Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет19/20
Дата22.12.2022
өлшемі271,81 Kb.
#59007
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ҚОРЫТЫНДЫ


Психология – психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым.Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жіктеуге болады:
Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік.
Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшнліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің саласы болып табылады.
Адамзат іс-әрекетінің нақты түрінің психологиялық проблемаларын зерттейтін психологияның салалары:
Еңбек психологиясы адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми (ЕҒҰ) ұйымдастырудың психологиялық астарларын зерттейді. Еңбек психологиясының міндетіне адамның кәсіби ерекшеліктерін, еңбек дағдыларын дамытудың заңдылықтарын, өндірістік жағдайдың ықпалын анықтау жатады. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады: олар сонымен қатар өз бетінше дербес, бір-бірімен байланысты психология ғылымдарының салалары. Олар: инженерлік психология; авиация; космос психологиясы.
Жас психологиясы әр жастағы адамның психикалық дамуының заңдылықтарын, әртүрлі психикалық үрдістер мен қасиеттерінің қалыптасуын зерттейді. Жас психологиясы мынадай бөлімдерге бөлінеді: балалар психологиясы, жеткіншек психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересектер психологиясы.
Қорытындылай келе, әлеуметтік психология әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың психологиялық ерекшеліктерін, топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын, ондағы жеке тұлғалардың жағдайын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет