Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары



бет46/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

Лекция №12


Тақырыбы: Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.


(1сағат)
Жоспары:

1.Саяси партия ұғымы.


2.Партиялар генезисі және партия жүйелері.
3.Саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері және функциялары.
4.Саяси партиялар генезисінің кезеңдері:ариситократиялық саяси клубтар, бұқаралық
партиялар.
5.Партиялардың типологиясы.
6.Партияларды типологиялаудың өлшемдері.


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге саяси партия ұғымы,партиялар генезисі, партия жүйелері,саяси партиялардың мақсаттары, міндеттері, функциялары,
саяси партиялар генезисінің кезеңдері:ариситократиялық саяси клубтар, бұқаралық партиялар, партиялардың типологиясы және партияларды типологиялаудың өлшемдері туралы түсінік беру.


Лекция мәтіні:
1.Саяси партия ұғымы. Партия ұғымы латын тілінен аударғанда бәлу, бөлемін деген мағынаны білдіреді. Саяси ағымдар туралы алғашқы айтулар б.д.д. VI ғасырда пайда болды. Пералии теңіз жағалауындағы тұрғындардың мүддесін қорғады. Диакрии партиясы шаруалар, ал педиэи ірі жер иеленушілердің партиясы.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңінде қазіргі мәніне өте жақын партиялар пайда болды. Қоғамда әр түрлі саяси қабаттар мен топтардың пайда болуы, әрі олардың мүдделерінің әр түрлілігі, олардың мүддесін қорғайтын, саяси өзара қарым-қатынасқа қажетті стратегиясы мен тактикасын қалыптастыратын партияларды өмірге әкеледі
XVII ғасырда Нидерландиядағы буржуазиялық революциядан кейін мынадай партиялар дүниеге келді: арминиандар- ірі сауда буржуазиясының, көпесінің партиясы, ол тек саяси ғана емес, сонымен бірге діни бағдар ұстанды; гамористер партиясы- өсіп келе жатқан буржуазия табының партиясы, биліктің орталықтануына қарсы. Пресвитерандықтар –королмен билікті бөлісуге талпынған Лондондағы ірі көпестер, банкирлер, жер аристократтарының партиясы. Индепенденттер партиясы- буржуазияның радикалды бөлігі мен жаңа буржуазиялық дворяндар мүдделерін қорғаушылар. Индепенденттер партиясынан левеллер партиясы бөлініп шықты. Олар революцияны ары қарай жалғастыруды, парламентті елдің жоғары билік құрылымдарын ерікті әр бір екі жылда сайлауды жаппай сайлау құқығын ендіруді талап етті. Бұл партиялар болашақ партиялар құрылуының бастамасын қалыптастырды, кейіннен солшыл партиялар деп аталған Левеллер партиясынан революцияшыл, радикалды ағым диггерлер бөлініп шықты, олар тіпті меншігіне қарамастан адамдардың азаматтық құқығын теңестіруді талап етті.
Ұлы француз революциясының бірінші кезеңінде ірі буржуазия және оның партиясы фельяндар үстемдік жағдайға ие болды. Олар революцияны тек ірі буржуазия құқығын кеңейтуге, монархияны құлатпауға пайдалануға тырысты. Бұл толқынмен билікке жирондистер партиясы келді, олар ірі буржуазия мүддесін қорғады, федолизмге қарсы күресті.
Революцияның үшінші кезеңінде біршама радикалды якобинистер партиясымен байланысты болды. Бұл партия буржуазиялық революцияны ақыр аяғына дейін апарды.
Француз революциясы тұсындағы бұл партиялардың барлығы XIX ғасыр бойы өзінің бағдарларын өзгертіп отырды, бірақ таптық партия болып қалды. Өйткені Батыс Европадағы партиялар капиталистік қатынастардың дамуы мен таптық күрес шиеленісуі тұсында өтті.


2.Партиялар генезисі және партия жүйелері. "Партия" термині латын тілінсн шыккан жөне "бөлім", "бөлемін" дегенді білдіреді. Партия өлеуметтік жіктсрге, татар мен мемлекетке катысты аралық буын болып табыпады, бірақ коғамдағы мүдцелер мен басқа да бірлссгіктсрден өзгеше, РДоуздьпі анықтамасы бойынша, ол ең саяси буьш болып табылады.
Партия коғамньщ белгілі бф тапгары мен өлеумсттік жіктерініц мүдделерін, кажеттері мен мақсаттарын біддірсді, саяси билік тетігініқ кызметіне қатысады. Партия кызметінің принципті жактарының бірі оның коғамға идеологиялык ықпалы болып табылады, мүның өзі саяси санаіпіі қалыптастырудан корінеді. Саяси партия — пікірлсстердін. үйымдасқан, ерікті тобы болатын қоғамның бслгілі бір жіктері мсн топтарының мүддслсрі мсн қажсттерін білдіретін, оларды мсмлскстгік билікті жсңіп алу жөне оны жүзсге асыруға қатысу арқылы іскс асыруды мақсат ететін қогамдык. өмір институты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет