Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет


Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры



бет5/6
Дата08.12.2023
өлшемі52,34 Kb.
#134946
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 5

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
Қор іске асыратын бағдарламалар:

  • Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі;

  • бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;

Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде:

  • факторинг;

  • қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг);

  • дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру;

  • екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру;

  • жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу;

  • оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру;

  • Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;

  • әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы;

  • микрокредиттеу;

  • кепілдік беру.

Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.
Микрокредиттеу секторына жекеменшік капиталды тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі механизм әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оларға екінші деңгей банктерінде кредиттер алу кезінде кепілдіктер береді. Бұл механизмді енгізу шағын бизнес сферасына ресурстардың үлкен көлемін тартуға мүмкіндік береді, сонымен бірге Қазақстанда сақтық компаниялары қызметтерінің спектрін кеңейту үшін қозғау салады.
Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.
Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет