Конспект №1 Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту əдістемесі» ғылым жəне оқу пəні



бет59/76
Дата22.07.2023
өлшемі0,92 Mb.
#104633
түріКонспект
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76

Конспект №9


Тақырыбы: «Геометрия элементтері» бөлімінің базалық мазмұны. Қарастырылатын сұрақтар:
Геометриялық фигуралар жəне олардың жіктелуі (геометриялық фигураларды бір бірінен ажырату жəне атау; жазық жəне кеңістік фигуралар; периметрді, ауданды, көлемді табуға арналған формулаларды құру жəне қолдану).
Геометриялық фигураларды кескіндеу жəне салу (модельдерден жəне оның бөліктерінен композиция құрастыру, кескіндеу, сызу жəне салу; геометриялық фигуралардың модельдерін бөлу; кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау; бастапқы орнын, бағытын, қозғалысын анықтау жəне айқындайтын нұсқаулыққа сəйкес əрекеттер).
Нүктелер кординаттары жəне қозғалыс бағыты (сан сəулесінде, сызықта жəне жазық фигурада белгіленген нүктелердің орналасуы; нысандардың қозғалыс сызбасы).
Геометрия элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.

Қысқаша тарихи мағұлматтар:


Алғашқы геометриялық ұғымдар өте ертеде пайда болған. Олар əртүрлі заттардың сыйымдылығын,жер телімдерінің аудандарын өлшек қажеттілігінен туған.Грек ғалымдары көртеген геометриялық білімнің жүйесін жасады.Бұл жүйе б.э.д 300 жылдары Евклидтің «Бастамасында» аяқталды,онда сонымен бірге теориялық арифметиканың негізі салынды.
«Бастаманың»геометриялық бөлімдері мазмұнына жəне баяндалуына қарай қазіргі геометрия оқулықтарына сəйкес келеді.Бəрақ онда шардың көлемі мен беті,шеңбердің ұзындығының диаметрге қатынасы туралы (дөңгелектің аудандарының қатынасы)олардың диаметрлерінің квадраттарының қатынасындай болады деген теорема бола тұрса да) ештеңе айтылмаған.
Евклидтің жүйесі жылдай қолданылып келеді. Бірақ 1826 жылы атақты ғалым П.И.Лобачевский жаңа геометриялық жүйе жасады.Лобачевкийдің геометриясында үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы əрқашан 180 градустан кем,ал Евклидтің геометриясында 180 градусқа тең.Сонымен қатар 180

БМ математикасындағы геометрия элементтері және оларды оқыту әдістемесі.


Мазмұны:

  1. Сызықтың жəне бұрыштардың түрлері.

  2. Көпбұрыш ұғымы. Периметрі.

Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі міндеттері:
- оқушылардың геометриялық фигура туралы айқын түсініктерін жəне алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;

  • кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау біліктерінің дамуына ықпал жасау;

  • оқушыларда сызба жəне өлшеуіш аспаптарының көмегімен жəне оларсыз (көз мөлшерімен өлшеу жəне тағы басқа) өлшеуде жəне геометриялық фигураларды салуда практикалық біліктерін қалыптастыру.

Бастауыш мектепте геометриядан кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы ұғым, геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату, геометриялық шамаларды өлшеу, фигураларды салудың алғашқы білігін қалыптастыру, əртүрлі геометриялық шамалармен таныстыру жəне тағы басқаларды қалыптастыру көзделеді. 1-сыныпта оқушылар нүктемен, қисық жəне түзу сызықпен, сəулемен, бұрыш ұғымымен танысады. Балалар мұғалімнің үлгісі бойынша тор көзге нүктелерді салып үйренеді жəне нүктеден түзу сызық жүргізіп, оның сəуле деп аталатын фигура екендігімен танысады жəне бір нүктеден шыққан екі түзуден бұрыш жасалатыны түсіндіріледі. Оқушының түзу сызық туралы түсінігі олардың əртүрлі практикалық жаттығуларды орындау барысында қалыптастырады.
Мұнда түзу сызықты, қисық сызықты салыстыру жүзеге асады. Мысалы: жіпті керіп, одан кейін оны сəл босатуға болады немесе түзу жалғыз аяқ қисық жол кескінделген суреттер пайдаланылады. Кесіндімен таныстыру үшін түзу сызықта екі нүкте белгілейді де, мұғалім түзудің бір нүктесінен екінші нүктесінен бөлігін түзудің кесіндісі деп немесе кесінді деп, ал нүктелер кесіндінің ұштары деп аталатынын атап көрсетеді. Балалар тақтаға сызылған басқа түзулерге нүктелер түртіп қояды да, алынған кесінділерді жəне кесінділердің ұштарын көрсетеді. Содан кейін мұғалім сызбада қалай кескінделетінін көрсетеді. Түзумен салыстырылады. Оқушылар түзулерді жəне кесінділерді сызбадан көрсетеді жəне өздері де түзулер сызады, сөйтіп түзу шектелмегендігін, ал кесінді шектелгендігін, қағаз бетінде түзудің бір бөлігі ғана кескінделетінін түсіне бастайды.
Көпбұрыш, бұрыш, шеңбер, дөңгелек туралы ұғым балаларда бүкіл бастауыш оқу кезеңінде жəне одан кейінгі сыныптарда қалыптасады.
Алғашқыда 1-ші ондықты оқып-үйренгенде геометриялық фигуралар дидактикалық материалдар түрінде пайдаланылады. Одан əрі қарай көпбұрыштардың жеке түрлерін оқып үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде көпбұрыштардың элементтері, қабырғалары, төбелері бөліп қарастырылады. Мысалы: 3 санын өткен кезде əртүрлі Δ-р қарастырылады. Түрлі-түсті қағаздан, пластмассадан, тағы басқа материалдан əзірленген Δ-ң моделдеріне оқушылар əр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 Δ-ты жəне 3 төбені көрсетеді.
Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4-бұрыштар, 5-бұрыштар, тағы басқалар қарастырылады. Мұнда бұл жұмысты 1-ші ондық көлемінде сəйкес сандарды оқумен байланыстырады. Көпбұрыштардың элемнеттерін бөліп көрсете отырып, оқушылар элементтер санымен фигураның аталуы арасындағы байланысты (3–қабырға, 3-төбе, 3бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен қатар
балалар көпбұрыштың бұрыштарының төбелері мен қабырғаларының саны бірдей болатынын түсінеді. Көпбұрыштармен жұмыс істеген кезде оқушының бұрыш туралы ұғымдары кеңейе түседі. Көпбұрыштарының бір төбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп атайды. Көпбұрыштардың бұрыштарын құруға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тік төртбұрышты табуды үйренеді. Олар кез келген формадағы қағазды екіге бүктеп, онда пайда болған қиылысатын екі түзу сызықтан бірдей 4 бұрыш жасайды. Мұғалім мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді. Геометриялық мазмұнды есептерді шығару әдістемесі

  1. Фигураның периметрін табуға берілген есептер

  2. Фигураның ауданын табуға берілген есептер

  3. Тік бұрышты параллелепипедтің жəне текшенің көлемін табуға берілген есептер Үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың периметрі ұғымы олардың барлық қабырғаларының қосындысы ретінде екінші сыныпта енгізіледі. Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардың периметрін өрнек қүру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады:

- Тік төртбұрыштың периметрін əр түрлі тəсілмен табумен көбейтудің үлестірімділік қасиетін енгізу барысында таныстыру;







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет