К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

 
Зат есім: 
Дүрдеараздық, Күншығыс 
Басараздық, Оңтүстік 
Денсаулық, Солтүстік 
Демалыс, Кітапқұмарлар 
Беташар, Өнертапқыштар 
Күнбағар, Онкүндік 
Ізбасар, Кинобайқаулар 
Орынбасар, Теміржолшылар 
Көңілашар, Бесжүзмыңшылар 


93 
 
Тоқымқағар, Бірауыздылық 
Қаптесер, Дүниетаным 
Атқамінер 
Күнбатыс, Еңбексүйгіштік 
 
Сын есім: 
Біркелкі, жекеменшік 
Жаймашуақ, жанашыр 
Көпұлтты, кішіпейіл 
Арамтамақ, батысевропалық 
Ашықауыз, екіжүзді 
Сарала(қаз), балажан 
Селоаралық, жасөспірім 
Соғысқұмар, жатыпатар 
Жадыбас, жатыпішер 
Халықаралық 
 
Үстеу: 
Екеуара, түнібойы 
Үшеуара, екіталай 
Бірауыздан, жазатайым 
Күнүзын, күнібойы, біржолата 
Бұл  мысалдардан  –  біріккен  сөздер  сомдалып  соғылған  жаңа  сөз 
байлығы  болып  сол  қалпында  сіресіп  қатып  қалмайтыны  байқалады. 
Солай  екенін  байқататын  жайттың  тағы  бірі  –  олардың  қайтадан  сөз 
тіркесі  құрамында  жұмсалатындығы.  Ондайда  олар  көбінесе  сөз 
тіркесінің  бір  сыңары  қызметінде  жұмсалады,  мысалы:  шөпшапқыш 
машина,  жекеменшік  «волга»,  дүниетанымды  қарсы  қоюшылар, 
түбегейлі  бетбұрыс  жасалды,  олар  қарақат,  таңқурай  өсіреді,  қара 
меңдуана (екі жылдық улы өсімдік). Осындайды мына  үзінділерден де 
көруге болады: 
1. 
Бетбұрыс: Осы тарихи акт қазақ халқының мұнан былайғы 
экономикалық-әлеуметтік  дамуына  түбегейлі  бетбұрыс  жасады 
(Қазақ әдебиеті, 1982, 19 февраль). 
2. 
Қолжазба:  Хасан  Ғали  қолжазбаларындағы  мемлекеттер 
мен  хандықтар  қазақтың  ауызбірлігінің  жоқ  екенін  жақсы  біліп 
отырды (Қазақ әдебиеті, 1982, 19 февраль).  
3. 
Қолөнерлік:  Мұның  бәрі  қолөнерлік  кәсіппен,  саудамен 
айналысуына ықпал етті.  
4. 
Ауызбірлік:  Ал  айнала  қоршаған  мемлекеттер  мен 
хандықтар  қазақтың  ауызбірлігінің  жоқ  екенін  жақсы  біліп  отырды. 
(Қазақ әдебиеті, 1982, 19 февраль).  
5. 
Қарақат,  таңқурай:  И,  Давижи  сондай-ақ  әлі  өнім  бере 
қоймаған грек жаңғағын, алма, тошала, қарақат, таңқурай және шие 


94 
 
өсіреді.  Ә.Әнуаров,  Н.С.Кфало,  Н.Рамазанов,  А.Ахметов  және 
басқалары алмадан, қарақаттан, шиеден, қара өріктен, таңқурайдан, 
тошаладан жақсы өнім жинады (Қазақ әдебиеті, 1982, 19 февраль).  
6. 
Ақкөл, 
шөпшапқыш: 
«Ақкөл» 
совхозының 
пішен 
тайлағынан  басқа  шаруашылықтардың  шөпшапқыш  машинасын, 
арбасын,  басқа  да  құрал-сайманын  тегін  пайдаланып,  совхоздардың 
жерінен шөп шаптырып келеді (Сонда). 
7. 
Аупартком, 
жекеменшік: 
Аупарткомның 
бірінші 
секретарының  «басқа  қызметке  ауысуына»  осындай-осындай 
фактілер  себеп  болған  еді.  Мысалға  аупарткомның  секретары 
Ш.Ахметованы  алайық.  Оның  поселкедегі  Чапаев  көшесінде 
жекеменшік үйі бар болатын (Сонда). 
8. 
Кәсіпорын,  балабақша:  Ауданға  қажет  кәсіпорынның 
орнына  бірінші  секретарьдың  тұрғын  жайы  салынды.  Ол 
Қарабұтаққа көшіп келген соң бұрын балабақша болған кең үйге кірді 
(Сонда).  
9. 
Көртышқан, 
бұзаубас, 
соқыртышқан: 
Қазақстанда 
тіршілік  ету  ерекшеліктері  бір-біріне  ұқсас  жер  астын  мекендейтін 
төрт  түрлі  жануар  бар.  Олар  көртышқан  (крот),  бұзаубас  (цокор), 
алып  көртышқан,  соқыртышқан.  Бұлардың  ішіндегі  көртышқан 
насеком  қоректілер  отрядына  жатады,  қорегі  негізінен  насекомдар 
болады (Сонда). 
10. 
Меңдуана.  Қара  меңдуана  –  екі  жылдық  улы  өсімдік, 
жоңға бәрпісі – көпжылдық өсімді. (Соц.Қазақстан. 1985, 14 сентябрь). 
11. 
Бесжүзмыңшылар:  Бесжүзмыңшылар  серті  берік  серт... 
Сегіз  қабат  жер  астындағыкең  лаваларын  осы  заманғы  қуатты 
заводтарға 
айналдырғандар 
– 
Қарағандының 
даңқты 
бесжүзмыңшылары.  
12. 
Күнұзы,  тұлабой,  бойкүзең:  Күнұзын  тұлабойым  құрсаған 
бойкүзеңдік,  үрейлену  осы  шаққа  жетелеген  тәрізді  (Софы  Сматаев, 
«Елім-ай», 226-б).  
13. 
Теміржолшылар:  Теміржолшылар  клубы:  (Ауызекі  тіл). 
Қысқасы,  сөзден  сөз  тіркесі,  сөз  тіркесінен  біріккен  сөз  жасалса, 
біріккен  өз  сөз  тіркесін  құрауға  қатысса  және  оларға  қосымшалар 
жалғанып  қайтадан  жаңа  сөз  жасалса,  ондай  процесті  сөз  айналымы 
дейміз.  Сөздің  синтаксистік  қатынастан  біріккен  сөзге  айналуы,  оның 
қайтадан  сөз  тіркесінің  құрамына  ене  алуы,  сөз  тіркесінің  құрамында 
қайтадан  жаңа  сөзге  айналуы  немесе  қосымшаға  айналуы  кіріккен 
сөздердің  де  тарихи  даму  жолы  болу  керек  деп  білеміз,  мысалы:  бұл 
күн-бүгін,  бүгін  келеді,  бүгінгі  күннің  міндеті,  күн  жүз  –  күндіз(күн 
жуз), күндізгідей жарық, бел бу – белбуар, белуардан (бел-бу-ар-дан).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет