Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Тапсырма . Төмендегі Фердинанд де Соссюрдің пікірін



Pdf көрінісі
бет24/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

Тапсырма
.
Төмендегі Фердинанд де Соссюрдің пікірін
пайдалана отырып, «Жазу тілді өзгерте ме?» атты пікір-
сайысқа дайындалыңыздар.
“Сөйлеу мен жазу – бұлар екі түрлі таңбалар жүйесі:
соңғысы тек сөйлеуді бейнелеу мақсатында өмір сүреді....
Лингвистиканың пәні жазба сөз бен ауызша сөздің қосындысы
емес, ауызша сөз ғана лингвистиканың пәні болмақ....Біз тіл
тарихына барсақ та, тілдің қазіргі күйін зерттесек те, тілдің
қағазға түскен жаз-ба формасына қол созамыз, түптеп келгенде
жазуға ерекше мән береміз... “Жазу ауызша тілді нашар
бейнелеген сайын оның ауызша тілге табан тіреуі де күшейе
түседі…письмо скрывает язык от взоров, оно его не одевает, а
рядит”. “Для Соссюра пись-мо-это одеяние извращенности и
порока личные разложения и притворства, маска, из которой
хорошая речь должна изгнать злых духов”.
Жазбаша бақылау сұрақтары
1. ХХ ғ. аяғы стильаралық айырмашылықтардың азаюымен, әдеби
тілде қарапайым, ауызекі тіл элементтерінің көбеюімен ерекшеленді
деген пікір рас па?
2. Жазу – тiл өмiр сүруiнiң бiр формасы ма, әлде өз алдына дербес
тiлдiк жүйе ме деген сауалдар кімнің зерттеулерінен кейін пайда бол-
ды?
3. «Тіл (languа) – индивид санасында сақталған ғажайыптардың
қоры, көпшіліктің, тілдік ұжымның санасында орналасқан пас-сив
грамматикалық жүйе, сөз – (langage) жеке индивидтердің
қолдануындағы белсенді (актив) жүйе; сөйленістен екшелген,
сөйлеушілердің жанында қалатын тілдік әрекеттің бөлігі ғана тіл бо-
лып табылады» деген пікірдің авторы?
4. Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тіла-
уызша тілге айнала алады деген пікірдің авторы?
41


5. Ж
азба тілдің дербестігін
алғаш айтқан ғалым?
6.Әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы 
бойынша қатаң айыруды талап еткен ғалым?
7.
Тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу ке-
рек деген кім?
8.
Жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдар?
9.
И.Е.Гельб «жазудың о бастағы болмысы тілден өзгеше еді.
Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетіл-
ген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік
сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды»
деген пікірін қалай түсінесіз?
10.
В.А.Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын
көмекші құрал деді ме?
11.
Жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп,
мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас не себептен пайда болды?
12.
Графикалық лингвистика дегеніміз не?
13.
А.А.Волков жалпы жазуды зерттейтін ғылымды қалай атады?
14. Грамматология 
терминін алғаш қолданған ғалым?
15.
Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахектің жазу
теориясындағы қызмет калай бағалайсыз?
16.
Жазба тілмен 
жазба сөз
болады деген ойды алғаш айтқан
ғалым?
17.
Т.А.Амированың жазу теориясына қатысты көзқарасын
айтыңыз.
18.
Г
рафикалық лингвистика
деген терминді ұсынған ғалым?
19.
О.Сүлейменовтің «тіл тарихына барған сайын, алғашында
таңба болғанын сосын оның ауызша түрі – сөз болғанына көзім жете
түсті» дегенін қалай түсінесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет