Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. (1 сағат) Жоспары


Лекция № 16 Тақырыбы



бет65/96
Дата05.06.2023
өлшемі389,03 Kb.
#98761
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96
Байланысты:
саясаттану лекциялар

Лекция № 16


Тақырыбы: Саяси процесс және саяси қызмет.


(1сағат)
Жоспары:
1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы.
2. Саяси процестің құрылысы.
3. Саяси әрекеттер сипаттамасы.
4. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру.
5. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі.
6. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.


Лекцияның мақсаты:


Студенттерге саяси процесс ұғымы, оның мәні, негізгі сипаттамасы, саяси процестің құрылысы, саяси әрекеттер сипаттамасы, саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру,
саяси бағытты анықтау, іске асырудағы саяси институттардың рөлі және Қазақстан Республикасындағы саяси процестер туралы түсінік беру.



Лекция мәтіні:


1. Саяси процесс ұғымы, оның мәні және негізгі сипаттамасы. «Процесс» ұғымы өзіндік бағыты бар белгілі бір қозғалысты; жағдайдың, сатының, эволюцияның сабақтастықпен өзгеруі; қандай да бір нәтижеге қажетті сабақтастық әрекеттер жиынтығын білдіреді. Ал, «саяси процесс» ұғымы қоғамның саяси өмірінің динамикасын, он уақыт пен кеңестікте өзгеруін, бейнелейді. Қысқаша айтқанда, бұл саяси жүйенің әрекет етуін, өзгеруін, байта құрылыуы мен әрекет етуін қамтамасыз етуші әрекеттер жиынтығы.
Саяси процесс өз көлемі жағынан бүкіл саяси саламен сәйкес келеді, дегенмен кейбір ғалымдар (Р. Доуз) он саясатпен немесе билік субъектілерінің іс- әрекеттік шаралары жиынтығымен, олардың статусы мен ықпалдарының өзгеруімен байланыстырады (Ч. Мэрриам). Институттық тұрғының жақтауылары саяси процесті билік институттарының трансформациялануымен , әрекетімен байланыстырады (С. Хантингтон) . Д. Стон саяси процесті саяси жүйенің қоршаған ортаның ықпалына реакцияларының жиынтығы деп. түсіндіреді. Р. Дарендорф мунда негізгі назарын топтардың статус тар мен билік ресурстары үшін бәсекелестік динамикасына ауыстырады. Дж. Ман гейм, Р. Рич саяси процесті мемлекеттік институттардың қызметінің сипатын және он қоғамға ықпалын анықтаушы оқиғалардың күрделі кешені ретінде тұжырымдайды.
Сонымен, саяси процесс саяси құбылыстардың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын, олардың уақыт пен кеңестікте жағдайының нақты өзгеруін ашып көрсетеді.
Саяси процестің қозғаушы күші- саяси процеске қатысушы әлеуметтік- саяси күштердің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болған қарама- қайшылық. Осы субъект- қатысушылар өз әрекеттері арқылы билік қатынасына өзгерістер жүргізеді, ұйымдар құрамына ұсыныстар жасайды, саяси шешімдер қабылдайды, қоғамдық өмірді қалыптық тұрғыда реттейді және өз мүдделерін тарату үшін қолайлы саяси жағдайлар жасауға талпынады. Саяси процестің мәні. “Саяси процесс”түсінігі-интегралды және жалпы тұжырымдаушы категория.Оның кең мағынадағы ұғымы саяси жүйенің барлық элементтерімен түрлі жақтарын, сондай-ақ жүйеден тыс құбылыстарды да қамтып,олардың өзара әрекеттестіктерін, қызмет етуін және дамуын сипаттайды.Саяси процестің сипаты мен нақтылы мазмұны белгілі бір саяси жүйемен (демократиялық немесе демократиялы емес) саяси режимнің ерекшеліктерімен анықталады. Саяси процесс өзгермелі құбылыс,ол саяси жүйеге тәуелді және оның маңызды компоненті, немесе ол оның динамикалық көрінісі болып саналады.
Бүгінгі саяси ғылымда саяси процесс туралы әр түрлі ұғымдар кездеседі.Мысалы ол :
1)кеңістік пен уақытта эволюцияланушы қоғамның саяси жүйенің қызмет ету формасы;
2) құқықтық, экономиаклық, идеологиялық және т.б. Процестерге қарағанда қоғамдық процестің нақтылы типі;
3) белгілі бір көлемдегі нақтылы және түпкі нәтижелерінің көрінісі;
4) саяси жүйені құрастыру;
5) саяси жүйенің нышандары мен компоненттерін ұдайы жасап отыру;
6) саяси басқару шешімдерін қабылдап атқару; 7) саяси жүйенің даму бағыты мен қызмет етуін бақылау.
Ал осы айтылғандарды бір тұжырымдарға келтірсек онда саяси процесті,саяси қатынастардың барлық субьектілерінің саяси жүйені қалыптастыру,өзгерту,қайта құру және оның қызмет етуімен байланысты әрекеттер жиынтығы деп түсіндіруге болады.
“Саяси процесс” ұғымының жалпы мазмұны саяси өмірдің екі аспектісін қамтиды:функционалдық және динамикалық.Функционалдық аспект ол : саяси жүйенің әрекеті және оның өзін-өзі ұдайы өндіру мен сақталуы.Динамиакалық аспект –саяси жүйенің эволюциялануы, реформациялануы,гүлденуі мен тоқырауы.
Шын мәнінде саяси жүйелердің динамикалық жағын сипаттау үшін “саяси даму” термині қолайлы келетін сияқты.Бірақ-та,жалпы саяси өмірдің ағымында қызмет істеп тұрған саяси тәртіпті қолдап отыру бір жағынан, екінші жағынан оның бұзылуы,қайта жасалуымен байланысты процестер бір-бірімен бір тұтастықта болады.Сондықтан олардың тығыз байланыстығы өзара әрекеттестігі саяси өмірдің көлемді тұтас бейнесін ұдайы өндіріп отыратын “саяси процесс” жалпылама категория ретінде саяси қатынастар мен институттардың құрылу және қызмет ету механизмін көптеген саяси субьектілердің өзара әрекет формаларын,саяси жүйені қалыптастыруды,Саяси билікті жүзеге асыру технологиясын т.б. қамтиды.
Саяси ғылымда, саяси процесс туралы түрлі көзқарастар кездеседі.Шын мәнінде олар бір-бірінен алшақ емес.Олардың бар айырмашылығы зерттеушілердің қолданған саяси процестің координаттық жүйесі мен өлшем бірлігінде жатыр.
Сондықтан, зерттеушілер мен талдаушылар әрекеттестігінің негізгі субьектісі ретінде кімді таңдаудың негізінде олардың әрекеттестігінің сипаты қандай,сондай-ақ бұл процестің өлшем негізі ретінде қандай уақыттық бірлікті алуына сүйене отырып,саяси процестің сипаты мен мазмұнына тиесілі қорытынды жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет