Л. В. Турсунова ОҚу және тіл дамыту



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата30.01.2023
өлшемі441,3 Kb.
#63750
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
3. Ертегілерді оқыту
Оқиғасы қызықты шығармалардың бірі – ертегілер. Ол әдеби 
мұрамыздың ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақ-


14
ты жан-жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанр. Ертегілер 
балалардың ең сүйікті әдеби шығармалары болып есептелінеді.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны 
халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам 
баласының еңбек – кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік ету тәжірибесіне 
байланысты туған. 
1. Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде 
кездеспейді» деудің қажеті жоқ, жануарлардың сөйлемейтінін 
балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді 
қиялдау, олардың көңілін көтеріп армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге 
үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне бері-
летін мінездеме, әдетте, бір-екі айқын белгілерімен-ақ түсінікті 
болып келеді.
3. Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қо-
лайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою қандай суреттер салуға 
болатынын анықтау т.б.
4. Ертегілерді рөлдерге бөліп оқуда үлкен жауапкершілік керек. 
Бұл әдісті ертегінің мазмұнын, кейіпкерлер мінезімен танысып, 
содан соң қолдану қажет.
5. Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, 
сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
Ертегілер оқушылардың ой-қиялын дамытып, эстетикалық 
сезімдерін ұштай түсетін бірден-бір құрал болып табылады. Ер-
тегілердің түрлері өте көп. Сол ертегілердің қай түрі болмасын 
баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады. Сондай-ақ 
адамгершілікке, өз Отанын қорғай білуге, сүюге тәрбиелейді.
Ертегілерді балаларға алдымен өзіміз оқып беріп, одан ке-
йін балалардан түсінігін сұрап, дұрыс емес жерін сұрақ қойып 
толықтыру арқылы да балалардың тіл байлығын, сөздік қорын 
арттыруға болады.
Зерде бұзылыстары бар оқушыларға тіл байлығын байытып, 
дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді 
төмендегіше іріктеп алуға болады.
1. Оларды таңдағанда, оның көлеміне назар аудару керек
қозғалмай ұзақ отыру қиынға соғады.


15
2. Мазмұны сабақтың тақырыбына сәйкес болған жөн.
3. Оқушыларға ертегіден түсінік айтқыза отырып, олардан 
ертегінің стилін сақтауды талап ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет