Лекция 5. Телеқатынастық технологиялар
1. Компьютерлік желілер көмегімен ақпарат алмастыру
2. Ауқымды ақпараттық компьютерлік желілер және олардың білім берудегі мүмкіндіктері
1. Жалпы орта білім берудегі қазіргі жүйе және оған кіретін оқу бағыттары оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының білім беруін дамытуға бағытталған артықшылықтары белгіленген көптеген мемлекеттік бағдарламаларында ақпараттық қоғам жағдайында оқу мекемелерінің бітірушілердің кәсіби іс әрекетінің негізгі стержені, сондай-ақ ақпараттық мәдениеттің қажетті компоненттері болып табылатын оқушылардың ақпаратпен және оны өңдеу құралдарымен жұмыс жасаудың жалпы оқу және жалпымәдени дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Өз кезегінде болашақ бітірушілердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ұмтылу оқушылардың телеқатынастар және жаппай ақпараттық құралдар, әртүрлі білімді және шығармашылық жетілуге мүмкіндік беретін телекомуникациялық құралдарды қолдану, ақпараттың шынайылығының бағасын, сыни тұрғыдан ойлаудың дамуын, ақпарат және білімді салыстыра білуін, ақпараттық үдерісті дұрыс ұйымдастыруын, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау және қамтамасыз ету туралы білімді меңгеруіне бағытталған жалпы білім беруге әкеледі.
Телеқатынастық жүйелер жалпы білім беру жүйесінде алдыңғы орында ғана емес, сонымен қатар практика жүзінде қоғам өмірінің барлық аясында негізгі рөл атқарады. Телеқатынастық ақпараттық кеңістіктің даму деңгейіне сәйкес желілік ақпараттық технологиялардың байланысы мен дамуы өз белгісін салуда. Оларды ақпаратты беру технологиялары ретінде қарастыруға болады.
2. Ақпараттандыру - білім беруді жетілдірудің негізгі факторларының бірі. Оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеруде, педагогтар білім берудің қарапайым трансляторы рөлінен бірте-бірте оқушылардың білім, білік, дағдысын меңгеру іс-әрекетін құралы Интернет желісінде жарияланған білім берудегі ақпараттық ресурсттар болып табылады. Олардың жалпы орта білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын барлық мамандармен нақты, өз уақытымен және оңтайлы қолданылуы оқушыларды дайындаудың тиімділігіне әсер етеді.
Компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауды толығымен қарастырайық.
Ақпараттық - қатынастық технологиялар құралдары жалпы орта білім беру мекемесі жұмысына келесілерді еңгізеді:
- оқу - әдістемелік материалдарды, рефераттарды және мәліметтерді дайындау үшін интернет желісінің оқу және ғылыми сайттарында орналасқан ақпаратты қолдану;
- интернет желісінде оқу мекемелерін ұйымдастыру;
- интернет желісінде мектеп пәндерінің мазмұнына және орналасуына байланысты сайтты құру
- оқытушылар мен оқушылардың жеке Web - сайттарын орналастыру.
Интернет желісіндегі көптеген ақпараттық ресурстар гипермедиа принципі бойынша ұйымдастырылып Web-беттері ретінде көрсетілген.
Web- бет - бұл бүтіндей файлдар тобынан тұратын жеткілікті түрдегі күрделі құжат.
Бір беттің көлемінде барлық қажетті мәліметтерді беру қиын, сондықтан, ақпаратты бір тақырыпқа жалпы стильде безендендірілген және гипермәтіндік сілтемелермен байланыстырылған бірнеше он немесе жүздеген Web- беттен тұратын жиынтық түрінде қарастыруға болады. Мұндай жиынтық Web сайт немесе Web - түйін деп аталады.
Әрбір Web-сайттың бастапқы немесе үйге арналған деп аталатын старттық беті бар.
Қарапайым Web-түйін сұратылған құжатты клиенттің сұранысымен ғана жібереді. Өңделген ақпаратты клиенттің тіркелуі мен жазылуы жағдайында өздігінен беруге мүмкіндік беретін Web түйіндер бар.
Көптеген Web- сайттар және Web-беттер WWW-серверлер жиынтығында сондай-ақ арнайы программалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлерде сақталады.
Желіге қосылған қолданушылар Web беттерден Web-браузерлер деп аталатын бүкіләлемдік тор программа-клиент көмегімен ақпаратты алады және қарай алады.
Браузер бетін құру үшін компьютерлік желіге қажетті құжат сақталған Web
Web - сервермен сұраныс жіберіледі. Сұранысқа жауап ретіне сервер қажетті Web-бетті қарау программасын немесе егер ол бірнеше себептерге байланысты кіру мүмкіндігі болмаса бас тартатындығы жөнінде мәлімет жібереді. Клиент-сервердің өзара әрекеті арнайы ереже бойынша орындалады, немесе басқаша айтқанда, колданбалы сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |