Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
жолының ең басында келеміз. Айтарлықтай жетістіктерге әлі қол жеткізілген жоқ»,- деді
Президент. Медведевтің пікірі бойынша, заң шығару саласында ғана жетістіктерге қол
жеткізілді. Оның айтуы бойынша, КСРО-ның күйрегенінен кейінгі 20 жыл ішінде Ресейде
алғаш рет «жұмыстың нормативтік шегін» құруға мүмкіндік туды. «Мен қазіргі кезде
бұның іске асуы өте маңызды деп санаймын. Дәл қазір еместігі және барлық жерде
еместігі түсінікті, бір жағынан, біздің құқық қорғаушылар осы ережелерді пайдалануға
үйренуі, екінші жағынан мемлекеттік қызметкерлер өздерінің жаупкершіліктерін түсінуі
маңызды. Әрине, өзінің қажеттіліктерін шектей алмайтындарды ауыстыру қажет болады»,
- деді Президент.
Эстония Кеңестіктен кейінгі кеңістікте ең жақын Литва және Латвия сияқты көршілестерінен алға
шыққан Эстония сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша көшбасшы ел болып
табылады. Бұл елдегі реформалар, орасан зор күштің арқасында теңгерілген бюджетке қол
жеткізілуінен басталды. Эстонияның бюджеттік саясаты кронаның және экономикалық
өсімнің тұрақтылығын, төмен пайыздық мөлшерлемелерді, қадағаланатын инфляцияны
және сыртқы инвестициялардың ағымын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Еуропада өзінің
тұрақтылығымен және сақтылығымен мойындауымызға тұрарлық. Бюджетті құру кезінде
эстондықтар демографиялық жағдайды – бала тууының төмендеуін және қоғамдағы қарт
адамдардың көбеюін ескереді. Объективті көрсеткіштер бойынша, Эстонияда келешекте
салық төлеушілер саны азаятынын, ал мемлекеттен қолдау күтушілердің саны көбейетінін
көрсетеді.
Қолайлы жағдай туғызу мақсатымен отандық өндірушілер үшін тиісті кедендік баж
салықтары енгізілді. Жемқорлықтан тыс және тәуелсіз полицияны құруға барлық күш
салынды. 1994 жылы Эстонияда табыс салығының 26 пайыздық «жазық шкаласы»
енгізілді. Мұндай салық жүйесі жеке және корпоративті салық салу үшін біркелкі салық
мөлшерлемесін пайдалануды көздейді. Бұдан кейін болып көрмеген күрт экономикалық
өсім болды. Салықтың ұлғаюшы мөлшерлемесіне негізделген салық жүйесіне қарағанда
бірыңғай салық адамдарды жұмыс істеп, жоғары еңбек ақылары үшін жазалаған жоқ.
Жақын
арада
Эстония
жолына
Литва
мен
Латвия
да
түсті.
1996 жылы қабылданған мектептерді жалпы компьютерлендіру бағдарламасы келесі
қадам болды. Бағдарлама төрт жыл ішінде іске асырылды. Қазір Эстонияның барлық
мектептерінде ақысыз және жедел Интернет құрылған. Интернет төлемдер жүйесі де
жылдам дамыды, халық оларды тез игеру үшін әртүрлі жеңілдік сұлбалары
пайдаланылып, интернет арқылы әртүрлі құжаттарды ресімдеудің альтернативті тәсілдері
құрылды. Әрине, мемлекеттік ұйымдарда кезек азайып, күні бойы барлығы 5-6 адамға
дейін
кеміді.
Барлық
жұмыс
компьтерлік
желі
арқылы
жүргізіледі.
Үкіметтің барлық шешімдері міндетті түрде үш күн аралығында БАҚ-да жарияланады.
Осыған байланысты шенеуніктерге өз шешімдерін қоғам және пресса алдында әрдайым
түсіндіруге дайын болуға тура келеді. Мемлекеттің әр тұрғынына электронды ақпараттық
жүйелер арқылы мемлекеттік органдардың барлық қызметі жөнінде мәлімет алуына
мүмкіндік туғызылды.
Үкімет пен қоғамның күшін біріктіру және сыбайлас жемқорлықтың болуына әсер
ететін қатынастарды жою мақсатымен Парламентпен Эстонияның азаматтық қоғамының
даму концепциясы қабылданды. 2003 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңды пайдалану бойынша рийгикогу (парламенттің) комиссиясы құрылды. Комиссия
мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларының, соның ішінде парламент мүшелерінің, ел
президентінің, үкімет мүшелерінің, судьялардың және т.б экономикалық мүдделері
декларацияларының (табыстар) қорғаушысы болып табылады. Бұл арнайы комиссия