Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет9/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Байланысты:
multi-88118 x993771891

2. Мемлекеттік басқару формасы
Менеджеризмді мемлекеттік ұйымдар қызметіне енгізу жеке бақылаушылықтың бес түрін анықтауды көрсетеді олар жауапты шенеуінік үшін қажетті минимумдар: құқықтық бақылау (заңнамалық реттеу); қаржылық бақылау (мемлекеттік қаржы қалай жұмсалып жатыр); саясатты жүзеге асыру тұрғысынан (мақсатқа қол жеткізу; уәдені орындау және күтілетіндер); демократиялық бақылау (таңдалған ұйымдармен ақпарат және кеңес беру, азаматтармен байланыстар); этикалық бақылау (этикалық нормаларға сәйкес әрекеттер). Мемлекеттік менеджмент жетістікпен енгізілген елдерде жоғары лауазымдық тұлғалардың және саясаткерлердің негізгі жауапкершілігі (мемлекеттік менеджерлер) мақсатқа қол жеткізумен байланысты және таңдалған саясат нәтижелеріне байланысты немесе мемлекеттік ұйымның миссиясына байланысты. Екінші кезектегі жауапкершілік ұйымның заңнамаға сәйкестігін немесе бухгалтерлік есептің ережелерінің сәйкестігін бақылау (қаржы құралын мақсатты пайдалануды тексеру) жауапкершілік саласы Қазақстанда көбіне маңызды ретінде қарастырылады. Онда бюджеттік қаржыны пайдаланудағы негізгі жауапкершілік мүлдем бақыланбайды, себебі саясаттың нақты көрсетілген мазмұны мен мақсаты оның жүзеге асырылуын бақылауға мүмкіндік беру жағы құрылмаған, сонымен қатар демократиялық институттар құру мүмкіндігі жоқ. ҚР әкімшіліктік реформалар концепциясында мемлекеттік басқару ұйымдарының бағыты бюджеттік қаржыны игерудегі «жылдамдыққа» емес, нәтижелікке бағытталған ол әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы маңызды шектеулерді жою ретінде қарастырылады. Онда мемлекеттік аппараттың жұмыстарының ашықтығын меңзейді, ол сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді, ұсынылып отырған қызмет сапасын жақсартады. Реформаның негізгі құралдарының бірі ол мемлекеттік басқаруды қаржыландыру механизмдерін өзгерту болуы керек, «нәтиже бойынша бюджеттеуді» енгізу болмақ. Сондықтан реформа барысында мемлекеттік аппараттың инновациялық әрекеттеріне жағдайды қамтамасыз етуге бағытталу керек, сонымен қатар оның кәсіби сапасын дамытуға бағытталу керек яғни басқарушылық қызметті жоспарлау ептілігіне және сандық және сапалық көрсеткіштері бар құралды көрсетуге бағытталған басқарудың бағдарламалық әдістерін кең пайдалану, яғни ол қазіргі заманға сай мемлекеттік менеджментті көрсетеді. Дамып келе жатқан мемлекеттегі тұрақтылық қоғам қойған мақсат деңгейін арттырады және тиісті кәсіби рөлдерді орындайтын білікті адамдар санын арттырады. Мемлекет тұрақтылыққа қол жеткізу үшін және қоғамдық байланыстарды реттеу үшін инновацияға ептілігі бар жаңашыл игіліктер тудыратын адамдарды марапаттап, саяси кландар мен харизматикалық көшбасшылар рөлін төмендетуі керек. Білікті мамандарды тарту үшін еңбекақысын арттыру арқылы және сайыс арқылы жұмысқа қабылдаумен жағдай жасай отырып кәсібилік пен адалдық үшін әлеуметтік оазис құра алады. Атап айтқанда материалдық және адами ресурстарда бірінші көңіл аударатын мәселе аталған ведомства үшін маңызды болатын мәселеге көңіл бөлу, мысалы салықтық және кедендік мәселелер. Сонымен мемлекет үшін мемлекеттік менеджменттің концепциясының маңыздылығы бірінші кезекте басқару жүйесін жетілдіруге арналған реалия іздеу, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалдық басқару құрылымдарында нарықтық механизмдер енгізу болып табылады. Қазіргі дәуірде мемлекеттік билік пен басқаруға едәуір түзетулер енгізіп жатыр. Экономикалық байланыстарды дамыту ғылыми жаңалықтар және зерттеулер жаңа коммуникация құралдарының және техниканың пайда болуы әлемді бір бірегей өркениетке біріктіріп отыр, әрбір элементі осы жүйенің бір бөлшегі ретінде ғана болады. Осы жағдайда даму қарқынынан артта қалу, рационализация мемлекеттік егемендігіне қауіп төндіреді.
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік басқарудың негізінен екі формасы қолданылады — республика және монархия, оның әрқайсысының модификациясы бар.
Республика — басқару формасы онда жоғары мемлекеттік билік таңдалған өкілетті ұйымға тиесілі, ал ел басын тұрғындар сайлайды немесе арнайы сайлау алқасы сайлайды. Республикалық билік формасынан сайланып алынған елбасы көбіне президент болып табылады. Мемлекеттік ұйымдағы парламенттің орнына байланысты республика парламенттік немесе президенттік болады. Парламенттік республика — мемлекеттік билік жүйесі, онда парламенттің артықшылықтағы орнында заңнамалық және атқарушылық ұйымдар қызметтері нақты бөлінген. Әлемде президенттік республикаға ауысу байқалып отыр, яғни атқарушылық биліктің артуы (президент, үкімет) және парламенттің нақты құқықтарының кемуі байқалып отыр.
Монархия деп ел билігі монарх болғанда (хан, патша, шах және т.б.), ол билікті әдетте мұраға алады. Монархия шексіз және (абсолютты) конституциялық болып бөлінеді.
Конституциялық монархия барысында монарх билігі парламентпен шектелген. Абсолютты монархия қазіргі заманда өте сирек кездеседі, конституциялық, керісінше, кең тараған (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет