Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні


Тапсырма: Суреттегі фигуралардың периметрін əр түрлі тəсілмен тап: Шешуі



бет60/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76
Тапсырма: Суреттегі фигуралардың периметрін əр түрлі тəсілмен тап:
Шешуі: 1.1. Қабырғасы 6см болатын шаршышың периметрін əр түрлі тəсілмен табамыз:
Р = 6 см + 6 см + 6 см + 6 см = 24 см Р = 6 см ∙ 4 = 24 см Жауабы: 24 см

    1. Қабырғалары 4см жəне 3см болатын тік төртбұрыштың периметрін əр түрлі тəсілмен табамыз:

Р = 4 см + 3 см + 4 см + 3 см = 14 см Р = (4 см + 3 см) ∙ 2 = 14 см Р = 4 см ∙2 + 3 см ∙ 2 = 14 см
Жауабы: 14 см

    1. Қабырғасы 3 см болатын теңқабырғалы үшбұрыштың периметрін əр түрлі тəсілмен табамыз:

Р = 3см + 3 см + 3 см = 9 см Р = 3см ∙ 3 = 9 см Жауабы: 9 см

    1. Қабырғалары 4 см, 4 см, 5 см болатын үшбұрыштың периметрін əр түрлі тəсілмен табамыз:

Р = 4 см + 4 см + 5 см = 13 см Р = 4 см ∙ 2 + 5 см = 13 см
Жауабы: 13 см
2.1. Фигураның ауданын палетканың көмегімен табуға берілген есептер Квадрат сантиметрлерге бөлінбейтін — еркін пішіндегі дөңгелектер, сопақшалар сияқты фигуралар көрсетіледі; толық емес шаршылар шығады. Содан кейін еркін пішіндегі фигуралардың аудандарын өлшеуге арналған арнайы құрал көрсетіледі — ол палетка деп аталады — квадрат сантиметрлерге бөлінген мөлдір пластина (10x10). Ауданды өлшеу үшін ол фигураның үстіне салынады Палетканы қолдану тəсілі жəне ауданды есептеу үлгісі көрсетіледі: толық шаршылар санына толық емес шаршылардың жартысы қосылады — бұл фигураның ауданы.
Мысалы, толық шаршы сантиметрлер саны 6, ал толық емес шаршы сантиметрлер саны 14 болсын, онда фигурының ауданы: 6 см2 + 14:2 см2 = 13 см2 2.2. Тік төртбүрыш пен шаршының аудандарын табу ережелері
Тік төртбұрыштың үзындығы 4 см, ені 2 см. Тік төртбұрыштың ауданы 4 ∙ 2 = 8 (см2 ) немесе 2 ∙ 4 = 8 (см2 ) Ереже: «Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін оның бірдей өлшеммен берілген ұзындығын еніне көбейту керек» Оқушылар өз беттерімен шаршының ауданын табу ережесін түсіндіреді: шаршы қабырғасының ұзындығын өзін-өзіне көбейту қажет немесе шаршы қабырғаларының квадратын табу керек. 2 ∙ 2 = 2 2 = 4 (см2 ) 2.3. Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы туралы түсінік үшінші сыныпта енгізіледі: – Берілген екі үшбұрыштан тік төртбұрыш қүрастыр жəне оның ауданын тап: 4 ∙ 3 = 3 ∙ 4 = 12 (см2 ) – Осы үшбұрыштың ауданы туралы не айтуға болады? Оның ауданы қабырғалары 4см жəне 3 см болатын тік бұрышты төртбұрыштың ауданының жартысына тең: (4 ∙ 3): 2 = 12: 2 = 6 (см 2 ) 2.4. Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөлу арқылы табу Күрделі фигуралардың аудандарын оларды қарапайым геометриялық фигураларға бөліп, ереже
бойынша аудандарын табу арқылы табу үшінші сыныпта қарастырылады. Мысалы, №5 трапецияның ауданын табу үшін оны шаршы мен тік бұрышты үшбұрышқа бөлеміз де, олардың аудандарын табамыз: S = 4 ∙ 4 = 16 (см2 ) S∆
= (4 ∙ 3): 2 = 12 : 2 = 6 (см2 ) Sтр = S + S∆ = 16 + 6 = 22 (см2 ) 3. Тік
бұрышты параллелепипедтің жəне текшенің көлемін табуға берілген есептер Текшенің көлемін табу үшін көбейткіш ретінде оның қырының ұзындығын үш рет алу жəне көбейтіндінің мəнін табу керек, яғни ұзындығын еніне көбейту, көбейтіндіні биіктігіне көбейту немесе қырының кубын табу керек 2 3 = 8 (см3 ) Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу үшін оның ұзындығын еніне көбейту керек. Сонда шыққан көбейтіндіні биіктігіне көбейту керек: (4 ∙ 2) ∙ 1 = 8 (см3 ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет