Клиникалық фармокология Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына арналған дәрілік заттар


Жүкті және бала емізетін әйелдердің фармакотерапиясының ерекшеліктері



бет4/6
Дата22.12.2022
өлшемі36,54 Kb.
#59117
1   2   3   4   5   6
Жүкті және бала емізетін әйелдердің фармакотерапиясының ерекшеліктері.
Егде жастағы адамдарда фармакотерапияның ерекшеліктері.
№ 22 есеп.
Науқас 75 жаста. 9 жыл бойы стенокардия диагнозымен кардиологта есепте тұрады. Нитроглицеринді сублингвальды қабылдауға қарамастан, артық салмақпен ауыратын науқаста стенокардия ұстамалары жиі кездеседі. Олар түнде ұйқы кезінде және физикалық жүктеме кезінде пайда болады.

Осы науқаста стенокардия ұстамасының алдын алу үшін терапияны таңдаңыз.


1. Нитраттардың пролонгирленген түрлерін үнемі қабылдау.
2. Нифедипинді тұрақты қабылдау және стенокардия кезінде нитроглицеринді тіл астына қабылдау.
3. Стенокардия ұстамасы кезінде анаприллинді үнемі қабылдау және нитроглицеринді тіл астына қабылдау.
4. Стенокардия ұстамасы кезіндегі пролонгирленген нитраттар және тіл астына нитроглицерин.
5. Стенокардия ұстамасы кезінде анаприллин мен верапамилді үнемі қабылдау.

№ 23 есеп.


Жүктілік мерзімі 8-10 аптадағы жүкті әйел, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, температураның 38 градусқа дейін жоғарылауына шағымданды.
Анамнезінен: суық тиюден кейін жедел ауырды. Аускультацияда сол жақ жауырын астында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Сол жерде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы және күшейген бронхофония анықталады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы байқалады. Науқасқа пневмония диагнозы қойылды.

Сәйкес антибактериалды препаратты таңдаңыз.


1. Тетрациклин
2. Ципрофлоксацин
3. Гентамицин
4. Амоксициллин
5. Метронидазол

№ 24 есеп.


Әйел 35 жаста. Жүктілік мерзімі - 36 апта. 2 апта бұрын ауырған, бел аймағында ауырсыну пайда болған, температура 37,8 градусқа дейін көтерілген. Ол медициналық көмекке жүгінбеді, қызуды түсіретін дәрілерді өзі қабылдады. Күні бойы оның жағдайының нашарлауы, температураның 39,8 градусқа дейін көтерілуі, аузының құрғауы байқалады. Бел аймағындағы ауырсыну тұрақты, анальгетиктермен басылмайды. Диурез тәулігіне 180 мл концентрацияланған қою зәрді құрады. Анамнезінде 12 жыл бойы созылмалы пиелонефрит.
Объективті: АҚ 110/100 мм рт.ст., пульс 142 соққы минутына әлсіз толады. Терісі бозғылт, құрғақ. Бет, аяқтың ісінуі. Ұрғылау симптомы күрт оң.
Клиникалық қан анализі - Hb100 г / л, Эр - 2,76х10 12 /л, Лей - 21,3х10 9 /л, трб – 172х10 9/л, таяқша тәр. - 21%, ЭТЖ 61 мм.сағ. Жалпы зәр анализі - зәрдің тығыздығы - 1032, ацетон +++, белок - тәулігіне 680 мг, бактериурия, пиурия.
Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі - оң бүйректің сыртқы контурының деформациясы. Деструкция фокусы төмен эхогенділікпен дөңгелектеніп, анықталмаған контуры бар эхогенділік аймағымен қоршалған. Сол бүйрек ұлғайған, контуры тегіс, паренхимасы біркелкі қалыңдаған.

Кешенді ем тағайындаңыз:


1. Антигистаминдер, симптоматикалық терапия, диуретиктер, инфузиялық терапия
2. Антибиотикалық терапия, қолдаушы терапия, антигистаминдер, симптоматикалық терапия
3. Антибактериалды, детоксикационды терапия, инфузиялық терапия
4. Антибактериалды, инфузиялық, детоксикация, антигистаминдік, симптоматикалық терапия
5. Қолдаушы терапия, диуретиктер, инфузиялық терапия, кең спектрлі антибиотиктер

№ 25 есеп.


25 жастағы И. есімді жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасында төменгі аяғындағы ісіну шағымдарымен әйелдер консультациясына жүгінді. Бірінші жүктілік. Анамнезінде созылмалы пиелонефритті (нефрологта есепте тұрады) атап өтеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен көрінетін шырышты қабаттар қалыпты түсті. Пульс минутына 64 рет, толтыру және кернеуі қанағаттанарлық. АҚ 120/80 және 115/80 мм с.б. Төменгі аяғындағы ісіну. Жалпы қан мен зәр анализі өзгеріссіз.

Қай ем түрі барынша тиімді:


1. Антибактериалды, спазмолитикалық терапия
2. Антигистаминді және сұйықтық терапиясы
3. Фолий қышқылы жүктіліктің 40 аптасына дейін күніне 250 мкг
4. Витаминді терапия, детоксикация терапиясы
5. Аспирин жүктіліктің 36 аптасына дейін күніне 75-100 мг

№ 26 есеп.


Әйел 27 жаста. Жүктілік мерзімі - 8 апта. Ол бір апта бұрын суық тиюден кейінгі бел аймағындағы ауырсынудан, дене қызуының 37,8 градусқа дейін көтерілуінен кейін ауырған. Бел аймағындағы ауырсыну тұрақты, анальгетиктермен басылмайды.
Объективті: АҚ 120/90 мм рт.ст., пульс 141 рет минутына әлсіз толады. Терісі бозғылт, құрғақ. Бет, аяқтың ісінуі. Ұрғылау симптомы сол жақта күрт оң.
Клиникалық қан анализі - HB 110 г / л, Эр - 2,89*10 12 / л, Лей - 25,3*10 9 / л, трб - 183*10*9/л, таяқша тәр. - 21% , ЭТЖ 60 мм.сағ. Жалпы зәр анализі - зәрдің тығыздығы - 1032, ацетон +++, ақуыз - 590 мг / тәу, бактериурия, пиурия.
Бүйректің УДЗ - оң бүйрек өзгеріссіз. Сол бүйрек ұлғайған, контуры тегіс, паренхимасы біркелкі қалыңдаған.

Жүктіліктің бірінші триместріндегі пиелонефритті емдеуге арналған бактерияға қарсы дәрілер: 1. Аминогликозидтер


2. Нитрофурандар
3. Цефалоспориндер
4. Пенициллинді антибиотиктер
5. Макролидтер

№ 27 есеп.


84 жастағы ер адам ауруханада жүректің ишемиялық ауруы, үдемелі стенокардия бойынша ем алудың 13-ші күні нозокомиальді пневмония диагнозы қойылды.

Науқастың жасын ескере отырып, қандай антибиотиктерді эмпирикалық тағайындау ұсынылады:


1. Цефазолин + ампициллин
2. Ампициллин + амоксиклав
3. Гентамицин + Цефтриаксон
4. Гентамицин + Левофлоксацин
5. Азитромицин +Ротацеф

№ 28 есеп.


Жүрек жеткіліксіздігі бар 80 жастағы әйелде стенокардия дамыды. Ол фуросемид, дигоксин, кардикет, қосымша нитроглицерин және калий препараттарын қабылдайды. Қысқа уақыт өткеннен кейін пациенттің маңдай бөлігінде мерзімді пульсациялық бас ауруы пайда болды.

Дәрігерге ең алдымен не істеу керек?


1. Нитроглицеринді жою
2. Фуросемидтің дозасын екі есеге арттыру
3. Дигоксинді каптоприлмен алмастыру
4. Кардикетті тоқтату
5. Нитроглицерин дозасын минимумға дейін төмендету




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет