Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Марғасқа жыраудың бізге белгілі толғауының мазмұны, мәні



бет36/104
Дата14.10.2022
өлшемі369,21 Kb.
#43171
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104
7. Марғасқа жыраудың бізге белгілі толғауының мазмұны, мәні.
Марғасқаның біздің заманымызға жеткен толғауының санаулы жолдары оның қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. Көлемі шағын толғауын мысалға келтіріп көрейік:
Ей Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жыр тәңірісіп жатырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын таққа жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы Ер Есім
Есігіңде келіп тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
Тұтқиылдан шауып, бейқам жатқан жауды қолға түсірген кезде озбыр сатқан Тұрсынға жырау айтқан үкім – осы. Асылы, Есім ханның халық алдында беделінің артуы осы оқиғаның жеңіспен аяқталуы болса керек.
Бұл жырдан Марғасқаның от тілді, өжет, аса талантты ақын екендігі аңғарылады. Бұл жырдан Марғасқаның кейінгі ақын-жыраулар шығармашылығына әсерін, мәселен Махамбет шығамаларымен үндестігін, бейнелеу тәсілдерін, көркемдік құралдарының ортақтығын да байқауға болады.
Ерлер мен хандар елде жоқта жазықсыз, панасыз халықты шапқан Тұрсынға жазасын баргені үшін халық Марғасқадай даңқты жырауы арқылы Есімге алғыс айтқанға ұқсайды. Әрине Марғасқаның жырлары көп болған. Ел есінде жүрсе де, біздің қолымыз жетпей жатқаны да бар шығар. Ол жөнінде көптеген ғалымдар пікір айтып жүр. Келешектегі мақсат, міндеттің бірі – Марғасқадай әйгілі жырау сөздерін мұқият жинап, әдебиет тарихындағы орнын толық таныту болса керек.
Зерттеушілердің пікірінше, Марғасқа Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелетін жеті мың жолдық «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы деп шамаланады.


5. Бақылау сұрақтары:

  1. Жиембет жыраудың: шыққан тегi мен шығармашылығы туралы деректер, олардың бiзге жету жолы.

  1. Есім хан мен Жиембеттің арақатысы, оның жырау шығармаларындағы көрінісі

  1. Жиембеттің әдеби мұрасы. Жырау толғауларының тарихилығы, тақырыптары, идеялық мәнi.

  1. Жырау толғауларының көркемдiк сипаты. Құрылысы, тiлiнiң бейнелiлiгi.

  1. Жиембет жырау шығармаларының танылу, жариялану, зерттелу жайы.

  1. Марғасқа жыраудың өмiрi, қоғамдық қызметi жөнiндегi деректер. Жыраудың Есiм ханмен қарым-қатынасы.

  1. Марғасқа жыраудың бiзге жеткен белгiлi шығармасы. Оның жариялануы, ол жөнiндегi пiкiрлер.

  1. Жырда батырлық рухының көрiнiсi. Толғаудың танымдық, тәрбиелiк мәнi; құрылысы, тiлi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет