Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері және алыну жолдары. Физикалық қасиеттері



бет11/15
Дата11.12.2023
өлшемі15,28 Mb.
#137019
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Галоформды реакциялар. Маңызы.

Галоформа реакциясы – бұл негіздің қатысуымен метилкетондарды (құрамында R-CO-CH3 тобы бар молекулалар) толық галогендеу нәтижесінде галоформ (CHX3, мұнда Х – галоген) түзілетін химиялық реакция.[1] R сутегі, алкил немесе арил болуы мүмкін. Бұл реакция CHCl3, CHBr3, CHI3 түзе алады.



Галоформдық реакцияға түсетін субстраттар - метилкетондар және изопропанол сияқты метилкетондарға дейін тотығатын екіншілік спирттер. Галоген ретінде хлор, бром және йодты қолдануға болады. Гипофлуориттің тұрақсыздығына байланысты галоформ реакциясы арқылы метилкетоннан флюороформ алынбайды, бірақ RCOCF3 сияқты қосылыстар фторформ түзу үшін негіздер арқылы бөлінеді.


  1. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Сірке қышқылының химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас.

Сірке қышқылының молекуласы сулы ерітіндідедиссоцияланады:СН3СООН→→СН3СОО-+Н+
Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жататындықтан, көк лакмусты ақшыл қызғылт түске боялады.Сірке қышқылының қышқылдық сипаты карбоксил тобының (-СООН) құрамындағы сутек атомына байланысты болады.

Сірке қышқылы белсенді металдармен әрекеттескенде, карбоксил тобы құрамындағы сутек атомы бөлініп шығады. Мысалы, сірке қышқылының магниймен реакциясы нәтижесінде сірке қышқылдымагний тұзы түзіледі:


2СН3 СООН+Мg→(CH3COO)2Mg + H2↑

Сірке қышқылының тұздары ацетаттар деп аталады. Срке қышқылының қалдығы - ацетат анионының СН3СОО-жалпы валенттігі бірге тең





  1. Липидтердің физикалық қасиеттері, биологиялық маңызы.



  1. Алты мүшелі гетероциклдер

Алты мүшелі гетероциклдер
а) бір гетероатомды: пиран, пиридин, пиперидин







Пиран

Пиридин

Пиперидин

ә) екі гетероатомды:пиридазин, пиразин, пиримидин







Пиридин – түссіз, өткір иісті сұйықтық, қайнау температурасы 115,40С. Сумен, органикалық еріткіштермен жақсы араласады, сондықтан органикалық және бейорганикалық заттарға еріткіш болып табылады. Пиридин және оның туындылары әлсіз негіздер, органикалық, минералды қышқылдармен әрекеттесіп, кристалды тұздар түзеді. Пиридинді тотықсыздандырғанда, пиперидин түзіледі. Пиридин және оның туындыларын тас көмір шайырынан немесе жануарлар сүйектерін құрғақ айдау арқылы алады. Синтетикалық пиридинді ацетилен мен көгерткіш қышқылды әрекеттестіру арқылы алады. Пиридин ядросы көптеген алкалоидтардың құрамына кіреді. Пиридиннің маңызды өкілдерінің бірі РР витамині. Бұл витамин организмде зат алмасу процесінде өте күшті роль атқарады. Сондай-ақ, пиридиннің туындысы (сульфидин) медицинада жұқпалы ауруларды емдеуге қолданылады.
Пурин – пиримидин және имидазол сақиналарының біріккен гетероцикл. Пуриннің маңызды туындыларына аденин және гуанин жатады. Пуриннің туындылары: аденин, гуанин нуклеин қышқылының құрамына кіреді.
Пиримидин – өте тұрақты кристалды зат, әлсіз негіздік қасиет көрсетеді. Пиримидиннің туындылары ағзалардың өмір сүру процесінде өте маңызды роль атқаратын нуклеин қышқылының құрамына кіреді. Олар: урацил, тимин, цитозин.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет