Лекция жинағы Шымкент, 023 лекция



Pdf көрінісі
бет41/113
Дата15.12.2023
өлшемі5,68 Mb.
#137931
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Психология тарихы. 2016. Ахметова.А.Қ., Бектұрғанова.С.М.
 
2.
Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова. З.Д.
 
3.
Жалпы психология.2015. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ.Бапаева М., 
Нығыметова Г., Түрікпенов Ж.
 
4.
Психологиялық кеңес беру.2015. М.М.Байбекова, Ж.Н.Жантасова
 
5.
Жалпы психология. 2014. Алдамұратов.Ә.
 
6.
Психология және адам дамуы.2014. Асылханова.М.А.
 
7.
Тұлға психологиясы.2014. Әбеуова.И.Ә.
 
8.
Саяси психология.2016. Имакова.Ғ.О.
 
13 лекция 
Тақырыбы:
Әлеуметтік - психологиялық қақтығыстың түсінігі мен 
құрылымы. 
Жоспар: 
1. Психологиялық қақтығыстардың түрлері. 
2. Біздің өміріміздегі қақтығыстар. 
3. Қақтығыстың кеңістік уақытша шекаралары. 


4. Жанжалдың типтік кезеңдері. 
Ғылыми - әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде 
ғылыми халықаралық термин – 
конфликт 
қазақ тілінде қақтығыс, егесу, 
керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. 
Бұл аталған ұғым, түсініктер оқушыларға білім беру, оқыту, үйрету 
барысында, оларды тұлға ретінде қалыптастыруда, олардың мәдени қарым-
қатынасында, мінез-құлқында жиі көрініс табатыны белгілі.
Оқушылардың даму процесінде, олардың жас және жеке педагог-
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты, олар арасындағы қақтығыс 
және оның басқа түрлерінің келіп шығуы, пайда болуы табиғи нәрсе 
екендігін де ұнытпаған жөн. 
Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты қақтығыстың 
түрлері:

педагогикалық еңбек

қызметтегі қақтығыстар

инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстарды өз 
алдына бөліп жеке қарастыруға да болады. 
Қақтығыс, 
конфликт 
адамдар 
арасындағы 
қарым-қатынас 
психологиясының негізгі бір компоненті болғандықтан сол ұнамсыз 
қатынастың келіп шығу себептері, факторлары, жағдайлары, оның түрлері, 
технологиясы мен механизмі, көріністері, дамуы немесе тежелуі, оларды 
болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерге жан-жақты 
тоқталамыз. Мамандық саламызға сай тұлғааралық қақтығыстар мәселесі 
терең де жан-жақты қамтылады. 
Сондықтан да тәжірибеде әрқандай қақтығыстың объектив-субъектив 
себептер комплексі бар. Олар: 

Адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде материалдық және 
рухани қызығулардың табиғи қақтығысы; 

Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің құқықтық және 
нормативтік қағидаларының, тұрмыстық қайшылықтардың толық 
жете жетілмегендігі; 

Материалдық және рухани байлық, құндылықтардың адамның 
нормаға сай өмір сүруіне тең бөлінбеуінен; 

Республика халқының тұрмыс- тәрізінің әртүрлілігі; 
Ғылыми - педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене 
отырып, қақтығыс (конфлик)тің мынадай түрлерін атауға болады:

тұлғааралық қақтығыстар,

отбасындағы (ерлі-зайыптылар) қақтығыстар,

басшы - бағынушылар арасындағы қақтығыстар,

әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар,

саяси және мемлекетаралық қақтығыстар және т.б. 
Оқытушы - оқушы арасындағы қақтығыстың ерекшеліктері төмендугідей 
көріністе болуы мүмкін: 



Проблемалық ситуация, жағдайларды дұрыс шешу оқытушының 
негізгі міндеті. 

Қақтығыс мүшелерінің статусы (орны) айырықша (оқытушы-оқушы) 
–олардың қақтығыстағы құлқы, өзін ұстауы ерекше; 

Қақтығыстың шешілуінде олардың өмір тәжірибесі әртүрлі 
дәрежеде, деңгейде, сондықтан да жауапкершілік те әр түрлі 
деңгейде болуы қажет; 

Оқиғаның мәні мен себептерін олар түрліше түсінеді, пікірлейді; 

Басқа оқушылардың қақтығыстың куәсі болуы олардың да 
тәрбиесіне әсер етеді; 

Оқытушының маман ретінде қақтығыстағы орны ерекше, сондықтан 
да қақтығыстың шешімін табуды ол өз жауапкершілігіне алуы 
қажет, мүмкіндігінше оны оқушы пайдасына шешуге әрекеттенуі 
керек, өйткені ол оқушы тұлғасын қалыптастырушы; 

Оқытушы қақтығысты шешуде қателікке жол қоятын болса, ол басқа 
қатысушылар үшін жаңа қақтығыс пен проблемалар тудырған 
болады; 

Қақтығысты тиімді шешуден гөрі, оның алдын алған абзал, жеңіл, 
ұтымды. 
Конфликтке ұласатын кез - келген әрекет, әсіресе, қарама-қайшылық 
сол мезетте бірден көрініс бермей, белгілі бір кеңістікте, белгілі бір 
қатысушылармен, белгілі бір уақытта процесс ретінде жалғасады. 
Конфликтінің шекараларын үш аспект арқылы анықтайды:

кеңістік

уақыт

субъектілі. 
Конфликтінің кеңістікті шекарасы - конфликт болып жатырған 
территорияны анықтау. Конфликтінің шекараларын жақсы меңгеру оның 
адекватты түрде шешімін табуға мүмкіндік береді. 
Конфликтінің уақытты шекарасы - конфликтінің жалғасу ұзақтығы, 
басталу мен аяқталу уақыты. 
Субъектілі шекараны конфликт басталған кездегі қатысушылар 
санымен анықтайды. Конфликтіге жаңа қатысушыларды қосу арқылы бұл 
шекараны кеңейту конфликтінің құрылымының күрделенуіне соқтырып, оны 
шешудің басқа жолдарын қарастыруға мәжбүрлейді. Субъектілі шекараның 
өзгеруі, конфликтінің өрбу бағытын мүлде өзгертіп жіберуі мүмкін. 


Мысалы: Конфликт бір ұйымның бөлімшесінде бастық пен жұмысшы 
арасында, жалақының уақытылы берілуі туралы басталды. Белгілі бір 
уақытқа дейін, бұл конфликт туралы басқа бөлімшелерде ешкім естімей, тек 
сол жерде талқыланды. Біраз уақыт өте келе конфликт шешімін таппай, 
жұмысқа кедергі келтіре бастағандықтан, конфликт туралы ақпарат басқа 
бөлімдерге де таралып, бұл процесске басқа бөлімдер мен басшылықтан 
қатысушылар қосылды. Конфликт шекарасының кеңеюі ақыр соңында 
жұмысшылардың жаппай қарсылыққа шығуы мен ұйым басшылығының 
қатысуымен шешім қабыладуға әкеліп соқтырды. 
Конфликтінің мәні, шығу табиғаты, даму механизмдері туралы білім 
конфликтілерді басқару менеджеріне практикалық жұмыс кезінде қажет 
болады. Мұндай бағыттағы білім конфликтіге уақытылы және дұрыс 
диагностика жасауға көмектеседі. Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның 
негізгі ерекшеліктерін айқындап, оның пайда болуына қажетті және 
жеткілікті жағдайларды анықтау керек. 
Конфликтіні дұрыс түсініп, мәні, ерекшеліктері мен функциялары және 
нәтижелері туралы түсінік беруде оның типологизациясы үлкен рөл 
атқарады. Ал, классификациялық сипаттама мен түрлерін анықтау, 
басшылыққа конфликтіні басқаруда адекватты метод қолдануға көмектеседі.
Дау - жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір 
қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам аз пікірін қалай да 
мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді. Дау – 
жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал. 
Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері 
болады. Объективті себептерден болатын дау-жанжал адамдар арасындағы 
аса күрделі, қарама-қайшылық жағдайында туындады. Еңбек жағдайының 
нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбуі – 
осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға 
ұшыратудың басты себептері. Егер адамдар осындай жағдайға тап болса, 
онда олардың көңіл-күйіне ауыз бірлігіне ұйымшылдығына қарамастан дау-
дамай тууы мүмкін. 
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста ынтымақтасу және алауыздық 
ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу дау – жанжалдың басты 
себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз 
бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды. 
Сонымен қоса, ресми көшбасшының өзі де көп жағдайда дөрекі, қызба 
мінез көрсететіндіктен, мұның өзі де келіспеушілік туғызады. 
Дау – жанжалдың мынадай да түрлері бар: 

тікелей – көлбеу; 

іскерлік – жеке адамдар (жеке басына байланысты); 



конструктивтік – деструктивтік. 
Әдетте жанжал төрт сатыға бөлінеді: 

алдынғы жанжалды; 

жанжалды; 

жанжалды шешу сатысы; 

жанжалдан кейінгі жағдай. 
Олардың әрқайсысы кезеңге бөліне алады. Кез келген сатыны немесе 
кезеңді жанжал динамикасының белгілі бір кезеңі ретінде қарастырған жөн. 
Мысалы, бірінші алдыңғы жанжал сатысы екі кезеңге бөлінген болуы 
мүмкін. Бірінші кезең жанжал субъектілерінің күрделі қайшылықтарының 
пайда болуына байланысты тұлғааралық және топтық қатынастар 
жүйесіндегі 
қайшылықтардың 
ушығуымен 
және 
жинақталуымен 
сипатталады. Бұл кезеңді латентті (жасырын) деп қабылдау керек.Екінші 
кезең, әдетте жанжалдасушы жақтарды қозғалысқа, сонымен қатар, олардың 
қарама-қарсы құндылықтар мен мүдделерін жете түсінуге әкелетін күтпеген 
оқиғадан немесе себептен басталады. Нәтижесінде бұл кезеңде жанжал 
жасырыннан ашық түріне айналады және жанжалдық жүріс-тұрыстың әр 
түрлі формасында көрінеді. 
Дау – жанжал ұжым мүшелерінің дербес сапасына да байланысты: 
сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшілік немесе біреудің қайға 
мұңына немқұрайлы қарау, жеке адамдағы творчестволық қабілетінің 
жойылуы.
Кейде жалған дау-жанжал да болуы мүмкін, мұндайда дау-дамай 
туғызатын нақты себептер болмаса да, адамдар арасындағы қарым – 
қатынаста салқын көзқарас байқалады. Бағыныштылардың кез - келген 
әрекеті басшыға ұнамайды, оны аңдып жүргендей көреді немесе 
бағыныштының ойынша басшы оған ешбір себепсіз тиісіп жүргендей 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет