Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары



бет57/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

3. Тоталитаризм. ХХ ғасырдың аяғына қарай тарихи дамудың барасында Шығыс Европаның бірсыпыра елдері және бұрынғы кеңес одағының қарамағында болған республикалар тоталитарлық жүйеден демократиялық жолға түсуге талпыныс жасай бастады. Бірақ әлеуметтік жүйенің ауысуы кезінде болатын заңды қиыншылықтар бұл елдердегі кейбір саяси күштердің, топтардың тоталитаризмді қайта қалпына келтіруді аңсау әрекетін де туғызбай отырған жоқ. Сондықтан тоталитаризмнің теориясы мен практикасына терең талдау жасау біздің елдің де саясаттанушылары үшін актуалдығын жойған жоқ .
Тоталитаризм саяси термин ретінде тұңғыш рет Италияда 1923 – 1925 жылдардан бастап қолданылды. «Тотальдық» немесе «тотальды» деген терминдер дүниежұзілік екі соғыстың арасында өмір сүрген радикалды диктаторлық үш жүйеге – итальян фашизміне, герман ұлтшыл – социализміне және кеңес одағындағы сталинизмге қолданылып келеді. Тоталитаризмге берілген анықтаманың көпшілігінде саяси, әлеуметтік және рухани өмірдің барлық тармағын түгелдей орталықтандырылған кәзіргі замаңғы диктатор бейнеленеді. Бұл диктатор өз субьектілерінің бәрін бақылап, қадағалап отыру жөнінен абсолютті немесе автакратты басқарудың бұрын болғандарынның бәрінен де едәуір асып түсті.


4. Авторитаризм. Дүние Кеңес одағы басқарған социалистік және АҚШ бастаған ипералистік лагерлерге бөлініп, қырғи қабақ соғыс даулап тұрған шақта осы екі лагерге де қосылмаған, оларды демократиялық жүйе деп те немесе тоталитарлық жүйе деп те айтуға болмайтын мемлекеттер болды. Бұларда жаңа туып келе жатқан демократияның да, сол сияқты бұрыннан дәстүрге айналған олигархияның да тенденциялары болды.
Осы аралық жүйелер болашақ демократияға немесе дәстүрлі ескі жүйесі олигархияға бағыт ұстады. 30 – шы жылдары саяси ғылымның бірсыпыра ғалымдары «автаритарлық мемлекет », «тоталитарлық мемлекет» және «либералдық - демократиялық мемлекет » деген түсініктердің жігін ашып берді. Олар автаритарлық жүйені онша жамандаған жоқ, өйткені ол ұлтшылдық немесе сталиндік жүйеде ұқсамайтын еді. Ал олардың басшылары уақытша автаритарлық жүйенің көмегімен ұлтты демократияға әзірлейміз деген талпыныстан тайған жоқ еді. Мұның өзі үшінші дүние ( екілерге де қосылмайтын ) идеясын тұжырымдамауға алып келді. Х.Линц 1945 жылы Франко жүйесіне талдау жасау арқылы демократиялық басқарудан да, тоталитарлық жүйеден де басқаша автаритарлық режим тұжырымдамасын ұсынды. Автаритарлық жүйені анықтауда ол негізгі екі өлшемді негізге алады:
1. Мұндай жүйедегі шектеулі саяси плюрализмнің дәрежесі немесе типі;
2. Халықтың мұндай жүйеден саяси жалығуының шаршауының дәрежесі немесе
халықтың шектеулі және бақылаудағы жұмылдыруының дәрежесі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет