Кіріспе І. Тарау «АҚ» ЖӘне «Қара» ТҮр-түс атауларының мағыналық ЖӘне тұЛҒалық дамуы


І. 3.«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының қолданыс аясы және



бет12/30
Дата12.04.2023
өлшемі167,25 Kb.
#81819
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
І. 3.«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының қолданыс аясы және қарама-қарсы жүйеде қолданылуы
Жалпы «түр-түс әлеміне» тән атаулардың ішінде өзінің коммуникативтік белсенділігімен көзге түсетін «ақ» және «қара» түр-түс атауларының өздеріне тән пайда болу және қолдану жүйесінде калыптасқан ерекшеліктері бар. Солардың ең бастысы олардың өзара қарама - қарсы мағынада қолданысы жатады.
Дүниедегі құбылыстардың ерекшелігі мен құндылығын, әдетте, оларды салыстыру - салғастыру арқылы айқын байқауға болады десек, «ак» және «қара» түр-түс атауларына байланысты да олардың көп құпия сырын айқындауға болатын сияқты. Мысалы, тіліміздегі бір - біріне қарама-қарсы мағынада колданылатын «ақ ниет» пен «қара ниет» тіркестерін алып қарасақ, екеуінің де сипатты отырған нысаны - адамға тән қасиеттердің бірі - ниет. Бірақ оның біреуі - «ақ» та, екіншісі - «қара» және біреуін айтқанда екіншісі ассоциативті түрде еске түсетін, логикалық байланысын сақтайтын - бір құбылыстын екі көрінісі, екі қалпы.
Ал, қазақ тілі бұл тәрізді контрастивті жұп қолданыстарға өте бай және олар тіл қарым-қатынасының барлық саласында «Адам», «Қоғам», «Табиғат» - түгел кездесетін тіл табиғатымен етене бірге дамыған құбылыс. Мысалы: ақ кемер >< қара кемер, ақ жауын >< қара жауын, ақ өлең >< қара өлең
«Ақ» және «қара» контрастивті атаулары ортақ нысанға байланысты болғанымен оларға деген әр түрлі мағыналық қатынасына қарай үш топқа бөлуге болады.
Контрастивті жүйеге шартты түрде ғана қатысты «ақ» және «қара» атауларынан туындаған жұп тіркестер. Қазақ тілінде кездесетін «ақ» және «қара» атауларынан туындаған контрастивті жұп тіркестерінің біразы бір нысанға қатысты қалыптасқанда, мағыналары әр қилы болып келеді. Сондай-ақ, жұп тіркестердің бір тобы бір сыңары тура мағынасында болса, екінші сыңары ауысалы мағынасында, не қазақ болмысында қалыптаспаған тосын мағынасында қолданылуы арқылы жұптасып тұрады.
Осы құбылысқа ұқсас «ақ сауыт» пен «қара сауыт» деген жұп тіркестерді де шартты қолданыстан туындаған кұбылыс деуге болады. Өйткені мұндағы «ақ» түс атауы «шынжырлы тор көздері болат, құрыш, асыл темірден тоқылып жасалған сауыт» дегенді білдірсе, «қара» түс атауы «көненің көзіндей көп сакталған, атадан балаға мұра болып келе жатқан көне сауыт дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет