5.Әлеуметтік мемлекеттің функциялары және демократияның жаңа тұжырымдамалары. Жалпы мемлекет болу үшін оның өз аумағында ( жерінде ) тұратын халқы болуы керек. Ол халық бірұлтты немесе көпұлтты болуы мүмкін. Халықсыз мемлекет болмайтыны белгілі. Алайда мемлекетсіз халық болуы мүмкін. Мысалы, 1948 жылға дейін еврейлердің мемлекеті болмады. Ал курд халқының әлі күнге дейін өз мемлекеті жоқ.
Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы болсың. Азаматтығы жоқ адам ( апатридизм ) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.
Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшелендіреді.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері ( функциялары ) болады.
Ішкі қызметтеріне мналар жатады:
а) эканомикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Эканомиканы нарықпен қатар мемлекет те реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, эканомикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, эканомикалық интеграцияны өрістеуге, ғылыми - техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады.
ә) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл – ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;
б) заңдылықты қамтамасыз етеді.Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістеуге, әкімшілік зорлыққа жол бермеуге т.с.с. басшылық етеді;
в) мәдени – тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу – ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Сонымен қатар мемлекет бір топтың, таптың негізінде басқарушы күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясаттын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.
Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне жататындар:
а) мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
ә) өзін - өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым – қатынасты онату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету;
б) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаналықтар туралы өз еліне дер кезінде мемлекеттер беру және т.б.
Сайып келгенде, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға , таптарға , жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.