Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»


Мемлекеттік басқарудың салалық және қызметтік бастамасы



бет45/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

Мемлекеттік басқарудың салалық және қызметтік бастамасы мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамаларды анықтау мемлекеттік органның жүйесін құруға әсер етуші объективтік факторларды сараптаудың келесі кезеңі болып табылады. Егер де азаматтық институт адамның мемлекетпен саяси-құқықтық байланысын көрсететін болса, тұрғындарды ұйымдастырушылық-құқықтық бірлестік формаға бөлу әлеуметтік жүйенің ұйымдастырушылық-аумақтық және өндірістік болмысын көрсетеді ал мемлекеттік қызметтегі салалық және қызметтік бастамалар қоғамның өмір саласындағы негізгі саланың сапалық ерекшеліктерін анықтауға, әлеуметтік байланыстардың күрделі жүйесін, реттеуге, түзету мен келісуге қажетті қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы объективтік қажеттілікті мүмкіндік береді.

Басқару аумағында және мемлекеттік практикада басқару жүйесінің негізіне қоғамдық дамудың объективтік факторлары салынған. Басқарушылық механизмнің салалық мамандандырылуының материалдық базасы өндірісті және басқа да қоғамдық өмір салаларын мамандандыру болып табылады. Ол соңында келіп тиісті саланың ұйымдастырушылық-құқықтық ресімделуін анықтайды. Осы түрғыдан алғанда экономиканың салалары туралы, мемлекеттік аппараттың материалдық негізін құрушы әлеуметтік саласы мен әкімшіліктік-саяси құрылысы туралы айтуға негіз бар.
Саланың өзіндік материалдық-техникалық базасы болады (ғимарат, құрылыс, көлік және т.б.) олар өндірістік процесті ұйымдастыруға, қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Саланың ерекшеліктеріне қарай технологиялық процестер бірлігі қамтамасыз етіледі. Арнайы құралдар пайдаланылады.
Әрбір саланың өзіндік кәсіби түрдегі кадрлар құрамы болады. Саланың қызметкерлері жалпы кәсіби қызметке тән ортақ сипаттары бар тұлғалар бірлігін құрайды (кәсіп, мамандық, біліктілік), олар тарифтік-біліктілік анықтамаларында және біліктілік сипаттарында қарастырылған.
Өзінің «әлеуметтік мақсатына қарай әрбір сала қоғамның тиісті өмір сүру саласына жатады (эконо­мика, әлеуметтік сала, әкімшіліктік-саяси құрылыс) ол сала ішінде нақты бір арнайы мамандық түрі ретінде болады. Өздерінің қоғамдық қажетті қызметтерін орындау арқылы азаматтардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып әрбір сала сапасы жағынан өзіндік жеке арнайы білімді көрсетеді, оның дамуына қоғам мен мемлекет мүдделі болады. Заңнама көмегімен мемлекет әрбір саланы дамытуды қамтамасыз ететін мәселелер тобы анықталады.
Екінші жағынан билікті орталықсыздандыру қажеттілігі көрініп отыр және төменгі деңгейдегі басқаруға тікелей қатысы бар уәкілеттіктерді беру қажеттілігі көрініп отыр. «Қазақстан —2050» стратегиясында нарықтың көмегімен аумақтар арасында бәсекелестік құрып оны арттыру қарастырылған, ол мына принцип бойынша жүргізіледі: үздік аумақ дегеніміз тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғары аумақ. Өндірістік күштер туралы айтар болсақ, онда олар шоғырландырлуы керек, оған ең жақсы жағдайлар жасалған.
Аумақтық саясаттың негізгі бағыттары орталық және жергілікті органдардың әлеуметтік-экономикалық реформа жүргізуде тиісті құқықтық қаржылық қамтамасыз ету жағдайында аумақтық өзін өзі басқаруда тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету болып табылады. Тәжірибе жүзінде қолданыстағы құру жүйесін жергілікті уәкілетті органның уәкілеттілігін арттыратын аумақтық ерекшеліктерді есепке алатын барлық деңгейде де бюджетті орындауды жетілдіру қажет (табиғи-климаттық, географиялық, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын және т.б.).
Осы тұрғыдан алғанда кең түрдегі сала аралық және аумақ аралық координациялау қажеттігі ведомства аралық (сала аралық) басқаруды жүзеге асыруда және арнайы сипаттағы уәкілеттік барысында көптеген ұйымдастырушылық қатынастарды көрсетеді.
Басқаша айтқанда, салалық бастама мемлекеттік басқару тиімділігін толық деңгейде қамтамасыз ете алмайды; ол қызметтік бастамада толықтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет