Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


  2 ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚОРЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МЕМУАРЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 


22 
2 ЖЕКЕ ТЕКТІК ҚОРЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ МЕМУАРЛЫҚ 
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАҚТАУ 
 

2.1 Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі мемуарлық 
құжаттарды жинақтау тарихы 
Жалпы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві арнайы түрде 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық мемлекеттік Жаңа тарих 
архивінің негізінде 1994 жылы құрылған мекеме болып табылады. 
Архив Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты арнайы 
мемлекеттік органдардың және сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің, 
Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына енетін республикалық аса 
маңызды ұлттық мәдени орталықтардың құжаттарымен толықтырылады. Архив 
Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және Мемлекет 
басшысына бағынышты басқа да мемлекеттік органдардың да қызметін 
ақпараттық-архивтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттерді атқара-
тын арнайы заманауи, технологиялық жабдықтандырылған кешен. 
Архивте егеменді еліміздің қалыптасуының дәуірлік оқиғаларын және де 
мемлекетіміздегі ішкі және сыртқы саясаттың, халықаралық қатынастың, 
экономиканың, әлеуметтік-мәдени дамудың маңызды үрдістерінің санқырлы 
мәселелерін кӛрсететін бірегей ақпараттар шоғырланған. Мұнда Қазақстан 
Республикасының Конституциясы (1995 ж.) және де Қазақстан Республикасы-
ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың актілерінің түп-
нұсқалары, оның халықаралық конгресстерде, форумдар мен кездесулерде 
сӛйлеген сӛздерінің мәтіндері сақталуда [25]. 
Сонымен қатар, Архив қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде 
республиканың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке текті 
құжаттарын жинақтау болып табылады. 
Жеке қорлар – кеңестік дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі саяси элита ӛкіл-
дерінің ӛмірі мен қызметін, Қазақстанның дамуына қосқан үлесін кӛрсететін 
дереккӛздердің бірегей жинағы. 
1998 жылдан бері Архивтің құрамында арнайы Жеке қорлар бӛлімі 
ұйымдастырылды. Және де 1998-1999 жылдары Жеке қорлар басқармасымен 
қор құрушылардың тұлға ретіндегі орны және мемлекеттік сақтауға қабылдана-
тын құжаттарының болуын, олардың жай – күйі, тарихилығы, толықтылығы, 
жүйелілігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. 
Нәтижесінде ХХ ғасырлардың басынан бастап Қазақстанның белгілі қоғам, 
мемлекет және саяси қайраткерлерін қамтитын жеке текті құжаттары бар ҚР 
Президенті архивінің нақты және де әлеуетті кӛздерінің жеке тұлғаларының 
тізімдері дайындалды. Олардың қатарында партия және комсомол 
қызметкерлері, жоғары мемлекеттік органдардың басшылары және кеңестік 
номенклатураның басқа да ӛкілдері, шетелдегі қазақ диаспорасының жетекші-
лері, кеңеске дейінгі кезеңдегі альтернативті саяси партиялар мен қозғалыстар-


23 
дың, атап айтқанда, «Алаш» партиясының, Қазақстан тарихының қазіргі 
кезеңдегі мүшелері кіреді. Тізім үш бӛлімнен тұрады: 
Бірінші бӛлімде альтернативті саяси қозғалыстардың қайраткерлері, атап 
айтқанда «Алаш» партиясы мүшелерінен тұрады. 
Екінші бӛлімде Қазақстан Компартиясының қайраткерлері: Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитеттері және де комсомолының хатшылары, 
меңгерушілері, бӛлім меңгерушілерінің орынбасарлары, Алматы облыстық 
комитеті мен қалалық комитетінің хатшылары, Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің мүшелері де, мүшелігіне кандидаттар да болған 
Коммунистік партия, сондай-ақ Қазақ КСР Үкіметі мен Жоғарғы Кеңесінің 
басшылары кіреді. 
Үшінші бӛлім егеменді Қазақстанның қоғам, саяси және де мемлекет 
қайраткерлерінен: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің және 
Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекет-
тік органдардың қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің де қызметкер-
лерінен және Қазақстан Республикасының дипломатиялық ӛкілдері, тәуелсіз 
Қазақстанның саяси, қоғамдық партияларымен қатар сол қозғалыстарының 
жетекшілерінен тұрады. 
Кеңестік партия басшыларының қорларының негізгі бӛлігін ӛмірбаяндық 
құжаттар құрайды, оларда қолжазбалар, мемуар сипаттағы жарияланған 
материалдар, хаттар, күнделіктер, фотосуреттер ең құнды деректік негіздер 
болып табылады. Мысал ретінде С.Қ. Құбашевтың «Ұмытылмас кездесулер» 
Ж. Шаяхметовпен кездесуі, Д.А. Қонаевпен, Г.В. Колбинмен бірлескен іс-
шаралары туралы, В.Н. Титов, В.А. Ливенцов және басқа да қайраткерлердің 
естеліктерін келтіруге болады; А.П. Рыбниковтың құжаттарының арасында 
Д.А. Қонаев туралы естеліктер жазылған оның мақаласының қолжазбасы бар. 
ҚР Президентінің Архивінде естелік құжаттарын жинақтауды ҚР Тұңғыш 
Президенті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1999 жылы 
басталды. Мұндағы басты мақсат – мемлекеттің құрылуы мен дамуы және 
Елбасының жеке басы туралы тарихи құжаттарды, сондай-ақ Қазақстанның 
кӛрнекті тұлғаларының ӛмірі мен қызметі туралы құжаттарды сақтау болды. 
Құжаттарды жинау барысында бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалармен
саясаткерлермен және қоғам қайраткерлерімен байланыс орнатылды. Архив 
қызметкерлері сұхбат, фильм түсіру, кездесулерді жазу және т.б. сияқты 
материал жинаудың әртүрлі түрлерін жүргізді. Сондай-ақ, архив қорына 
енгізілетін құжаттарды сараптап, іріктеумен айналысатын арнайы комиссия 
құрылды. Соның нәтижесінде мемлекет тарихына байланысты жоғары 
лауазымды тұлғалар мен саясаткерлердің естеліктері, жеке тұлғалардың хат-
тары мен күнделіктері бар кӛп томдық құжаттар жинақтары жарық кӛріп 
бастады. 
Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Архиві Қазақстан тарихын сақтау мен 
зерттеудің ең ірі орталығы болып табылады. Оның қорында Қазақстан 
Республикасы Тұңғыш Президентінің ӛмірі мен қызметіне, мемлекет пен 
жалпы қоғамның дамуына қатысты кӛптеген құнды құжаттар бар. Мұнда 


24 
барлық құжаттар халықаралық стандарттарға сәйкес сақталады және де оларды 
ғылыми зерттеу мақсатында пайдалануға болады. 
ҚР Президенті Архивіндегі Жеке қорлар басқармасының бастауымен 
қоғамдық және саяси қозғалыстардың, ұйымдардың, партиялардың, оның 
ішінде «Алаш» партиясының мүшелерінің, ХХ ғ. басынан бергі кеңестік 
партиялық номенклатураның, сонымен бірге «қазіргі замандағы формация-
дағы» мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлерінің, ӛкілдерінің құжаттарын 
жинау тарихы басталды. Сол қызмет негізінде мемуарлық құжаттарды жинақ-
тау да басшылыққа алынды. Осы жұмыстардың арқасында кӛптеген мемуарлық 
құжаттар мемлекеттік сақтауға қабылданып, толығып жатыр. Архив оларды тек 
сақтауға қабылдап қана қоймай, ол құжаттарды жинақтап, зерттеуден ӛткізіп, 
арнайы құжаттық жинақтар шығаруда. 
Жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері ретінде арнайы басылған 
«История Отечества в судьбах его граждан» [26] атты Қазақстандағы алғашқы 
болып саналатын автобиографиялық жинақты қарастыруымызға болады. Бұл 
жинақта жарық кӛрген мәтіндер Қазақстан Республикасы Президенті 
Архивіндегі жеке қор құжаттарынан алынған. Айта кетерлігі, автобиографиялар 
ӛз кезегінде мемуарларық құжаттарға ұқсас болып келеді. Мемуарлар секілді, 
олар да болған оқиғалардан кейін жазылады, олардың сипатталуының егжей-
тегжейлі болу дәрежелері бірқатар факторлардың әсерінен туындайды, бірақ 
сонымен бірге ӛмірбаяндар жанрдың белгілі бір заңдылықтарын сақтай 
отырып, түпнұсқа дереккӛздер болып қалады. Бұл құжаттар бекерден бекер 
құрастырушылардың кӛзіне түскен жоқ. Кӛптеген жылдар бойы олар ӛздерінің 
бірегейліктеріне қарамастан зерттеушілердің назарынан тыс қалып жатты. 
Алайда, қазіргі уақыттарда олармен жұмыс жасауға деген сұраныстар арта 
түсуде. Бұл құжаттарға деген сұраныстардың артуы, олардың деректік 
маңызының жоғары екендігінің тағы да бірден бір дәлелі. 
Кітапты дайындау барысында құрастырушылар, біріншіден, оқырманға 
халқымыздың ӛткенін отан тарихын жасауға қатысқан тұлғалардың тағдыры 
призмасы арқылы қарауға мүмкіндік беруге, екіншіден, ӛмір жолының типтік 
құрылымын және ӛмірбаянның ерекшеліктерін кӛрсетуге тырысты. 
Жинақ жасаушылар жариялауға құжаттарды таңдау кезінде келесідегі 
критерийлерді басшылыққа алды: мәтін авторларының туған жылы, ұлты, 
шыққан тегі, Қазақстанға деген кӛзқарасы, еңбек ету саласы, маңызды оқиға-
ларға немесе процестерге қатысуымен кӛзге кӛрінулері. Ӛмірбаяндардың 
жазылу күні жетекші критерийлердің қатарында болмаса да ол құрастырушы-
лардың назарынан тыс қалмады. 
Жарияланған 187 мәтін 1870-1925 жылдар аралығында дүниеге келген 
адамдардың тағдырын кӛрсетеді және олардың авторлары Қазақстандағы 
отарлық езгінің күшеюі, орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы, әкімшілік 
реформалар арқылы қазақ руларының жерлерін тартып алу, сонымен қоса, 1916 
жылғы кӛтеріліс, революция, 1917 жылғы азамат соғысы, қазақ саяси элитасы 
бұқарасының наразылығы (Алаш қозғалысы), қазақ саяси элитасының 
қалыптасуы аясындағы оқиғалар мен процестердің куәгерлері және 


25 
қатысушылары болды.
Ұсынылған дереккӛздер кеңестік жүйенің құрылу және 
нығаю үдерісін айқын ашып кӛрсетеді: «жартылай феодалдарды тәркілеу» және 
де кӛшпелілерді күштеп отырықшыландыру саясаттары нәтижесінде қазақтар-
дың ұлттық мемлекеттілікке ие болуы, геноцид, тау-кен ӛнеркәсіптерінің 
қарқынды дамуы сонымен қатар Орталық Қазақстанды «Гулаг архипелагының» 
бір бӛлігіне айналдыру, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын 
дамыту және іс жүзінде қазақ тілін мемлекеттік қолдану аясынан шығару 
секілді мәселелерді қамтиды. Жарияланған құжаттардың кӛбінің орыс тілінде 
жазылуы да осыны айғақтайды. 
Автобиографиялар міндетті құжаттар ретінде кеңестік кезеңде пайда бол-
ды. Олар қажетті уақытта, арнайы жағдайларда, белгілі мақсаттармен жасалын-
ған құжаттар. Автордың қолымен куәландырылған ӛзі туралы деректердің 
жазбаша мәлімдемесі бастапқыда революциялық қызметке, азаматтық соғысқа 
және тағы да қатысу фактілері кӛрсетілген арнайы сауалнамалардың сұрақ-
тарына жауап болған.
Уақыт ӛткеннен кейін бұл жеке мәліметтерді арнайы 
партиялық органдар, ішкі істер органдары тексерген. Мәндері бойынша, ӛмір-
баяндар азаматтың режимге адалдық дәрежесін анықтайтын құжат түрі ретінде 
танылған. 
Кітапта Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде сақтаулы ӛмір-
баяндар жарияланған. Әр түрлі ұлттар азаматтарының ӛмірбаяндары арқылы 
Қазақстанның кӛпұлтты халқының қалыптасу процесін байқауға болады. Онда 
патша тәртібі кезіндегі орыс шаруаларының жаппай жер аударылуынан бастап 
кеңестік кезеңдегі жекелеген әлеуметтік топтар мен тұтастай халықтардың 
еріксіз кӛшірілуіне дейінгі оқиғалар баяндалған. Жинақта кеңес дәуірінің әр 
кезеңінде Қазақстанға жіберілген ауыл шаруа-шылығы мамандары, партия 
және кеңес жұмысшыларының ӛмірбаяндары енгізілген, сондықтан онда 
аумақтық қана емес, дүниежүзілік тарихтың да толқыныстары кӛрініс тапқан. 
Мемуарлық құжаттардың жиналу тарихына қатысты аудармашы және де 
критик, жазушы Л.К. Шашкованың «Память во имя будущего» [27] деген 
мақаласын да қарастыруымызға болады. Ол мақалада «Депортация тарихынан» 
[28] деген Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Орталық 
мемлекеттік архивтердің бірлесіп шығарған жинағы жайлы сӛз қозғаған. Және 
де ол жинақты жасауға ӛзі де қатысқан. Оның мақаласын қарастыратын болсақ: 
2010 жылдың мамыр айында Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы сонымен 
қатар М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің 
посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу ақпараттық-
талдау орталығының қолдауымен ТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан 
тағылым – Ӛткенге тағзым» форумы ӛткілген.
Ортақ жеңістер мен қайғылы 
оқиғаларға толы бүгінімізді және де ӛткенімізді жүйелі және жан-жақты 
зерделеу үшін интеллектуалдық күш-жігерді біріктіру қажет деп танылған. 
Жалпы форум аясында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 
қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен, сондай-ақ тарихшылар, 
зерттеушілермен кездескен. Және де соған байланысты арнайы зерттеу 
жұмыстарын атқаруды тапсырды делінген болатын. 


26 
Жоғарыда аталып ӛткен жинақтарды дайындау барысында кӛптеген 
құжаттар зерттелді, әсіресе әртүрлі ұлт ӛкілдерінің естелік, мемуар құжат-
тарына қызығушылық арта түсті. Сол естеліктер негізінде елімізге күштеп 
қоныс аудару науқандарының кестесі де жарияланған. 
Қазақстан Республикасы Президенті Архиві арнайы «Әділет» қазақ 
тарихи-ағарту қоғамымен бірлесіп «Старницы трагических судеб» [29] атты 
құжаттар жинағын басып шығаруға ӛзінің үлестерін қосқан болатын. Жинақта 
КСРО-да саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған азаматтардың, сұмдық айыптау 
объектісі болған, Сталин тозағының барлық шеңберінен ӛткен азаматтардың, 
сонымен қатар репрессияға ұшырағандардың отбасы мүшелерінің естеліктері 
жарияланған. Жинақтың материалдарында нақты адам тағдырларының 
призмасы арқылы 1920 жылдардың аяғынан бері орын алған жаппай террорды 
жүзеге асырудың тетіктері анық кӛрсетілген. Естеліктер 20-ғасырдың басы мен 
бірінші жартысындағы қазақстандықтардың ӛмірі мен күнделікті басынан 
кешкен жайттары туралы дерек кӛзі ретінде де қызықты болып табылады. Әрі 
бірқатар естеліктерде шежірелік сипаттағы мәліметтер бар. Бұл кітап ерлікке, 
қаһармандылыққа, жақындары үшін жанқиярлыққа, адамдардың рухының күш-
қуатын арттыруға шақыратын деректік негіздегі құрал. 
Кеңес заманында үш орыс революциясына, ұлт-азаттық қозғалысқа және 
азамат соғысына қатысушылардың, жастар қозғалысына қатысушылардың, 
социалистік қоғамды белсенді құрушылардың естелік жинақтары жарық кӛрді.
Оларда, әрине, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы кӛптеген халық қаһарман-
дары туралы естеліктер жоқ. Оларға саясат «халық жауы» және де коммунизм 
идеяларынан тайғандар деп жала жапты.
Қ
уғын-сүргін саясаты бұл адамдарды 
ғана емес, олардың отбасы мүшелерін, жақын және алыс туыстарын шығарма-
шылық жұмыстарынан шеттетті.
Кеңес ӛкіметі жылдарында жарық кӛрген бұл 
жинақтарда естелік жазушылар ӛздері қатысушы болған оқиғаларды біржақты 
етіп, социалистік жүйелерді, коммунисттік партияларды дәріптеп, олардың 
дәуірін халық идеологиясы позициясынан кӛрсетуге мәжбүр болды. Соған 
қарамастан, оларда кеңестік қоғам тарихының сан қырлы бейнесін құрас-
тыратын материалдар бар. 
КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының естеліктер жинағын шыға-
ру барысында, оны құрастырушылар, біріншіден, жастардың саналарына
болашақ ұрпаққа сол заманның қарама-қайшылықты мәнін жеткізу міндетін 
қойды; екіншіден, қиыншылыққа тап болған адамдардың қандай рухты, тӛзімді 
болғанын, болашаққа деген сенімдерін, үшіншіден, ӛздері іргетасын қалаған 
қоғамның бет-бейнесін ашқылары келді. Жалпы, онда үш ұрпақтың тағдырын 
баяндайтын жарияланған материалдар орасан зор эмоционалдық қуат, қайғы 
мен ержүректілігі қатар жүретін жиырмасыншы ғасыр туралы ойға азық береді. 
Жинаққа 1937-1938 жылдардағы қасіретті қуғын-сүргінге ұшыраған-
дардың естеліктері енгізілген. Тоталитарлық режим космополиттік болды, олар 
руханияттың, гуманизмнің, әділдік пен ізгіліктерді ту еткендердің барлығын да 
ұлтына қарамастан қудалады.


27 
Белгілі тұлғалар 
С. Жансүгіровтің, Қ. Досмұхамедованың, Р. Майлинаның, 
С. Рысқұлованың, Р. Жұмабаеваның және де басқалардың естеліктерінде 
кӛрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің тағдыры, қазақ совет әдебиеті 
мен мәдениетінің негізін салушылар туралы айтылады.
Жинақтардың құндылығы зор. Бұл жинақтарда жарияланған құжаттар 
дәуірдің ерекшеліктерін зерттеуге қажетті үлкен материал. Жақсының аты 
ӛлмейді, ақынның хаты ӛлмейді деген қанатты сӛздің тағы да бір куәсі осы 
тұлғалардың артынан қалдырған естеліктері болып табылады. 
Он жылдан астам уақыттан бері саяси қуғын-сүргін тақырыбы қоғам 
талқылауындағы мәселелердің бірі болды. «Забвению не подлежит», «Жоқтау» 
секілді кітаптар жарық кӛрді. Дегенмен де, бұл тақырыптар әлі толығымен 
ашылған жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президенті Архиві осы 
«Әділет» қоғамының саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының естеліктерін 
баспаға дайындауға кӛмек кӛрсету туралы ұсыныстарына келіскен болатын. 
Бұған дейінгі құрастырушылардың қолындағы ақпараттардың кӛбі 
оқырманға белгілі болған. Соған байланысты құрастырушылар естелік автор-
ларын 19 ғасырдың аяғынан бастап ӛз отбасының тарихы туралы есте қалған-
дары мен білетіндерінің барлығын айтып беруге шақыру арқылы ӛз міндеттерін 
қиындатқан. Олардың бар ойы, осыған дейін ешқандай жерде жарық кӛрмеген, 
белгісіз ақпараттарды ұсыну болды. Және де жинақты құрастырушылар бүгінгі 
күнге дейін күнделікті ӛмір тарихтарын ашатын фактілерді мүмкіндігінше 
жіберіп алмауға тырысады. Осылайша, жинаққа енгізілген мәтіндердің түп-
нұсқалығы, олардың бұрындары еш жерлерде жарияланбағандығы, оқиғаларға 
қатысқан жандардың берген сұхбаттары бұл жинақтың құндылығының артуына 
септігін тигізді. 
Айта кету керек, естеліктер авторларының кейбірі ӛз бетінше зерттеу 
жұмыстарын жүргізіп, жақындары туралы сан алуан, түрлі дереккӛздерден 
мәліметтер жинаған. Құрастырушылар қуғын-сүргінге ұшырағандардың ӛмір-
баяндық деректерін Қазақстан Республикасы Президент Архиві және де Орта-
лық мемлекеттік архив құжаттарымен салыстырып тексерді. 
Жинаққа бас аяғы 66 естелік кіреді. Естелік авторларының бір бӛлігі құрас-
тырушыларға ӛз бастамаларымен жүгінген болса, ал естеліктердің екінші бӛлігі 
Президент архивінің қорынан алынған. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың 
«Тарихымыздың қасіретті беттерін, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық 
құрбандарын еске алу біздің халқымыз үшін әрқашан да қасиетті болды, болып 
табылады және де болып қала береді» деген сӛзін есімізден шығармауымыз 
қажет. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1993 жылғы 14 сәуірде «Жаппай саяси 
қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» [30] ҚР Заңы шықты, Саяси қуғын-
сүргін құрбандарын еске алу кітаптары жарық кӛрді, жазықсыз құрбан болған 
отандастардың жарқын есімдері жазылған естелік жинақтары басылып 
шығарылды. 
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві де бұл іске 
белсене кіріскендігін айта кетуіміз керек. Архив қызметкерлері, зерттеушілер 


28 
халқымыздың басынан кешкендеріне аса үлкен кӛңіл бӛліп, кӛптеген естелік 
құжаттарды қарастырып, оларды жинақтап, кітап ретінде басып шығаруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет