Көші-қон үдерісінің түсінгі, себептері


-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері



бет3/17
Дата11.12.2023
өлшемі107,83 Kb.
#136960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері


1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында:
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға;
3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға;
5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге;
6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін қандастарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.
2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында:
1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.



  1. Британ ғалымы Е.Равенштайн көші қон туралы көзқарастары Миграцияның ең алғашқы ғылыми анықтамасын Британ ғалымы Е.Равенштайн берген, миграция ұғымы адамның тұрғылықты жерінің тұрақты немесе уақытша өзгеруін білдіреді деп есептеледі. 1885 жылы жарияланған «Көші-қон заңдары» атты мақаласында географ Эрнст Георг Равенштайн, Ұлыбританиядағы 1841 жылғы санақ деректерін пайдалана отырып келесідей көші-қон заңдылықтарын анықтады:

  • Мигранттардың көпшілігі қысқа қашықтыққа қоныс аударады.

  • Мигранттар орталықтарға барғанда, олардың соңынан басқа да мигранттар әлеседі, сөйтіп миграциялық ағын пайда болады.

  • Негізінен алыс қашықтыққа орын ауыстыратын мигранттарды өнеркәсіп және сауда орталықтары қызықтырады.

  • Қоныс аударуға қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары көбірек бейім болып келеді.

  • Кез келген көші-қон ағыны қарсы ағынды тудырады.

  • Әйелдердің қоныс аударуы ерлерге қарағанда тезірек жүреді, бірақ бұл көбіне ішкі миграция қатысты, ал шетелге шығуда көбіне ерлер басым болады.

  • Мигранттардың негізгі бөлігін ересектер құрайды. Отбасылардың өз мемлекетінің шекарасынан тыс сапарға шығуы сирек қайталанады.

  • Ірі елді мекендердегі халық санының өсуі негізінен көші-қонның өсуіне байланысты.

  • Көші-қонның саны өнеркәсіп, сауда және көліктердің дамуымен қатар артуда.

  • Көбіне көші-қонның легі өнеркәсіп және сауда орталықтарына ауылдан ағылуда.

  • Халықтың қоныс аударуының негізгі себептері экономикалық болып табылады.

  1. Американдық ғалым Эверетт С.Ли миграциялық факторлардың тұжырымдамасы

Американдық ғалым Эверетт С.Ли миграциялық факторлардың тұжырымдамасын жасады. 1966 жылы «Көші-қон теориясы» деген мақаласында Равенштайн теориясын ол қайта тұжырымдай отырып, мигранттарды қызықтыратын және тоқтаттатын факторлар бар деген пайымдау жасады. Ли халықтың көші-қон үдерісіне әрқашан екі фактор әсер етеді деді: жағымды және жағымсыз және осы факторлар адамдардың көшуге деген ұмтылыстарын орындауға кедергі келтіруі немесе керісінше ынталандыруы мүмкін.
Жағымды факторларға ол үйге деген сүйіспеншілікті, туыстық байланыстарды үзбеуге, тұрғылықты жерін сақтауға ұмтылуды жатқызды; жағымсыз факторларға - жаңа аумаққа көшу және бейімделу кезінде туындайтын проблемаларды атады.
Е.Г Равенштейн заңдарымен қатар, Э.Лидің 1960 жылдары жасалған эконометриялық моделі де классикалық миграциялық теорияларға жатады. Бұл модельге сәйкес әрбір аумақта көші-қон факторларының әртүрлі топтары бар: тежеу, тарту және кері қайтару (келтірмеу), келу мен кетуді анықтау, осы факторлар адамдардың көпшілігіне, ал кейбіреулері - тек белгілі бір жеке тұлғаларға әсер етеді.
Көші-қон процестеріне әсер ететін факторларды алғашқылардың бірі болып Э.Ли атап өтті. Миграцияға түрткі болатын факторларға кейбір экономикалық факторлар (жұмыссыздық, төмен табыс, жоғары салықтар) кіруі мүмкін; әлеуметтік және саяси (кедейшілік, кемсітушілік, ар-ождан және дін бостандығын шектеу, соғыстар); қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар және т.б.
Тартымды факторлар экономикалық дамудың жоғары деңгейі, жоғары табыстар, қауіпсіздік, еңбек нарығына қол жеткізу мүмкіндігі (соның ішінде заңсыз иммигранттар үшін ерекше маңызды бейресми секторда) және т.б.
Э.Ли миграцияның таңдаулы процесс екенін және бірдей факторлардың әртүрлі адамдарға әртүрлі әсер етуі мүмкін екенін атап өтеді. Оның айтуынша, тарту факторлары жоғары білімді адамдарға көбірек әсер етеді, олар өздері шыққан аймақта белгілі бір позицияға ие, бірақ олар басқа жерлерден жақсы ұсыныстар ала алады. Жоғары мобильділік жоғары білікті мамандарға тән, өйткені көші-қон көбінесе мансабының жоғарылауына және табыс деңгейінде көтерілуді білдіреді. Біліктілігі төмен жұмысшылар үшін, керісінше, теріс, итермелейтін факторлар маңыздырақ.

  1. Toдaрoның көші-қон моделі көші-қон факторларының төрт тобы

Toдaрoның көші-қон моделі көші-қон факторларының төрт тобын ескереді:

  • экономикалық пайда (салыстырмалы пайда мен шығындарды салыстыру) және психологиялық мотивация;

  • қалада жұмысқа орналасу ықтималдығын ескере отырып, қаладағы және ауылдағы жалақының күтілетін деңгейлерін салыстыру;

  • жұмысқа орналасу ықтималдығына тікелей әсер ететін қалалық жұмыспен қамту деңгейі және оны алу ықтималдығына тура пропорционал қалалық жұмыссыздық деңгейі;

  • қаладағы және ауылдағы табыстың күтілетін деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар, бұл қосымша жұмыс күшін ықтимал сіңіруден жоғары көші-қонға әкеледі, бұл өз кезегінде қалада жоғары жұмыссыздыққа алып келеді.

  1. Тодароның көші-қон үлгісі экономикалық даму стратегиясына әсері

Тодароның көші-қон үлгісі экономикалық даму стратегиясына әсерінің бес түрі:
1. жұмыспен қамту бойынша қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту көші-қоннан келетін әлеуметтік шығындарды азайтады, бұл мигранттардың жеке пайдасынан айтарлықтай асып кетуі мүмкін;
2. Қаладағы жұмыс орындарының көбеюі қала мен ауыл арасындағы табыс айырмашылығының ұлғаюына, қаладағы жұмысқа орналасу мүмкіндігінің және ауылдағы өндіріс көлемінің төмендеуіне әкеледі;
3. білімге инвестицияларды шектеу экономикаға ағымдағы кезеңде оқуды бітіріп жатқан білімді адамдар санын қамтуға мүмкіндік береді;
4. жалақыны субсидиялау қосымша көші-қонды және жұмыссыздардың қосымша санын туғызатын еңбекті көп қажет ететін салалардың қалыптасуын ынталандырады;
5. Ауылдық жерлерді дамыту ауылдағы жұмыссыздық деңгейін жұмсартады.



  1. Тодаро эмпирикалық зерттеулер негізінде көші-қон және жұмыспен қамту тұрғысынан экономикалық даму стратегиясының 10 негізгі элементі

Жалпы, М.Тодаро эмпирикалық зерттеулер негізінде көші-қон және жұмыспен қамту тұрғысынан экономикалық даму стратегиясының 10 негізгі элементін анықтайды:
1. қала мен ауыл арасында экономикалық тепе-теңдікті құру;
2. шағын кәсіпкерлікті және еңбекті көп қажет ететін өндірісті кеңейту;
3. өндіріс факторларының бағасының бұрмалануын жою,
4. өндірісте сәйкес еңбекті көп қажет ететін технологияларды таңдау;
5. білім беру жүйесі мен жұмыспен қамту арасындағы тікелей байланысты өзгерту;
6. халық санының өсуінің төмендеуі,
7. халыққа жедел жәрдем беруге ұмтылатын қалалар мен аудандарда билікті шектеу;
8. қала динамикасы үшін пайдаланылмаған мүмкіндіктерді жұмылдыру,
9. қалалық нашар аудандарда өте кедейлікте тұратын тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын өткізу;
10. «Климаттық» мигранттарды орналастыруды болжау және көмектесу

  1. И.Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы.

Ф.Бродельдің идеяларына айтарлықтай сүйенген Валлерстайн бұрын негізсіз түрде социологтар елемей келген “ішкі” және “сыртқы” факторлардың бағыныштылығы мен өзара тәуелділік қатынастарын неғұрлым айқындай түсті.
Валлерстайн өзінің жүйелік сараптау әлемі теориясында әлемдік капиталистік экономиканың негізгі сипаттарын жасады:
1. Капиталдың үздіксіз жинақталуы - оның қозғаушы күші.
2. Капиталдың жинақталуы орталық-периферия сызығы бойынша бөлінуге сәйкес кеңістікте сараланған.
3. Құрылымды түрде жартылай периферия өмір сүреді.
4. Ақысы төленбеген еңбек әлемдік капиталистік экономика өмірінде үлкен рөл атақарады.
5. Капиталистік әлем-жүйе халықаралық жүйемен қарым-қатынаста болады.
6. Қазіргі әлемдік экономиканың қайнар көзі XVІ ғасырда жатыр.
7. Географиялық жағынан ол Еуропада басталып, кейін бүкіл әлемге тарады.
8. Дербес мемлекеттер гегемондар болады.
9. Мемлекеттер, этникалық топтар мен шаруашылықтар ұдайы пайда болып, қайта жаңғырып отырады.
10. Жүйені бір мезгілде күйзелетін және қолдап отыратын жүйеге қарсы қозғалыстар болады.
11. Нәсілшілдік пен сексизм іргелі, ұйымдастырушы және тәртіпке келтіруші принциптер болып табылады.
Валлерстайн үшін әлем-жүйе ең алдымен экономикалық жүйе екендігіне қарамастан, әлем-жүйе теориясын бейнелеу мен сараптауда ол мәдениет пен ұқсастықтың ғаламдық қырларына үлкен көңіл бөледі. Капиталистік методология оларды тарихи байланыстыра отырып, мәдениет пен экономика арасындағы өзара байланыс проблемасын өзінше шешеді. Капитализм мәдениетті “экономикаландырудан” басталады. Әлем-жүйенің қозғаушы қисыны капиталдың жианқталуынан басталады. Экономика - модерннің негізгі бөлігі, ал экономикалық адам - рационалды субъектінің ішкі мәні. Капитализм құндылықтар жүйесі болып табылады, ақша адамдарды бір қауымдастыққа біріктіреді. Мәдени кодтар, ақша және тауар секілді капитал айналымына енгізілген. Сондықтан мәдени формалар капиталды ұдайы өндірудің күнделікті процесінде орныққан.
Жалпы алғанда Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы мен Гидденс пен Робертсонның жаһандану теориялары арасында белгілі бір айырмашылықтар бар екендігін атап өту қажет. Көріп отырғанымыздай, мысалы, Валлерстайн жаһандануды негізінен экономикалық феномен деп түсінсе, Гидденс пен Робертсон жаһандануды тек экономикалық процестермен ғана ұқсастырып қоймай, оны өз сараптамасында оқшаулау, мәдениет және ұқсастық процестерімен байланыстырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет