Кіріспе курстық жұмыстың өзектілігі


Жалпылау- жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану. Анализ



бет13/20
Дата22.12.2022
өлшемі271,81 Kb.
#59007
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Жалпылау- жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.
Анализ- зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Синтез- заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция- белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.
Дедукция- жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады.
экстраполяция- белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).
Модельдеу- кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа үлиақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аәродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа үлнақтың сынағы басталады.
Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда басқа заттардың оның даму жолын қалай бүрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен қоғам өмірін зерттегенде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихи әдіс арқылы Қазақ елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілер-дің болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге көтерілгенін тарих-шылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз -қысқартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.
Абстрактіліқтен нақтылыққа өрлеу әдісі - ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсікте-ріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынаста-рының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет