адамата, айбалта, айдала, айнакөз, айылбас, айырбас, асқабақ т.б.
2) Изафеттің екінші түрінен жасалған біріккен сөздер де бірталай,
мысалы: отағасы, елбасы, құсбегі, түнеукүні, өмірбой, қазоты. Мұнда
84
бірінші сыңар қосымшасыз болса, екінші сыңарда тәуелдік жалғау
сақталған.
3) Изафеттік тіркестегі екі сыңардың да қосымшасы сақталуы
мүмкін, мысалы: жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні. Бұл біріккен
сөздердің бірінші сыңарларындағы ілік септіктің соңғы дыбысы
сақталмаған, қысқарған, бірақ –ды буыны сақталған, ал екінші
сыңардағы тәуелдік жалғауы толық сақталған.
4) Біріккен сөздердің арасында анықтауыштық қатынастар болуы
мүмкін. Бұл жағдайда бірінші сыңары сын есім(ақшенгел, қарақұрт,
қарашайыр, қарандыз, қаракөз), сан есім (біраз, біртоға, екібастап,
екіқабат), есімдік(ешкім, ештеңе, әлдекім) екінші сыңары зат есім
болып келеді.
5)
Біріккен сөздердің арасында толықтауыштық қатынастар
болуы мүмкін (атқамінер, орынбасар, қаптесер, демалыс, итемген,
күнбағыс) т.б.
6)
Пысықтауыштық қарым-қатынастар: айналсоқ, аңғалсоқ,
кешқұрым, селқос, селсоқ, тесіпшыққан.
Біріккен сөздерді топтарға бөліп, сараптамаларын құруға болады.
Бұндай сараптамалардың бірнешеуін көрсетуге болады. Бірінші
сараптама біріккен сөздердің тұрақты, дағдылы компоненттері
бойынша құрастырылады:
Құмар: атаққұмар, әнқұмар, әзілқұмар, бәлеқұмар, баққұмар,
дүниеқұмар, малқұмар, сөзқұмар.
Тану: Абайтану, әдебиеттану, жаратылыстану, өлкетану.
Бет: беталды, беталыс, бетбақ, бетбұрыс, бетперде.
Ит: итсиген, итемген, итмұрын, итаяқ.
Н.А.Оразахынова, Ж.Т.Исаева, Г.С.Булеева біріккен сөздерге
келесі атауларды жатқызады:
1. аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары: жолбарыс, қосаяқ, көкқұтан,
алабота, аққу, бәйтерек, т.б.
2. географиялық атаулар (жер, су, планета аттары): Жетіқарақшы,
Темірқазық, Алакөл, т.б.
3. кісі аттары: Сайлаубай, Мекемтас, Әлімбек, т.б.
4. Дене мүшелері, анатомиялық атаулар: асқазан, тоқішек,
ұлтабар, кәріжілік, т.б.
5. Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел, қарасан.
6. Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек, орынсатпақ.
7. Ән, күй, өлең атаулары: Саржайлау, Сарыарқа, Қараторғай,
т.б.
8. Қоғамдық өмірге күнделікті тұрмысқа байланысты әр түрлі
атаулар: Елтаңба, денсаулық, жасөспірім, халықаралық, мерейтой, т.б.
9. Мезгілге байланысты атаулар: биыл, бүгін, қыстыгүні,
жазғытұрым, күздігүні, т.б.
85
10. Белгісіздік, болымсыздық мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе,
қайсыбіреу, әлдекім, ешқашан, т.б. [49, 23].
Ш.Бектуров, М.Сергалиев біріккен сөздердің мағыналық жақтан
сипаттап, келесі топтарын жіктейді:
1. тасбақа, қырықаяқ – зоологиялық атау жәндіктер;
2. қозықұйрық, қырықбуын, күнбағар – ботаникалық атаулар, шөп
түрлері;
3. ақсүйек, аққала – ойын атаулары;
4. Қызылқұм, Сарыағаш, Жезқазған – географиялық атаулар;
5. Боранбай, Ботагөз, Амангелді – кісі аттары;
6. Жетіқарақшы, Темірқазық – жұлдыз, планета атаулары;
7. Әлдекім, әлдеқашан, қайсыбір, кейбір – есімдіктер;
8. Автоқалам, фотосурет, қазақконцерт, ауылсовет – орыс-қазақ
сөздерінен біріккен, әр түрлі заттар мен мекемелердің атын білдіретін
сөздер;
9. Екібастұз, Меңзең, шалтөбе, Мұратбайұлы – үш сөзден
құралып біріккен сөздер [50].
Сонымен бірге, бұндағы біріккен сөздер түбір тұлғасын сақтап
біріккенін аңғарамыз.
Біріккен сөздердің енді бірқатары түбір тұлғасын сақтамай,
дыбыстық
өзгеріске
ұшырап
бірігеді.
Мұндай
сөздердің
компоненттерінің бір-бірімен өзара үндесе, үйлесе кірігуі былай
тұрсын, олардың мазмұндары да сақталмастай болып кетеді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |