Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқарудағы «Сыртқы орта»



бет47/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

7. Мемлекеттік басқарудағы «Сыртқы орта»
Мемлекеттік басқару жүйесінің (сала, қызмет саласы және т.б..) жекелігі, тұрақтылығы автономиясы барысында «сыртқы ортаға» әсер етеді. Бұл жерде қоршаған ортамен ерекше өзара әрекет туралы айтып отырмыз. Ол қатынастар адам мен табиғаттың өзара байланыстарымен байланысты, ол тұрғындарға қызмет көрсету мен жұмысқа қатысты, қоғамдық құрылымдар арасындағы байланыстар және т.б.. Кең түрде айтар болсақ, сыртқы орта дегеніміз ол саяси, экономикалық және басқа да жағдайлар, онда басқарудың жеке салалары да жалпы мемлекеттік басқару жүйесі де әрекет етеді.
Сыртқы ортаға мынандай объективтік факторлар (жағдайлар) кіреді, олар мемлекет пен қоғам өміріне өздерінің «ізін» қалдырады, мемлекеттік басқару жүйесін құруға, осы жүйенің әрекет етудегі «өзін ұстауына» «ізін» қалдырады. Бірінші кезекте объективтік факторлар туралы және табиғат пен қоғамның дамуындағы заңдылықтар туралы айтып отырмыз, олар адам еркінен тыс сондықтан мүмкіндік шектерін анықтайды және Тиісті түрде мемлекеттік басқаруды талап етеді.
Мемлекеттік басқару жүйесі қызмет ету үшін сыртқы фактор да маңызды болып табылады. Бұл жерде біз Қазақстан Республикасының географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы туралы айтып отырмыз. Республиканың географиялық ерекшелігі ол еуразия кеңестігіндегі «жолдар тоғысында» орналасуында. Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Орта Азия елдері тобымен және басқа да мемлекеттермен шектеседі. Аталған фактор негізгі болып саналады және әлемдік экономикалық жаһандану мен саяси процесстер барысында негізгі болып отыр.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы басқа сыртқы фактор шетел мемлекеттері тарапынан қолдау түріндегі қосымша мүмкіндіктерді атауға болады және елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруды қолдау ретіндегі донорлық ұйымдардың көмегін атауға болады. Интеграция, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруі жаңа технологияның, ғылыми-техникалық жетіктіктерді пайдалануда көп мүмкіндіктер беріп отыр, әсіресе ақпараттық және телекоммуникациялық салада көп мүмкіндік беріп отыр. Ол Қазақстанға ерекше маңызды. Экономиканы сауықтыру көптеген инвестиция тартады, себебі ұлттық жинақты арттыру және капитал жинақтау экономиканың қозғаушы күші болып табылады, ол баяу жүреді. Ол бірінші кезекте республикадағы инвестициялық климатты жақсартуды талап етеді.
Қазақстан Республикасында сыртқы факторларды есепке ала отырып мемлекеттік басқару жүйесін дамыту әлемдік және ұлттық мәдениеттер қатынаса мәселесіне және стратегияны анықтаумен байланысты. Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіруі экономика саласында өндірісті ұйымдастыру саласында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құрылыс саласында қоғамның басқа да өмір сүру салаларында шетелдік тәжірибені қолдануға мүмкіндік беріп отыр. Әлемдік мәдениетке қол жеткізу шетелдік өмір сүру стандартарын зерттеп білу қажет. Сонымен қатар шетел тәжірибесін ақылмен пайдалану керек. Қазақ халқының мәдениеті мыңдаған ғасырлар бұрын қалыптасқан ол өзіндік ерекшелігі бар бірегей салт дәстүр болып табылады. Ұлттық мәдениет нақты бір табиғи ортада нақты бір жағдайларда қалыптасқан және ол осы ортаға бейімделген.
Қорыта келе айтарымыз сыртқы және ішкі факторлар бірімен бірі өзара байланысты, жалпы алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің «сыртқы ортасын» құрайды. Ішкі және сыртқы факторларды есепке алу мемлекеттік басқарудың тиімділігін көрсетеді. Басқарудың мәні мемлекеттік басқаруға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың дамуын міндетті түрде есепке алу болып табылады. «Сыртқы орта» жағдайы туралы білімі болмау мемлекеттік басқару сапасына тікелей әсер етеді. Басқару күрделілігі сол қоршаған орта туралы ақпаратты пайдалану мен игеруде. Сондықтан басқару міндеті сыртқы және объек­тивті арасындағы байланыстың барлық механизмдерін аралық байланыс құрылымы мен субъективтік мемлекеттік басқару арқылы ашу болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру үшін «Қазақстан – 2030» Стратегиясында ай­қындалған мемлекеттік қызметті да­мы­тудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақ­сарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қыз­мет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абы­­ройын қалыптастыру және қолдау» тұ­жы­­рымдамада негізге алынған. Жаңа мо­дель­­дің мақсаты – мемлекеттік қызмет жү­­йесіндегі тиімді кадр саясаты және ада­ми капиталды басқару жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсетудің жо­ға­ры сапасы және мемлекеттік органдар қыз­метінің тиімділігін көтеру; мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру болып табылады. 
Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады [39].
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің функционалдануына әсер етуші қолайлы және жағымсыз факторларын зерттеу арқылы оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау оңайырақ болары сөзсіз.
Бұл бағыттағы бірінші шара электрондық үкіметті жасау мен ендіру болды. Заңнамалық негізі ретінде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болып табылады [45]. Аталған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтар мен ұйымдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жедел және сапалы болуын, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету. Электрондық құжаттар айналымын ендіру бюрократиялық байланыстарды төмендететін және шешімдердің қабылдануын жылдамдатады. «Электрондық үкіметті» белсенді енгізу үшін электрондық мемлекеттік қызмет көрсету шеңбері жұмыстарында халықты оқытуды бірлесіп ұйымдастыру және Интернет-қызметке халықтың қоғамдық қол жетуі үшін пункттер желісін құру қажеттігі туындайды. Біздің елімізде кәсіби әкімдік - өркениетті қызметтің ізашары ретінде «Кәсіби әкімдік» бағдарламасы енгізілді. Бағалау рейтингісінің жобасын жасауды кәсіби даярлықтары жоғары сарапшы-мамандар қамтамасыз етті және де оның заңдылығын растайтын құқықтық органдардың ұсынымдарымен заңдастырылып, сараптаудан өткізілген рейтингілік бағалаудың Ережесі бекітіледі.
Әлеуметтік зерттеу жүргізудің басты мақсаты-мемлекеттік атқарушы орган басшысының кәсіби қызметінің басқарып отырған ұжымның моральдық-психологиялық ахуалына әсерін анықтау және басшының кәсіби, іскерлік және жеке басының ерекшеліктері мен қасиеттерін бағалау, атқарған жұмысының қаншалықты нәтижелі екенін айқындау сияқты міндеттерді көздейді.
Бағалау объектісі, яғни тиісті әкім немесе мекеме басшысы үш кезең бойынша бағаланады. Бірінші кезеңді рейтингілік бағаны облыс әкімінің салық орынбасары береді (мысалы, қаржы департаментінің басшысына облыс әкімінің қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары береді).
Екінші кезең-сараптамалық бағалануы. Бұл жағдайда сараптамашы ретінде тиісті мәслихаттың депутаттары тартылады. Бұл әлеуметтік зерттеудің жанама әдісіне жатады. Бұдан бөлек “Кері байланыс” принципі бойынша әкімдер мен облыстық мекеме басшылары бір-бірінің кәсіби деңгейлерін бағалайды.
Үшінші кезеңде сауалнама әкімдер мен облыстық құрылымдар басшыларының бағынысындағы қызметкерлер арасында анкета толтыру арқылы жүргізіліп, олар өз басшыларына қатысты берген қоғамдық бағалауы алынады. Бұл әлеуметтік сауалнама жүргізудің тікелей әдісі болып саналады.
Рейтингілік бағалау жүйесін енгізу, облыстың атқарушы органдары қызметінің жауапкершілігін атқаруға бағытталған үлкен қозғаушы күш іспеттес құрал болады деуге толық негіз болары анық.
«Кәсіби әкімдік» бағдарламасының іске асырылуы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің біршама ілгерілеуіне айтарлықтай септігін тигізеді. Осыдан да мемлекеттік басқару органдарындағы қызметшілердің жауапкершілігін арттыра түсу қажеттігіне салмақты ой салатынғдығын, олардың тарапынан жауаптылық пен іскерлікке ұмтылыс көріністерінің байқала басталатындығын көруге болады.
Әлемдік практикада мемлекеттік қызметшілердің қойылған мақсаттар мен міндеттерді, лауазымдық нұсқаулықты, орындалатын жұмыс пен қол жеткізілген нәтижелерді салыстыруға негізделген жұмысының түпкілікті нәтижелерін бағалау қолданылады.
Бағалау нәтижелері қызметкерлерді ынталандыру, оларды қызметтік саты бойынша жоғарылату, қосымша оқыту қажеттігі туралы кадрлық шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Жаңа модельде мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалау түпкілікті нәтижеге бағдарланатын болады және мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру мен оларды көтермелеу, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру қажеттігін айқындау, қызмет бойынша жоғарылату үшін негіз болады.
Мемлекеттік қызметтің қабылданған жаңа моделінде мемлекеттік қызметшілердің аттестациядан өту тетігі де жетілдірілетін болады, ол бағалау нәтижелері бойынша қызметі тиімсіз болып табылған мемлекеттік қызметшілерге ғана қолданылатын болады.
Мемлекеттік қызметшілердің бағалау және аттестациядан өту тәртібі мен шарттары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша тиісті нормативтік - құқықтық актімен айқындалатын болады.
Мемлекеттік қызметші мансабының белгіленген әлеуметтік және лауазымдық мәртебеге жоғарылатуды сипаттайтын және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес оның кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан өзін өзі көрсетуі қамтамасыз етілетін ынталандыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы ескеріле отырып, «мансаптық жоспарлау» ұғымы нормативтік тұрғыдан бекітілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілерді мансаптық жоғарылату мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелеріне негізделетін болады.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мансаптық жоспарлау жүйесі заңнамалық тұрғыдан көзделіп, мансаптық жоғарылату критерийлері нормативтік тұрғыдан айқындалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет