаукесер,
тоқымқағар (ырым), ұлтабар, ұйқыашар, ізбасар, шыңкетер,
шашсипар(ырым). Етістікті біріккен сөздердің көбі, осылай, келер
шақтық тұлғада көп жұмсалады, шақтық мағына білдіру үшін емес,
қимылдық сапаның бейтарапты қимылдық сапа екенін білдіру үшін
жұмсалады. Оған қарағанда –ған тұлғалы өткен шақтық есімше
тұлғалы етістіктің біріккен сөздің соңғы сыңары болып жұмсалуы
87
сирек кездеседі: Айбалдырған, бойжеткен, ержеткен, итемген,
қойкемірген(өс),
наркескен,
сүтемген(өс),
сарышаған,
торайбүлдірген(өс), тастүйген(өс), тасжарған(өс), тасбүлдірген(өс),
тасбүйірген(өс), тасбұйырған(өс) т.б.
Мұндай құрамда есімшенің өткен шақтық мағынасы солғынданып,
қимылдық сапа мәнін сақтайды. Оларды, әрине, көреген, қашаған,
сүзеген сияқты сын есімге айналған есімшелі тұлғамен бірдей деуге
болмайды. Есімшенің сапалық абстракцияға айналып, біріккен – зат
есімдердің; сын есімдердің бір сыңары болып кетуі есімдердің
табиғатына тән құбылыс. Келер шақтық –а – тын// -е –тін тұлғалы
есімшеде ол жоқ, сондықтан ондай тұлғадағы есімше біріккен сөздің
екінші сыңары болып жұмсалмайды. Ал мұзжарғыш, шаңсорғыш
сияқтыларда –ғыш тұлғалы етістіктің сын есімге тән сапалық мағынасы
сақталады. Етістік қосылып жасалған біріккен сөздер аз да болса,
қимылдық сапалар арқылы басқа заттардан оқшауланып белгілі
заттардың атауы болады; сондықтан, мысалы, радиоқабыл/дағыш,
шаңсорғыш, алжапқыш сияқты сөздердің моделі бойынша, жасалған
күрделі сөздер деп танылады. Солардың қатарына беталыс, бетбұрыс,
иткірмес(өс), құсқонбас(өс), малжемес(өс), құскелмес(өс) сияқтылар
да абстракциялы біріккен есімдер құрамына енеді.
Кейбір біріккен сөздерді жасау барысында заңдылықтар
сақталынады. Қ.Жұбанов біріккен сөздерге ерекше көңіл бөліп,
олардың бірігуіндегі заңдылықтарын қарастырады.
Заңдылықтың негізі – жүйелілік. Олар бірден орныға қалмайды.
Қазіргі әдеби тіліміздің алғашқы жылдары біріккен сөздер саны көп
болмағандықтан, жұмсалу аясы тар болғандықтан, оның жүйелік
дәрежесі де онша айқын болмайтын. Сондықтан болар, Қ.Жұбанов
оның жүйелілігін басқа күрделі сөздермен салыстыру арқылы да
айқындамақ болған.
Қ.Жұбанов біріккен(кіріккен) сөздерді қос(қосар) сөздермен
салыстырып, алдыңғының жасалуында бірізділік жоқ деп таниды.
Мысалы,
белбеу
деуге
болады,
желбеу
деуге
болмайды,
ашудас(ашу+тас) деп айтылады, ал ащы су, ащы шөп деп айтылмайды
дейді. Сондан кейін: «... кіріккен сөз(және бірікккен сөз) дегеніміз – екі
сөзден, не үш сөзден кірігіп барып бір сөз орнына жүретін, бірақ
қосақталу амалы заңды жүйеге түспеген қосындылар... Сөйтіп, кіріккен
сөз дегеніміз заңсыз қосынды. Қосар сөздер (қоссөздер) дегеніміз
заңды қосындылар болып шығады», - дейді[51].
Бұл түйіндеуді жасаудан бұрын Қ.Жұбанов кіріккендерді екіге
бөлген. Мектепке арналған оқулығында кіріккен сөздердің көнесі және
жаңасы болады, - дейді. Көнесі дегендері – құрамы дыбыс өзгерістеріне
ұшырап жігін жоғалтқандары: кішкене, аяз, қарала, бүгін, жаңадан
құралып «жігін жоғалтпағандарын – жаңасы дейміз» дейді. Соңғыға
|