Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Жалпымемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі басқарушылық қызмет тиімділігінің экономикалық астары



бет48/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

12.2 Жалпымемлекеттік және аймақтық деңгейлердегі басқарушылық қызмет тиімділігінің экономикалық астары
Мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын жүргізуге бағдарланған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тиімді кадр тетіктерін – мемлекеттік қызметке кірудің тиімді әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын кәсіби тұрғыдан қамтамасыз ететін жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттік қызметке кіру және оны атқару тетіктері түбегейлі жетілдірілетін болады [39].
Осылайша, «Қазақстан – 2030» Стратегиясының ережелері негізге алына отырып:
1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі;
3) мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың үш тұғырлы мақсаты болып табылады.
Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:
1) мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа кадр тетіктерін қалыптастыру және қолданыстағыларын жетілдіру;
2) мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдарлау;
3) мемлекеттік қызметтің жоғары мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының этикалық нормаларын қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың міндеттері болып айқындалады.
Мемлекеттік қызметті сапалы кадрлық жаңарту мен кәсібилендіруді жүйелі түрде қамтамасыз ету үшін оның ұйымдастырушылық құрылымы және нормативтік құқықтық базасы жаңғыртылатын болады.
Жаңа модельді қалыптастырудың нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік қызмет болмақ.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет институтын шетелдік тәжірибеден, оның жағымды жақтары мен қызмет етуінде орын алған қателерден бөлек қарастыруға болмайды. Институционалды қалыптасуы процесінде көрініс табатын, мемлекеттік қызметтің демократизациясы, мәні мен ерекшеліктері, әр мемлекетте өзінің өзгешеліктеріне ие.
Мемлекеттік қызмет саясаттану, мемлекеттік биліктің теориясы, әкімшілік басқару, әкімшілік құқық сияқты ХХ ғасырдың ғылыми бағыттағы элементтердің синтезі ретінде адамзаттың саяси құқықтық және әлеуметтік мәдени дамуын көрсетеді. Салыстырмалы талдау Еуропа елдерінің саяси-әкімшілік жүйелері солтүстік-американдық дәстүрден ерекшеленетінін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің демократиялануы халықтың егеменділіктің салдары ретінде, сондай-ақ «мемлекеттік» ұғымының мазмұнының өзі «қоғамдық» қызмет мағынасында және институционалды дайындау процесінде көрініс табатын, әрбір елдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Франция, Нидерланды, Дания, Ұлыбритания сияқты унитарлы мемлекеттердің өзгешелігі, басқарудың екі нұсқасы арасындағы ауыспалы тепе-теңдік, яғни, бір жағынан жалпы ұлттық тәртіпті орнататын орталықтанған билік, екінші жағынан жергілікті құрылым ерекшеліктерін ескеретін, орталықсыздандыру.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Государственная служба Германии // 12-й Международный конгресс. М., 1993. С. 35.
2. Вильсон В. Государство. Прошлое и настоящее конституционных учреждений. М, 1905. С. 508.
3. Зверев А.Ф. Теория бюрократии от М. Вебера к Л. фон Мизесу //Советское го­сударство и право. 1992. № 1. С. 90—91.
4. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. М.: Дело, 1993. С. 66—67.

10 лекция тақырыбы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет


1.Еңбекті қоғамдық бөлудегі мемлекеттік қызметтің рөлі мен орны
2. Мемлекеттік қызметтің өзіндік белгілері
3. Мемлекеттік қызмет принциптері
4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті басқару



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет