Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі



бет12/20
Дата22.12.2022
өлшемі271,81 Kb.
#59007
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Гипотеза (болжау)- белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Әрине, гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, ғарышты толтырып тұрған эфир саяқты гипотезалар ғыльш дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.
Теория- зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстарды ң ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы Дәлелденген, қайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Әволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, құқтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Заң- зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.
Енді таным методологиясын талдауға уақыт келген саяқты . Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
1.Жеке ғылым әдістері
2.Жалпы дүниетану әдістері
3.Ең жалпы (универсалды) методологиялар.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным улгілерін жасайды. Бұл - оның жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол саяқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.
Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады.
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, әкстраполяция, модельдеу, тарихтық және қисындық, абстрак-тіліқтен натылыққа өрлеу т.с.с. жатады.
Абстрактілеу дегеніміз зерттеліп жатқан объектінің кездей-соқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет